1.118 Стандарт
Нәжісті копрологияға зерттеу.
Мақсаты: нәжістің микроскопиялық, макроскопиялық, химиялық құрамын
зерттеу, асқорыту трактісінің функциялық жағдайы.
Көрсеткіші: асқорыту мүшелерінің аурулары
Әзірле: құрғақ таза шыны ыдыс ( пенициллин флаконындай 20-50мл), шыны қалақша, судно, жолдама қағазы ( бөлімше, № палатаның, Ф.И.О пациенттің, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), перчатка
Жасау әдісі:
1. пациентке шараның мақсатын алдын-ала түсіндіру
2. зерттеудің алдында 3 күн бұрын құрамында темір бар
тағамдарды диетадан алып тастау: ет, балық, жұмыртқа, жасыл
түсті жемістер. Зеріттеуге нәжіс 4-ші күні алынады.
3. қажет болған жағдайда мөлшерленген,анықталған тағамдар
диета Шмидта, Повзнер тағайындалады, нәжісті зерттеуге 5күн
қалғанда. Нәжіс 6-шы күні алынады.
4. пациентке нәжіс тәңертең зерттеу күні алынатынын түсіндіру.
5. пациентті нәжісті зерттеуге алу техникасын үйрету:
- пациент нәжіс алардың алдында перчатка киеді
- суднодан пациент қалақшамен 5-10г нәжісті әртүрлі жерден
алып дайындалған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
6. пациент перчаткасын шешіп, қолын жуып, құрғатады
7. нәжіс салынған ыдысты жолдама мен клиникалық лабораторияға
жеткізу.
Ескерту:
тағайындалады мөлшерленген,анықталған тағамдар
клизма қойылғаннан, свеча және слабительных средств қабылдағаннан
кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
1.119 Стандарт
Достарыңызбен бөлісу: |