А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Абсолюттік ылғалдылық, ең жоғарғы ылғалдылық



бет5/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,16 Mb.
#34982
1   2   3   4   5   6

Абсолюттік ылғалдылық, ең жоғарғы ылғалдылық (латынның – сөзсіз, шексіз деген сөзінен шыққан) – белгілі бір ауа көлеміндегі су буының мөлшері.

Автотрофные организмы - өздігінен қоректенетін организмдер (гректің аutos - өзім және trophe – қоректенемін деген сөзінен шыққан) – топырақтағы, судағы, ауадағы бейорганикалық заттармен ғана қоректеніп, олардан өз денесінің барлық органикалық заттарын түзе алатын өсімдіктер мен кейбір бактериялар.

Автохоры - өздігінен таралатын өсімдіктер (гректің өзім қозғаламын деген сөзінен шыққан) – тұқымы, жемісі, спорлары басқа организмдер мен факторлардың көмегінсіз-ақ, өздігінен шашылып таралатын өсімдіктер.

Автохтоны – автохтондар, байырғы организмдер – алғаш пайда болған жерінде тіршілік ететін организмдер.

Адаптация – бейімделу - өсімдіктер мен жануарлардың, олардың дене құрылысы мен тіршілігінің айналадағы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына, географиялық ортаға бейімделуі.



Акватория – су айдыны – теңіз, мұхит, көл, су қоймасы бетінің белгілі бір аймағы.

Акклиматизация – жерсіну – адамның, жануарлар мен өсімдіктердің өздері бұрын тіршілік еткен территориядан басқа жердегі жаңа жағдайларға, климатқа, топыраққа бейімделуі, көндігуі.

Аллохоры - өзгенің көмегімен таралатын өсімдіктер – тұқымы, жемісі, споралары желдің, судың, жануарлар мен адамның әсерінен таралатын өсімдіктер.

Аллювий – үйінді – белгілі бір арнамен ағатын су тасқындарының әрекетінен түзілетін шөгінділер (малтатас, қиыршықтас, құм және т.б.).

Альпийские луга – альпі шалғындары – таулардың альпі белдеуіндегі аласа шөпті шалғын, көбіне астық тұқымдастардан тұратын шымды шалғын, мәңгі қар мен мұздыққа ұштасады. Одан төменіректе субальпі шалғындары кездеседі, ол ормандарға ұласады. Альпі шалғындары тамаша жайлымдар.

Альпийский пояс – альпі белдеуі – таулардағы орман мен субальпі белдеуінен жоғары орналасқан белдеу, жоғарғы жағы мәңгі қар мен мұздыққа ұласады. Альпі өсімдіктері басым, климаты қатаң, ылғалдылығы жоғары, күшті жел соғып тұрады. Альпі мен Батыс Кавказда – 2200 – 3000 м, Гималайдың оңтүстік беткейінде – 3600 – 5000 м биіктікте орналасқан.

Анаэробы – анаэроб организмдер – атмосфералық бос оттегі кездеспейтін ортада ғана тіршілік ете алатын организмдер.

Антропогенный ландшафт – антропогендік ландшафт – адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғи ландшафт.

Аридная растительность – қуаңшылық өсімдіктер – қуаңшылық (аридтік) климатты жерлерде өсетін өсімдіктер. Оларға ксерофиттер, эфемероидтер, эфемерлер жатады.

Ариднный ландшафт – қуаңшылық ландшафт – құрғақ, жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасқан ландшафт. Мысалы, шөл және шөлейт – нағыз қуаңшылық ландшафт болады.

Аэробы – аэроб организмдер – атмосфералық бос оттегі кездесетін ортада ғана тіршілік ете алатын организмдер.

Байрачный лес – сай орманы – (түріктің байрак – сай деген сөзінен шыққан) – Шығыс Евролпа жазығындағы сайлардың бастаулары мен беткейлерінде шоқтанып өсетін орман.

Балка – сай – қар және жаңбыр суының әрекетінен пайда болатын жыра, басқаша айтқанда, жыраның ақырғы сатысы, беткейлері мен үстін шым басқан.

Бархан – шағыл – шөлді жерлерде желдің әрекетінен үйілген ассиметриялы, орақ немесе жарты ай пішінді құм төбе.

Бассейн – алап – (француздың – жасанды су қоймасы деген сөзінен шыққан) гидрологияда - өзен, көл, теңізге су жиналатын алап; геологияда – белгілі бір жыныстардың немесе пайдалы қазбалардың орналасқан алабы.

Бассейн реки - өзен алабы – жалпы су ағындары жеке өзенге немесе су жүйелеріне келіп қосылатын жер бетінің белгілі бір бөлігі.

Бентос – бентос – (гректің терең деген сөзінен шыққан) – топырақта және су қоймасының түбінде тіршілік ететін жануар және өсімдік организмдерінің жиынтығы.

Бессточный бассейн – ағынсыз алап – суы мұхитқа жетпейтін ағынсыз аймақ. Әсіресе шөлді аймақтардағы өзен немесе көл алабы.

Биомасса – биомасса – (гректің – тіршілік және масса леген сөздерінен шыққан) – аудан бірлігіне келетін тірі организмдердің мөлшері. Биомасса былайша бейнеленеді: г/м², кг/га, т/га, г/м³. Өсімдіктер биомассасын фитомасса, жануарлар биомассасын зоомасса деп атайды.

Биосфера – биосфера – (гректің шар және тіршілік деген сөздерінен шыққан) – жер шарындағы тірі организмдер таралған аймақ.

Биоценоз – биоценоз – (гректің тіршілік және жалпы деген сөздерінен шыққан) – белгілі бір аймақта және өзара тиімді қатынаста тіршілік етіп, қоршаған орта жағдайларына бейімделген өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы. Биоценоз фитоценоз бен зооценозға бөлінеді.

Блюдце – көлдеу – жайпақ тұйық ойыс. Топырақтың сілтісінен айырлып, тереңірек жатқан жыныстардың шайылуы нәтижесінде шөгуден пайда болады. Тереңдігі 0,5 – 2 м-ге, ені – ондаған метрге жетеді.

Бор – қарағайлы орман – құмды тасты жерлердегі негізінен қарағай ағашынан тұратын орман, кейде қайың ағашы аралас өскен орман.

Вегетационный период - өсіп-өну кезеңі – (латын тілінде – қозу, жандану деген мағана береді) - өсімдіктердің толық өсіп-дамуына қажетті уақыт.

Влажно – тропический лес – ылғалды тропиктер орманы – негізінен ылғал сүйгіш мәңгі жасыл ағаштардан тұратын ыстық зоналардың орманы.

Влажные субтропики – ылғал субтропиктер – субтропиктік белдеудің жыл бойы ылғалы мол, мәңгі жасыл орманды аудандары.

Водораздел – суайрық - өзендердің су алабын бөліп тұратын, яғни су ағынын түрлі жаққа бағыттайтын қырат.

Водосборный бассейн – су жинау алабы – белгілі бір өзенге немесе өзен торына жер бетіндегі және жер астындағы су құйлатын алап.

Впадина – ойыс – барлық жағынан тұйықталған ойыс жер. Ойыс эрозиялық, эюлдық, карстық, және тектоникалық ойыстар болып бөлінеді.

Высотная поясность – биіктік белдеулігі – теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктің артуына қарай тауларда табиғат жағдайларының өзгеруі. Биіктеген сайын геоморфологиялық, гидрологиялық, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі де өзгеріске ұшырайды.

Галофиты – галофиттер (гректің тұз және өсімдік деген сөзінен шыққан) – тұзды концентрациясы күшті сор топырақта өсетін өсімдіктер.

Гелиофиты – жарық сүйгіш өсімдіктер (гректің Күн және өсімдік деген сөздерінен шыққан) - өсіп жетілуі үшін жарықты көп қажет ететін өсімдіктер.

Гелофиты – батпақ өсімдіктері (гректің батпақ және өсімдік деген сөздерінен шыққан) - өсу бүршіктері топырақтың ішінде орналасатын өсімдіктер, суға қаныққан топырақты жерлерде өседі.

Географическая зона – географиялық зона – құрлықтың немесе Дүниежүзілік мұхиттың ендік бағыттағы табиғи алқабы. Онда температура, атмосфералық қысым, ландшафт түрлері біркелкі болып келеді.

Географическая оболочка – географиялық қабық – литосфераның, атмосфераның және биосфераның өзара жанасатын, бір-біріне ауысатын және өзара әсер ететін күрделі кешен. Географиялық қабық бүкіл гидросфераны, бүкіл биосфераны қамтиды, атмосферада озон қабатына дейін жетеді.

Географическая среда – географиялық орта – адамзат қоғамын қоршап тұрған табиғат, ол қоғамның материалдық өмірінің қажетті және тұрақты жағдайларының бірі болып табылады.

Гигрофилы – ылғалды жердегі организмдер (гректің ылғалды және сүйемін деген сөздерінен шыққан) – ылғалды жағдайларда тіршілік етуге бейімделген жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар.

Гигрофиты – ылғалды жердегі өсімдіктер – (гректің – ылғалды және өсімдік деген сөздерінен шыққан) – аса ылғалды жағдайларда өсетін өсімдіктер.

Гилейный лес – гилея, мәңгі жасыл ылғалды тропик орманы – (гректің – орман деген сөзінен шыққан) – Оңтүстік Американың Амазонка өзені алабындағы орман. Өте қалың әрі бірнеше қабаттан тұратын орман.

Годовой сток – жылдық ағын - өзен ранасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, м³ немесе км³ - мен белгіленеді.

Голосеменные растения – жалаңаш тұқымды өсімдіктер – тұқымды өсімдіктердің үлкен тобы. Ерекшелігі мынады: олардың жемісі жоқ және тұқым арқылы көбейеді.

Гумус – қарашірік – топырақтың ең басты қасиеті – құнарлығын білдіретін органикалық бөлігі.

Деградация почвы – топырақтың тозуы – топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне немесе адамның шаруашылық қызметіне байланысты топырақ қасиетінің біртіндеп нашарлауы.

Делювий – делювий – жауын-шашынның немесе еріген қар суының шаюы нәтижесінде қыраттардың беткейлері мен етегіндегі үгілген тау жыныстарының жиналуы.

Денудация – денудация – тау жыныстарының үгілуі және пайда болған үгінділердің биік жерлерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.

Долина речная - өзен аңғары – жер бетіндегі өзен суы ағып өтетін ирелеңдеген ұзын ойыс. Өзен аңғары ағын судың әрекетінен қалыптасады.

Дубрава – емен орманы – емен және сол секілді ағаштар – жөке, үйеңкі, шегіршіннен тұратын көп қабатты жалпақ жапырақты емен орманы.

Дюна – құм төбе – желдің әсерінен теңіздердің, көлдер мен өзендердің жағасында пайда болатын құм төбе. Құм төбелердің биіктігі кейде 300 м-ге дейін жетеді.

Ельник – шырша орманы – құрамында шырша ағашы басым болып келетін, мәңгі жасыл қылқанды шырша орманы.

Жестколистный лес – қатқыл жапырақты орман – құрамында ксерофитті өсімдіктер басым болып келетін мәңгі жасыл субтропиктік орман. Мәңгі жасыл емен, жабайы зәйтүн, мирта тұқымдастары өсеғтін Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі.

Засоленный почвы – сор топырақ – 1,5 м-ге дейінгі тереңдікте оңай еритін тұздардың мөлшері көп (0,25%- тен астам) болатын топырақ.

Засушливая зона – қуаңшылық зона – климат жағдайларына байланысты қуаңшылық жиі болып тұратын зона.

Злаки – астық тұқымдастар – сабағының биіктігі 1 см-ден 20 м-ге дейін жететін, әдетте шөптесін, кейде ағаш тәрізді (бамбук) дара жарнақты өсімдіктер.

Зона широколмственных лесов – жалпақ жапырақты ормандар зонасы – қоңыржай белдеудің оңтүстігін алып жатқан жалпақ жапырақты ағаштардан тұратын ормандар зонасы. Климаты континентті.

Зона пустынь – шөл зонасы – шөл ландшафтары басым болып келетін географиялық зона.

Зональность географическая – географиялық зоналылық – Жердің географиялық (ландшафтық) қабығының басты заңдылықтарының бірі, ол экватордан полюстерге қарай ландшафтардың ауысып отыруынан және әр түрлі географиялық белдеулердің, географиялық зоналар мен зона тармақтарының таралуынан байқалады.

Зоны лесов – орман зонасы – орман ландшафтары басым болатын географиялық зона.

Зоны лесостепей – орманды дала зонасы – орманды дала ландшафтары басым болып келетін солтүстік қоңыржай және субтропиктік белдеулердің географиялық зонасы.

Зоны полупустынь – шөлейттер зонасы – шөлейт ландшафт басым болып келетін географиялық зона.

Зоны степей – дала зонасы – дала ландшафтары басым болып келетін қоңыржай және субтропиктік белдеулердің географиялық зонасы.

Зоопланктон – зоопланктон (гректің жануар және кезеген деген сөздерінен шыққан) су қоймаларында тіршілік еткенімен, өздігінен едәуір қашыққа қозғала алмайтын организмдер.

Избыточное увлажнение – артық ылғалдану – жауын-шашын мөлшерінің судың булануы мен топыраққа сіңуінен артық болуы.

Инсоляция – инсоляция (латынның күн көзіне қою деген сөзінен шыққан) – жер бетіне түсетін күн радиациясы.

Интрозональность – интрозоналылық (латынның ішкі және белдеу деген сөздерінен шыққан) – белгілі-бір зонаға тән табиғи құбылыстардың, мысалға, топырақтың, өсімдіктердің здеріне тән емес зоналарда кездесуі.

Испарение – булану – жоғарғы температураның әсерінен судың буға айналуы немесе заттың сұйық және қатты күйден газ тәрізді күйге айналуы.

Испарямость – буланғыштық – жергілікті жердегі судың барынша булану мөлшерін сипаттайтын шартты өлшем. Буланғыштық миллиметрмен белгіленеді.

Каштановые почвы – қызғылт топырақ – құрғақ климатты даланың топырағы қызғылт түсті келеді. Қызғыл топырақта қарашірік аз -2 - 5% қана болады.

Кедровник – самырсын орманы – негізінен самырсын ағашынан тұратын мәңгі жасыл қылқанды орман.

Ковыльные степи – ақ селеулі дала – территориясында ақ селеудің көптеген түрлері басым өсетін дала.

Колки – шоқ ормандар – орманды далы өңірінде ағаштың бір түрінен, мысалы, тек қайыңнан тұратын орман телімі.

Коэффициент увлажнения – ылғалдану коэффициенті – белгілі бір кезеңде түсетін жауын-шашын мөлшерінің булану шамасына қатынасы.

Красно-бурая почва – қызыл қоңыр топырақ – тропиктік саванна топырағы. Қарашірігі аз.

Красноземы – қызыл топырақ – ылғалды тропиктік және субтропиктік елдердің құрамында темір мен алюминий көп, қарашірігі аз топырағы, мұндағы ылғал жоғарғы температурамен қоса әсер етеді.

Ксерофилы – қуаңшылықты орта жануарлары (гректің құрғақ және сүйемін деген сөздерінен шыққан) – қуаңшылықты аудандарда тіршілік ететін, құрғақшылыққа бейімделген жануарлар.

Ксерофиты – қуаңшылықты орта өсімдіктері (гректің құрғақ және өсімдік деген сөздерінен шыққан) – аса ыстыққа, ұзақ құрғақшылыққа төзімді құрғақ жерлердің өсімдіктері.

Культурный ландшафт - өңделген ландшафт – адамның шаруашылық мақсаттары үшін табиғи ортаны саналы өзгерту арқылы қолдан жасалған ландшафт.

Ландшафт – ландшафт (немістің Landschaft деген сөзінен шыққан) – жер бетінің табиғи шептермен шектелген шағын телімі, табиғи географиялық кешен, физикалық географияның негізгі ұғымдарының бірі.

Ландшафт географический – географиялық ландшафт – тау жыныстары, топырағы, өсімдіктері және т.с.с. құрамдас компоненттері ұқсас табиғи-территориялық кешен.

Ландшафтные карты – ландшафт карталары – жер бетіндегі табиғи территориялық кешендердің орналасуы бейнеленген карталар.Ландшафтық карталар ауылшаруашылық жерлерінің сапасын есепке алу, архитектуралық-жоспарлау үшін пайдаланылады.

Ландшафтоведение – ландшафттану – географиялық ландшафт туралы, басқаша айтқанда, табиғи территориялық кешендер, олардың құрлымы, өзара байланысы, географиялық компоненттердің өзара әсері туралы ілім.

Ландшафтообразующие факторы – ландшафт түзуші факторлар – ландшафттың қалыптасуына қатысатын факторлар – тектоникалық процестер, климат, су, тау жыныстарының үгілуі, мұз жамылғысы және оның әрекеті.

Лесные полосы – орман алқаптары – ағаштардан бірнеше қатар етіп отырғызылатын орман желегі.

Лесная подстилка - орман төсеніші – жаңадан үзіліп түскен және шіріген жапырақтардан, қылқандардан, бұтақтардан, сондай-ақ жануар қалдықтарынан жиналған қабат.

Лесостепь – орманды дала – орман мен дала арасындағы өтпелі алқап, мұнда орманды телімдер даламен кезектесіп келіп отырады.

Лесотундра – орманды тундра – тундра мен орман зоналарының арасындағы өтпелі алқап. Мұнда орман телімдері ормансыз тундрамен кезектесіп келіп отырады.

Лесотундровая зона – орманды тундра зонасы – тундра мен орман зоналарының арасындағы табиғат зонасы.

Лиман – көлтабан (гректің Limen – қойнау деген сөзінен шыққан) өзеннің, сай-сала мен аңғардың теңіз суы басуынан таяз шығанақтар мен көлшіктерге айналып кеңейген сағасы.

Лиственничный лес – балқарағай орманы – балқарағайдың көптеген түрлері басым өсетін орман түрлерінің бірі.

Ложбина – қолат – ежелгі эрозиялық ойыс, беткейі жатық, тереңдігі бірнеше метрге, ені ондаған, жүздеген метрге дейін жететін, бір бағытта төмендей беретін өзек.

Лощина - өзек – ежелгі эрозиялық ойыс, ені қолаттан кіші, жағасы едәуір биік, әрі тік. Өзек дами келе сайға айналады.

Луг – шалғын – орташа ылғалды жағдайларда жақсы өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Лугово-черноземная почва – шалғынды қара топырақ – жер шарындағы дала және орманды – дала зоналарында таралған қара топырақтүрі. Шіріндіге бай.

Междуречье - өзен аралығы – екі немесе бірнеше өзеннің аралығында орналасқан территория.

Мезорельеф – аралық жер бедері – аумақты және ұсақ жер бедері арасында аралық орын алатын жер бедерінің формасы.

