1.109 Стандарт
Зәрді Нечипоренка әдісімен жинап алу.
Мақсаты: диагностикалық: зәрден цилиндр, лейкоцит, эритроциттер санын
анықтау.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайыны, (бүйрек ауруларында)
Дайында: құрғақ таза шыны ыдыс 50-100 мл, жолдама қағаз ( бөлімше, №
палатаның, Ф.И.О пациенттің, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің
қолы)
Жасау әдісі:
1. пациентке зерттеудің мақсатын, зәрді жинау ретін түсіндіру
2. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде), перчатка
кию.
3. пациенттің жыныс мүшесін шаю (алдыңғы жақтан артқа қарай)
4. пациент бірінші бөлігін «1», «2» санда унитазға жібереді, зәр
шығаруды тоқтатады.
5. дайындалған ыдысқа «ортаңғы бөлікті» мөлшері 50мл
жинайды.
6. жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға жібер
7. перчатканы шешіп, қолды жуу, құрғату
Ескерту: зәрді зерттеуге тәуліктің әр кезінде жүргізіледі.
Нечипоренка тәсілі – осы тәсіл обьективті анықтайды цилиндр, лейкоцит, эритроциттер санын. Жасырынды түрде өтетін ауру формаларын нефрит, пилонефрит.
Формалық элементтің қалыпты жағдайы:
Лейкоцит – 1мл – 4000-ға дейін
Эритроцит – 1мл -1000-ға дейін
Цилиндр - болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |