1.78 Стандарт
«Инсулинді енгізу»
Мақсат: қандағы глюкозаны төмендету үшін инсулиннің нақты дозасын енгізу
Көрсеткіштері: кетоацидоза, кома
Кері көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция
Асқыну: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісіктер
Енгізу орны: иықтың сыртқы ортаңғы үстіңгі бөлігі, санның ортаңғы бөлігі,
Іш пердесі, жауырын асты (сирек)
Керекті құралдар: дәрі, инсулин шприці -1мл. (40ЕД.100 ЕД)
мақта тампон, спирт 70º, сыйымдылық дез.еріт,
перчатка, КБУ
Жасау әдісі:
1. пациентке егудің мақсатын және жолын түсіндіру, дәрі туралы
ақпарат беру
2. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
перчатка кию
3. флаконды алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқу
4. флаконнның бүтіндігін тексеру, мөлшеріне назар аудару ЕД
инсулиннің 1мл
5. алақанмен флаконды жайлап шайқаймыз 3-5минут
6. су моншасында t- 36 º-37 ºжылытамыз
7. инсулинді шприцке сорып алу
8. пинцет пен алюминий қақпақтың орта бөлігін ашу
9. мақталы тампонды спиртке малып, резеңке тығындыны
өңдеу, құрғату
10. шприцке берілген дозаны флаконнан жинап алу, қосымша 1-2 ЕД
артығымен алу (толық дозасын енгізу)
11. инеден ауа шығару
12. пациентті отырғызу немесе жатқызу
13. инекция жасайтын аймақты спиртке малынған 2 мақта
тампонмен өңдеу (10х10см), 5х5 см тері құрғақ болуы керек.
14. шприцтің калпачогын ал, сорып алардын алдында ауаны
жіберіп, керекті мөлшерде ауаны жинап алу
15. шприцті оң қолға ұстау
16. сол қолдың 1-2 саусақтарымен теріні жинап алу үшбұрыштап.
17. инені тез қимылмен 45 º бұрышта қиығын жоғары қаратып енгізу
бүкіл ұзындығынан.
18. сол қолмен поршенді итеріп, дәрі жіберу
19. дәріні жайлап енгіземіз
20. құрғақ мақта тампонын басып , инені тез қимылмен шығарып
алу. Перчатканы шешу
21. науқасқа ескерту 30 мин ішінде тамақ ішуін
( гипогликемиялық команың алдын алу)
22. шприцті, мақта тампондарды, перчатканы КБУ-ға тастау
23. қолды жуып, құрғату.
Достарыңызбен бөлісу: |