Мезофилы – мезофилдер (гректің орташа, аралық және сүйемін сөздерінен шыққан) – орташа температура жағдайында ойдағыдай өсіп, көбейе алатын организмдер.

Мезофиты – мезофиттер (гректің – орташа, аралық және өсімдік деген сөздерінен шыққан) – ылғалды қажет ету жөнінен ксерофиттер мен гигрофиттердің арасындағы аралық өсімдіктер бірлестігі.

Методы физико-географического районирования – физикалық географиялық аудандастыру әдістері – территориялық бөлімшелерді бөліп, олардың жүйесін картада бейнелеп көрсету әдістері.

Микроклимат – микроклимат – егістік, төбе беткейі, орман шеті, орман алқабы, көл жағасы секілді шағын территорияның климаты, ол көршілес территориялардың климатынан өзгеше болады.

Микрорельеф – шағын жер бедері – биіктіктерінің айырмашылықтары бірнеше метр ғана болатын жер бедері.

Моренный ландшафт – мореналық ландшафт – мұздық дәуірінде мұздық астында болған жер.

Нивальный пояс – мәңгі қар белдеуі (латынның қарлы, суық деген сөзінен шыққан) – таудың қар сызығынан жоғары орналасқан, ал поляр шеңберінде – теңіз деңгейіне дейін төмендеген биіктік белдеуі.

Низменность – ойпат – мұхит деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.

Овраги – жыралар – жер бетінің жауын-шашын мен қар суының бұзу әрекеті салдарынан пайда болған тік қабырғалы ойпаң формасы.

Однолетние растения – біржылдық өсімдіктер - өзінің тіршілік циклін бір өніп-өсу кезеңі ішінде аяқтап үлгеретін өсімдіктер.

Озерные отложения – көл шөгінділері – қазіргі кездегі немесе бұрынғы дәуірдегі көлдердің түбінде ұзақ жылдар бойында жиналған шөгінділер.

Останец – тау жұрнағы – бір кездегі биік жер бедерінің денудация және эрозия процестерінен сау қалған оқшау бөлігі.

Пампа – пампа (испанның pampa деген сөзінен шыққан) – Оңтүстік Американың кейбір елдеріндегі субтропиктік кең дала.

Песчаная пустыня – құмды шөл – бетін құм басқан шөл. Желдің күшімен құмдар бір орыннан екінші орынға көшеді немесе оларды өсімдіктер бекітіп тұрады.

Песчаные бугры – құмды төбешіктер – жартылай көшпелі құмды жерлердегі бұталардың айналасына жұмыр пішінде, ретсіз орналасқан жоталар.

Песчаные гряды – құмды қырқалар – басым желдердің бағытына көлденең дерлік немесе олардың бағытына сай созыла параллель орналасқан құмды қырқалар.

Подзолистая почва – күлгін топырақ – негізінен қоңыржай белдеудегі орман зонасына тән топырақ түрі.

Подзона физико-географическая – физикалық географиялық зона тармағы – белгілі бір ландшафтының басым болуына қарай бөлінетін физикалық географиялық зонаның бір бөлігі.

Подлесок – тапал ағаштар мен бұталар – орман саясында өсетін, негізгі ағаштарды алмастыра алмайтын бұталардың немесе тапал ағаш тектес өсімдіктердің жиынтығы.

Пойма – жайылма - өзен аңғарының су тасыған кезде су басатын бөлігі. Жылма-жыл су басатын жайылманы ойпаң жайылма, ал бірнеше жылда бір рет су басатын түрін - биік жайылма деп атайды.

Полезащитные лесные полосы – егін қорғайтын орман алқаптары – ауылшаруашылық танаптарының шекарасына ені 7,5 – 15 м болатындай етіп отырғызылатын жасыл желек.

