1.3 Стандарт
« Қолды гигиеналық деңгеймен жуу »
Мақсаты: транзиторлы микрофлораны жою, АІИ- қауіпсіздігімен пациент пен медициналық қызметкерлерді қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: иньекциялардың, кататиризация алдында
Қарсы көрсеткіштері: қолда жара, тері аурулары, ірің болса жасалмайды.
Керекті құрал жабдықтар: қолға арналған антисептика
Алгоритм әдісі:
Деконтаминация (жоғарыдағы стандартқа қарау) – 6 тәсілді
қолдану 30сек жуылады
2. құрғату
3. алақанға антисептикалық дәрмекті алып теріге 30 сек сіңіру
- алақан алақанмен
- сыртқы жақ
- саусақ аралығы
- замок
- үлкен бас бармақ
- шымшылау
4.антисептик теріде кебу керек
Диеталар сипаттамасы.
№ 1a диета – асқазан, ұлтабар жарасында, ішек-қарыннан қан кеткен де, асқазан өткір қабынғанда беріледі 8-10 күнде. Асқазан сөлінің секрециясын қоздыратын заттар берілмейді. Тамақты сұйық немесе қоймалжың түрде береді. Ондай тамақтарға: сүт, қаймақ, ірімшік, кисель, буға пісірілген омлет жатады. Тамақтану режимі әрбір 2-3сағ. сайын шағын порциямен тамақтану, түнге қарай сүт немесе кілегей ішу.
№ 1б диета – беріледі ішкі іріңді жара ауруларының асқынуы басылған кезде.
Мақсаты – химиялық тітіркендіргіштерді болдырмай, механикалық тітіркендіргіштерді шектей отырып асқазан мен ұлтабарды сақтау. Тағамды ұнтақтап пісірілген немесе буланған күйде береді.
Берілетін тағамдар: сүт, қаймақ, манный немесе күріш ботқасы, қатқан ақ нан, буға піскен котлет. Тамақты қабылдайды 5-6 рет күніне.
№ 1 диета – асқазан, ұлтабар жазылғаннан бастап 2-3 айға дейін науқас осы диетаны сақтау керек.
Қабылдайды: суға, сүтке пісірілген вермишель сорпа, майсыз ет.
Достарыңызбен бөлісу: |