Полупустыня – шөлейт – шөл мен дала, саванна мен шөл белдеуі арасындағы өтпелі зона.

Пояса физико-географические – физикалық географиялық белдеулер – географиялық қабықшаның ең ірі бөлімдері.

Природная среда – табиғи орта – адамды қоршап тұратын табиғат жағдайлары мен өлі және тірі табиғаттың алуан түрлі формаларының жиынтығы.

Природные зоны – табиғат зоналары – табиғат жағдайлары – климаты, топырағы, өсімдіктері, жануарлары өзара ұқсас, ендік бағытта созылып жатқан территориялар.

Природные компоненты – табиғат компоненттері – тау жыныстары, жер астындағы және жер бетіндегі су, мұз, ауа, топырақ, өсімдіктер және хайуанаттар дүниесі.

Провинция физико-географическая – физикалық географиялық провинция – бір физикалық географиялық аймақ құрамындағы физикалық географиялық зонаның бір бөлігі, физикалық географиялық аудандастыру бірлігі.

Профиль – қима (француздың кескін деген сөзінен шыққан) – жер бетінің белгілі бір телімінің, жер қыртысының, гидросфераның немесе атмосфераның бір сызық бойындағы тік кесіндісі.

Псаммофиты – псаммофиттер (гректің құм және өсімдіктер деген сөздерінен шыққан) – көшпелі құм бетінде өсуге бейімделген өсімдіктер.

Регион – аймақ – елдің бірнеше обласына немесе экономикалық географиялық жіне басқа ерекшеліктері бойынша біріккен бірнеше елге сай келетін үлен аудан.
Редколесье – селдір орман – ағаштары бір-бірінен қашық өсіп, олардың бөрікбасы өзара жанаспайтын, ағаштары аласа, сирек орман.

Реликт – қалдық (латынның қалдық деген сөзінен шыққан) - өткен дәуірлердің қалдығы ретінде сақталған организм, зат немесе құбылыс.

Реликтовые растения и животные – қалдық өсімдіктер мен жануарлар – қолайсыз жағдайлардың әсерінен азайып, шағын территорияда ғана сақталып қалған өсімдіктер мен жануарлар түрлері.

Роща – тоғай – орманның негізгі алқаптан оқшауланған шағын бөлігі.

Склон – беткей – таудың, төбенің, жотаның көлбеу жағы.

Смешанный лес – аралас орман – жалпақ жапырақты және қылқанды ағаштардан тұратын орман.

Солоди – шақат – қоңыржай белдеудегі орманды дала, дала және шөлейт топырағының бір түрі. Құрамында 1,5 – 8 % қарашірік бар.

Солонцы – сортаң – дала, шөл және шөлейт зоналарындағы топырақ түрі. Құрамында натрий, оңай еритін тұздар бар, қарашірік 0,5 – 9 %.

Солончак – сор – үстіңгі қабаттарында оңай еритін тұздар бар шөл және шөлейт, кейде дала және орманды дала зонасының топырағы.

Соляной купол – тұзды күмбез – жер қойнауындағы іркілген тұздардыңжер бетіне көтерлуі нәтижесінде пайда болған тектоникалық құрлым.

Старица – ескі арна - өзеннің бұрынғы арнасының өзеннен толық немесе ішінара бөлінген телімі.

Степная зона – дала зонасы – солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы географиялық зона. Климаты континентті, жауын-шашыны аз.Жері қара немесе қоңыр топырақты. Негізінен шөп өседі.

Степь – дала –бетін шөптесін өсімдіктер басқан, ормансыз территориялар. Климаты қуаңшылықты, жазы ыстық әрі құрғақ, жылына 450 мм шамасында жауын-шашын түседі. Өсімдіктері бетегелі болса, жануарлары негізінен – кемірушілер.

Субальпийский пояс – субальпі белдеуі – қоңыржай және субтропиктік ендіктердегі тауда орман белдеуі мен альпі белдеуі аралығында орналасқан биіктік белдеу.

Таежная зона – тайга зонасы – Евразия мен Солтүстік Американың солтүстігіндегі қылқан жапырақты ормандар басым қоңыржай белдеудің географиялық зонасы.

Тайга – тайга – қоңыржай белдеу ормандарының солтүстік бөлігінде орналасқан қылқанды орман.

5. Дәріс сабағының конспектісі.

Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе.

Дәрістің жоспары.

1. Ландшафттану пәні туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеті.

Мақсаты: Студенттерді ландшафт пәнінің мақсаты, міндеті және мазмұнымен таныстыру.

1. Ландшафт тану пәні – физикалық географияның бөлімі немесе тарауы болғандықтан зерттеу саласында физикалық географиядан көп өзгешелігі болмайды. Қазіргі кезеңдегі физикалық географияның негізгі идеясы біздің планетамыздың сыртқы сферасын құрайтын географиялық компоненттердің бір-бірімен тығыз байланысын және бір-бірінен ажыратпай қарау болып табылады. Бұл тарихи идея екі бағыттағы түсінікке әкеліп соқтырды, яғни географиялық қабық және табиғи территориялық немесе географиялық кешен.

Географиялық қабық туралы түсінік бұл біртұтас географиялық кешен ірі планетарлық масштабтағы, бұны жалпы физикалық географияның немесе жалпы жер тану пәнінің зерттеу аймағы болып табылады. Ал табиғи территориялық кешен туралы түсінік, яғни дәлірек алатын болсақ жергілікті немесе аймақтық бағыттағы жер табиғатының компоненттерінің байланысын зерттеу ландшафт тану пәнінің зерттеу объектісіне айналды.

Физикалық географиялық пәндер ішіндегі теориялық бағыттағы пәндерге «Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру», «Ландшафттанудың геохимиясы» және «Ландшафттанудың геофизикасы» жатады. Ал ландшафттанудың зерттеу әдістері «Далалық географиялық зерттеу әдістері», «Аэроғарыштық зерттеу әдістері», «Ландшафттанудың зерттеу әдістері және картографиялау», «Физикалық географияның математикалық әдістері» курстарында толық көрсетілген. Ландшафттанудың әдістері және принциптері негізінде практикалық міндеттерді шешуде «Қолданбалы ландшафттану», немесе «Қолданбалы физикалық география», «Мелиоративтік география», «Географиялық болжамдар негізі» т.б. пәндер курсында толық анықталып берілген.

«Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру» курсы қазіргі кезеңдегі ландшафттанудың фундаментальдық теориялық негіздерін кең түрде, зерттеу әдістерін қарастырмай толық ашып көрсетеді. Ал ландшафттанудың геохимиялық және геофизикалық мәселелері тек, қана ландшафттанудың жалпы теориялық проблемаларын көрсетуде ғана қажет болады.

Дәріс 2. Тақырыбы: Ландшафтың аймақтық және аудандық бөлшектері.
Дәрістің жоспары.

1. Жер бетінің ендік бағытта зоналануы және оған әсер ететін негізгі факторлар.

2. Ландшафт зоналар жүйесіндегі азоналдық және секторлар

Мақсаты: Студенттерге жер бетінің ендік бағытта зоналануы және оған әсер ететін негізгі факторлар, азональдық және секторлық бағыттағы зоналану туралы түсініктер беру.

1. Аймақтық бөлшектену бұл эпигеосфераға сыртқы басты екі энергетикалық факторлық қатынастың әсерінен жүреді, бұлар Күннің сәулелік энергиясы және Жердің ішкі энергисяы. Ек» факторда кеңістікте де, уақыт бойынша да біркелкі деңгейде көрінбейді. Эпигеосфераның табиғатында екі факторда негізінен екі жалпы географиялық заңдылықтар анықтайды – бұлар зональдық және азональдық заңдылықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет