А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Қойылатын талаптар саясаты



бет3/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,16 Mb.
#34982
1   2   3   4   5   6

1.7 Қойылатын талаптар саясаты.

Курстың негізгі саясаты оқу процесін жоғарғы деңгейде тиімді қамтамасыз ету және ол барлық студенттер үшін ортақ міндетті болып табылады. Әрбір оқытушы студенттерге өзінің талаптар жүйесін ұсынады.


Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жақсы баға алу үшін үнемі жұмыс жасауды қажет етеді. Курс бойынша бағалану бүкіл семестр бойы жүргізіледі. Ең жоғарғы максимальды баға барлық жоспарланған жұмыстардағы тапсырмаларды дұрыс толық орындаған жағлайда қойылады. Әрбір студен кредит-сағаттар бойынша жинаған балдарының есебін жүргізіп отыруы тиіс (жоғарыдағы көрсетілген бағалау схемасы бойынша).

1. Сабаққа қатысу.

Әрбір студент барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Жіберілген сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген жоспар бойынша толық көлемде орындалып өтелуі тиіс. Курстағы сабақтардың үштен біріне себепсіз қатыспаған студенттер курстағы жоспарланған сабақтарды игере алмаған болып есептеледі де университеттен шығарлады.

2. Студенттердің аудиториядағы мінез-құлқы:

Студеннт сабаққа кешікпеуі тиіс, сабақ кезінде сөйлеуге, газет-журналдар оқуға, ұялы телефонмен сөйлесуге, рұқсатсыз тұрып жүруге, аудиториядан шығуға тиым салынады. Сабақ үстінде ұялы телефонын айырып тастауы тиіс. Оқу процесіне белсене қатысып отыру керек.

3. Үй тапсырмасы:

Үйге берілген тапсырмаларды орындау және оның есебін оқытушымен келісе отырып тапсыру міндетті. Үй тапсырмасының есебін тапсыруға келсілген уақытта себепсіз келмеген студенттерден есеп алынбайды. Осы есептер негізінде бағалау жүргізіледі, бұл бағалар қортынды бағалауға әсер етеді.

4. Жеке тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар барлық студенттерге міндетті түрде беріледі. Олар рефераттар түрінде беріле отырып орындалады және қорғалады. Әрбір тапсырма бөлек бағалана отырып қортынды бағаларға өз әсерін тигізеді.

5. Бақылау жұмысы:

Бұл сабақ кезінде орындалады және сабақ соңында тапсырлады, ал сабақ кезінде үлгере алмағандардан алынбайды. Студенттердің білімін тексеру негізінен тестілік тапсырмаларды орындап шешу болып табылады.

6. Әңгімелесу:

Сабақ тапсыру негізіндегі әңгімелесу әрбір топта бөлек кесте бойынша жүргізіледі, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттердің білімін тексеру тестілік тапсырмаларды орындау мен шешу бағытында жүргізілуі мүмкін.



1.8. Модуль, аралық және қорытынды аттестация бойынша жүргізілетін бақылау сұрақтары.

1.8.1. Модуль бойынша бақылау жұмысының сұрақтары

1 – 7 апталар:
Ландшафттану пәні бойынша “ География “ мамандықтарына

арналған тестік сұрақтар.

Кіріспе.



  1. Ландшафттану пәні қандай географияның бөлімі және зерттеу саласы қандай географияға сәйкес келеді.

  2. Қазіргі кезеңдегі физикалық географияның негізгі идеясы біздің планетамыздың сыртқы сферасын құрайтын географиялық компоненттердің бір-бірімен тығыз байланысын ажыратпай қарау болып табылады. Бұл тарихи идея қандай түсініктерге әкелді.

  3. Ландшафттану нені зерттейді.

  4. Ландшафттанудың методологиялық негіздеріне жатпайтын жауапты ата.

  5. Ландшафтық – геохимиялық зерттеу нені қарастырады.

  6. Ландшафтық – геофизикалық зерттеу нені қарастырады.

  7. Ландшафтық – экологиялық зерттеулер нені қарастырады.

  8. Ландшафтық экология нені зерттейді.

  9. Ландшафттанудағы тарихи тұрғы дегенді қалай түсінесіңдер.

  10. Ландшафттанудағы жүйелік тұрғыдан қарастыру дегенді қалай түсінесіңдер.

  11. Ландшафттану бұл – (дұрыс емес жауапты ата.)

  12. Ландшафттанудың негізгі мәселелеріне не жатады (дұрыс емес жауапты ата).

  13. Ландшафттанудың басты идеясы қандай.

  14. Ландшафттану қандай табиғи кешендерді зерттеумен айналысады.

  15. Ландшафттану географиялық пәндерден басқа қандай Жер туралы ғылымдармен байланыста болады.

  16. Ландшафттану объектілері қандай пәндердің заңдарына сүйенеді.

Ландшафттау тұжырымының қалыптасу тарихы.

  1. Алғашқы жер бетін аудандастырудың қарапайым элементтерін ежелгі географтардың ішінен кімнің еңбектерінен кездестіреміз.

  2. 15 – ғасырдың аяғы 16 – ғасырдың басталған Ұлы географиялық ашулар адамзаттың географиялық ұғымына үлкен төңкеріс жасады, ол қандай ұғым.

  3. Гелиоцентірлік ұғымды ашқан кім.

  4. 17 – ғасырдың бірінші жартысында көптеген бақылауға қажетті құралдар ойлап табылды, ол қандай құралдар.

  5. Ұлы ашулар кезеңінің географиялық жетістіктерінің бірі бұл нидерландық жас ғалым Бернгард Варенияның “ Жалпы география” кітабы шыққан еді, ол қай жылы шықты.

  6. Физикалық географияның дамуындағы үлкен бет-бұрыс қай кезеңнен басталады.

  7. Географияда қай кезеңдерде климатология, океанография, фито – зоогеография құрыла бастады.

  8. 18 – ғасырдың 60-70 жылдарында территорияның табиғатын біртұтастықта зерттеуде және географиялық құбылыстардағы заңдылықтар жөнінде құнды бақылауларды кімдердің еңбектерінен кездестіреміз.

  9. Алғашқы рет жергілікті жердің түрін және орман мен далалық жер бедерімен топыраққа байланысты бөліну заңдылықтарын кім қай жылы анықтап берді.

  10. Н.А. Северцев пен И.Г.Борщов қай жылдары Арал-Каспий өлкесінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  11. Табиғи аудандастырудың жаңа кезеңі қай ғасырдан басталады.

  12. 1851 – жылы алғашқы рет Ресейдің европалық бөлігінің ботаникалық – географиялық аудандастыру жөніндегі еңбегін жариялаған кім.

  13. Қай ғасырда Ресейде ірі күшті географиялық мектептердің бірі Докучаевтің мектебі пайда болды. .

  14. В.В. Докучаев өзінің еңбектерінде қандай ілімді негіздеп берді.

  15. Табиғи орта мен органикалық дүниенің күрделі байланыстарын 1840 жылы шыққан “Орынбор өлкесінің жаратылыстану тарихы” деген еңбектен көреміз. Ол кімнің еңбегі еді?

  16. Ландшафттың алғашқы динамикасы мен эволюциясы туралы ілім жөнінде бағыт берген кім еді.

  17. Ландшафттың морфологиясы туралы идеяны дамытқан кім.

  18. Қолданбалы ландшафттанудың негізін салған кім.

  19. Ландшафтың қазіргі классификациялық бірліктер жүйесінің авторы кім.

Геосистема туралы түсінік.

  1. Геосистеманың басты ерекше қасиеті, оның қандай жағынан көрінеді.

  2. Геосистеманың қызыметі қандай заңдар арқылы жүреді.

  3. Аймақтық және жергілікті деңгейдегі геосистемалар қандай деңгейде зерттеледі.

  4. Жергілікті геосистеманың құрлымына қандай басты процесстер әсер етеді.

  5. 1963 жылы В.Б. Сочава физикалық географияның зерттеу объектілерін қалай атауды ұсынды.

  6. Жергілікті жер, қоныс, фация геосистеманың қандай деңгейіне жатады.

  7. Табиғи территориялық кешендегі системалар арасындағы байланыстар қандай бағытта жүреді.

  8. Геосистема құрлымының кеңістік және уақыттық элементтері оның қандай жақтарын құрайды.

  9. Жеке және типологиялық негізде қандай геосистемалар зерттеледі.

  10. Жергілікті немесе ландшафттың ішкі дифференциясының бөлшектенуі аймақтыққа қарағанда территориялық масштабтық жағынан және бөлшектену факторлары қандай көлемді қамтиды.

  11. Географиялық қабықтан бастап жай элементтердің құрлымдарын қамтитын түсінік қалай аталады.

  12. Географиялық қабық геосистеманың қандай деңгейіне жатады.

  13. Эпигеосфера деген түсінік дәл аударғанда қандай ұғымды береді.

  14. Атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен кездескен жерінде белсенді түрде байланыс және араласу жүреді де, тіршіліктің шоғырланғаны байқалады, ал қортындысында қандай өнімді компонен пайда болады.

  15. Табиғи территориялық кешендегі компоненттер арасындағы байланыстар қандай бағытта жүреді.

51.Системаға белгілі бір сапалық және өзіне тән құбылыс беріп, басқа системалардан

ажырататын өзгеше тұрақтылық жақтарының жиынтығ қалай аталады.



  1. Геосистеманың иерархиялық қатарындағы ең жоғарғы баспалдағы болып қандай бірлік табылады.

  2. Ландшафт геосистеманың иерархияляқ баспалдақтың дәл ортасында орналасады., ол ландшафттан төмен қарай системаның қандай бағытында болады.

  3. Аймақтық деңгейдегі геосистемалар қандай деңгейде зерттеледі.

  4. Төмендегі жауаптардың ішінен табиғи географиялық компоненттерге жатпайтынын атаңдар.

  5. Табиғи географиялық компоненттерді атаңдар.

  6. Географиялық компоненттердің кеңістік-уақыттағы бір-бірімен орналасуында, дамуында бір тұтас система ретінде нені қарауға болады.

  7. Геосистеманың динамикасы бұл оның –

  8. Геосистеманың дамуы дегшеніміз не.

  9. Төмендегі жауаптардың ішінен геосистемаға жатпайтынын атаңдар.

Ландшафтың аймақтық және аудандық бөлшектері.



  1. Аймақтық дифференциация бұл эпигеосфераға сыртқы басты екі энергетикалық факторлық қатынастың әсерінен жүреді, ол қандай факторлар.

  2. Эпигеосфераның табиғатында екі факторды негізінен екі жалпы географиялық заңдылықтар анықтайды, бұл қандай заңдылықтар.

  3. Физикалық географиялық процесстердің, компоненттермен кешендердің экватордан бастап полюстерге қарай заңды түрдегі өзгеруі қалай аталады.

64. Зоналылықтың болуы үшін қандай екі шарт қажет?

65. Жер бедері мен геологиялық фундамент ландшафттык зоналуға өз әсерін тигізбейді, бұлар онын компоненті негізінде болады, ол қалай аталады

66. Ауа массаларының континентальдық мұхиттық циркуляциясы ландшафтық географиялық әсері әр түрлі мұхиттық жағалаудан ұзаған сайын материктің ішіне енген кезде өсімдіктер құрамының, жануарлар дүниесімен топырақ типтерінің заңды ауысуы байқалады, оны қалай атайды.

67. Белгілі-бір биіктіктерге өскен сайын ландшафтық зоналар өзіне тән белгілерін жоймайды, биіктеген сайын ендік бағыттағы ландшафттық зоналардың түрлері кездесіп ландшафтық белдеулер ауысады. Бұл заңдылық қалай аталады?

68. Таулы дала белдеуі тек қана қандай секторда дамыған?

69. Ылғалдану дәрежесі тауға көтерілген сайын өзгереді, бірақ өзінің бағыты мен интенсивтілігі ендік-зональдық бағытқа дәл келе ме?

70. Биіктік белдеудің пайда болуы не себептен?

71.Құрлықта барлық ландшафтталық зонаның шекарасы ылғалдану коэффициенттініңбелгілі–бір мәнімен сәйкес келетінің көрсетіп берді, бұл көрсеткіштер дала зонасында қандай? .

72.Құрлықта барлық ландшафтық зонаның шекарасы ылғалды коэффицентінің белгілі мәнімен сәйкес келетінін көрсетіп берді, бұл көрсеткіштер тайга мен тундра зонасында қандай.

73. Физикалық-географиялық немесе ландшафтық бөлшектенудегі зональдық және секторлық өзнерістерінен кейінгі басты факторлардың бірі теңіз деңгейінен құрлықтың биіктіктеріндегі жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдануы болып табылады, ол осы фактордың ісерінен ландшафтық сфера қандай құрлымға ие болады.

74. Ылғалға тапшылықты көрсететін көрсеткішті қалай атайды.

75. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшерінің жылдық буланушылық шамасына қатынасын көрсететін көрсеткіш қалай аталады.

76. Ылғалдану коэффициенті орманды дала зонасында қаншаға тең болады.

77. Жауын-шашынның зональдық таралуы өзіне тән ритмикаға ие болады, ол қандай бөліктерге бөлнеді.

78. Меридиандық зоналау - терминін алғашқы енгізген кім.

79. Таулы ландшафттарды бөлуде қандай ерекшеліктерді ескереді. Дұрыс емес жауапты ата.

80. Төмендегі жауаптардың ішінен азональдық факторға жатпайтынын атаңдар.

81. Зональдық факторларға жатпайтынын атаңдар.

82. Табиғат зоналарына қатысы жоқ жауапты көрсетіңіз.

83. Азональдық негізге не жатады.



Ландшафт компоненттері және ландшафт қалыптастырушы факторлар.
84. Қазіргі уақытта ландшафт түсінігінің неше түрі қалыптасқан.

85. Н.А. Гвоздецкий және А.Е. Федина ландшафттың қандай түсінігін қолдайды.

86. Н.А. Солнцев және А.Г. Исаченко ландшафттың қандай түсінігін қолдайды.

87. Жеке ландшафт болу үшін ландшафт құралатын территорияда бір текті геологиялық фундамент болуы қажеттігін негізгі жағдай етіп бөліп көрсеткен ғалым.

88. Ландшафтың бір тектілігін көрсететін басты критерияларының бірі қандай қатар?

89. “ Ландшафт” терминін алғашқы енгізген кім.

90. Ландшафттың аймақтық түсінігі қандай.

91. Ландшафтың типологиялық түсінігі қандай.

92. Генетикалық біртұтас геосистема, біртекті зональдық және азональдық белгілері бойынша бір-бірімен байланысы бар өзіне тән жергілікті геосистемалар жиынтығын қалай атайды.

93. Жеке ландшафт болу үшін Н.А. Солнцев қандай негізгі жағдайлардың болу қажеттігін айтты.

94. Ландшафттың азональдық және зональдық бір тектілігі оның элементтерінде көрінеді.

95. Геосистеманың аймақтық және жергілікті деңгейлерінің түйінді қиылысында қандай иерархиялық баспалдақ орналасады.

96. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен географиялық компоненттерді атаңдар.

97. С.П. Хромов климатологиялық бірліктің негізі ретінде ландшафттың климатын алады, ол оны қалай атады.

98. Белгілі-бір географиялық облыстың немесе зонаның оданда жоғары региональдық кешендердің климаты қалай аталады?


  1. Ландшафттың климатын қалай атайды.

  2. Әр түрлі фациялар мен қоныстарға жататын жергілікті климаттар жиынтығы қандай.

  3. Ландшафта органикалық дүние қандай элементтерден тұрады.

  4. Ландшафта жануарлар дүниесі, компонент ретінде толық түрде ашып көрсетіледі ме?

  5. Ландшафттағы топырақ және өсімдіктер шекаралары байқалады ма?

104. Ландшафттық зоналардың төменгі шекарасы, күн сәулесінің энергиясының қызметімен анықталады, ал олардың шекарасы қандай тереңдікке жатады?

  1. В.Б. Сочаваның классификациясы бойынша ландшафтың вертикальды шекарасы қанша.

  2. В.Б. Сочаваның классификациясы бойынша фацияның вертикальды шекарасы қанша биіктікке дейін барады.

107. В.Б. Сочаваның классификациясы бойынша ландшафтқ провинцияның вертикальды шекарасы қанша.

  1. Ландшафттардың вертикальды шекарасы немен шектеседі.



Ландшафт морфологиясы.

  1. Ландшафт морфологисы бұл –

  2. Ландшафт морфологиясы нені зерттейді.

  3. Ландшафттың және жергілікті жердің территориясы ішіндегі заңды түрдегі бөліктері, оның морфологиялық құрлымын көрсетіп зерттейтін бөлімі қалай аталады.

  4. Жер бедері, беткі беттегі жыныстардың литологиялық құрамы, ылғалдануы режимі, бір микроклимат, бір топырақты бөлік және бір биоценоз бір текті сипатта болатын табиғи кешен қалай аталады.

113. Қоныстар фациянын құрамына байланысты әр түрлі, сондықтан олардың күрделілігіне байланысты дұрыс берілмеген категорияны көрсет?

114.Ландшафттың морфологиялық құрлысы көп тармақты, оның ең төменгі баспалдағы не?

115.Бір текті субстраттағы жер бедерінің бір мезаформасында орналасқан, физикалық географиялық процесстердің жалпы бағытта біріккен фациялардың жиынтық системасы қалай аталады?

116. Егерде сайдың әр баурайы және түбі бөлек бір-бір ғана фациядан құралса, ол қандай қоныстың қатарына жатады.

117. Егерде сайдың әр баурайы және түбі екі және оданда көп фациялардан құралса, ол қандай табиғи кешендердің қатарына жатады.

118. Егерде сайдың әр баурайындағы және түбіндегі фациялар жиынтығы қалай аталады.

119. Бір текті субстраттағы жер бедерінің бір мезаформасында орналасқан, физикалық географиялық процесстердің жалпы бағытта біріккен фациялардың жиынтық системасы қалай аталады.

120. Қоныстардан, звенолардан, фациялардан тұратын кеңістік сипатта болатын, белгілі-бір жер бедерінің мезоформасында орналасқан сол ландшафттың шекарасын қамтитын табиғи кешеннің баспалдағы қалай аталады.

121.Ландшафттың морфологиялық бірліктерінің ішіндегі ең ірісі қандай.

122. Топырақ және өсімдік жамылғысы қоныстардың классификациясында анықтаушы факторларға жатпайды, оларды не үшін пайдаланады.

123. Географиялық жергілікті жер бұл –

124. Географиялық қоныс тармағы бұл –

125. Биогеоценозға жатпайтын жауапты көрсетіңдер

126. Ландшафттағы тепе-теңдік жағдайы - бұл

127. Ландшафттың құрлымына жатпайтын жауапты атаңдар

128. Ландшафттың деградациясы бұл ненің нәтижесі (дұрыс емес жауапты ата).

129. Ландшафттағы біртектілік – бұл

130. Ландшафтты мониторингілеуге жатпайтын жауапты атаңдар

131. Доминантты қоныстар дегеніміз не

132. Күрделі қоныс дегеніміз не

133. Парагенетикалық кешендер дегеніміз не?

134. Су айрығында орналасқан қоныстар қандай типтерге жатады.

135. Қоныс жер бедерінің қандай пішіндеріне сәйкес келеді.

қандай пішіндеріне сәйкес келеді

137. Төмендегі жауаптардың ішінен қоныстың белгіларіне жатпайтынын атаңдар.

138. Берілген жауаптардың ішінен қоныс тармағының негізгі белгілеріне жатпайтынын атаңдар.

140. Берілген жауаптардың ішінен фацияның негізгі ерекшеліктеріне жатпайтынын атаңдар.

141. Ландшафттардың шекараларының сызықтық сипаты қандай жағдайда байқалады.

142. Ландшафт шекараларының бірте-бірте өзгеру сипаты қандай жағдайға байланысты


  1. Ландшафттағы өсімдік организмдерінің жиынтығы қалай аталады.

  2. Ландшафттағы басым қоныстар қалай аталады.

145.Ландшафттың қалыпты жағдайды сақтау қабілеттілігі қалай аталады.

  1. Төмендегі жауаптардың ішінен сәйкес келмейтінін атаңдар. .

  2. Геосистеманың өз құрлымын сақтау қабілеті қалай аталады.

  3. Аймақтық ландшафттық кешендердің ерекшелігі қандай.

  4. Ландшафттың тұрақтылығы қандай шараға байланысты

  5. Ландшафттағы қайта орнына келу өзгерісі қандай.

  6. Фацияның негізгі ерекшелігі біртекілігін көрсетіңдер.

Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы.




  1. Ландшафт құрлымы түсінігінің қанша жағы болады.

  2. Алғашқы құрлымдық түсінік негізінен қалай жүреді.

  3. Алғашқы құрлымдық түсініктің дамуы арқасында қандай жағы пайда болады.

  4. Ландшафттың құрлымын түсіну үшін біріншіден оның қандай бөліктерін анықтау қжет.

  5. Ландшафт құрлымы түсінігіндегі басты элементтері қандай .

  6. Геосистемалар мен олардың блоктары арасындағы байланыстар мен белгілеріне қарай отрып қалай жіктеуге болады.

  7. Система қалыптастыруда басты маңыз ретінде қандай ағындар алынады.

  8. Ландшафт звеноларының басты қызметі болып не есептеледі.

  9. Ылғал айналымы және минералдық ауысу біріге отырып нені қамтиды.

  10. Ылғалдың қозғалысы әсерінен қандай процесстер жүреді.

  11. Ағындар қосындысының (жер беті және жер асты) шамасы ретінде қандай көрсеткіш алынады.

  12. Ландшафт ішіндегі ылғал айналымының тұжырымдау көрсеткіші ретінде нені алады.

  13. Ландшафт ішіндегі ылғал айналымдағы негізгісі болып не табылады.

  14. Биологиялық ылғал айналымның басты звеносы бұл –

  15. Транспирация процессі қандай климатты айиақтарда жоғары болады.

  16. Геосистема қызметіндегі басты звеносы қандай.

  17. Биогендік звено қызметінің басты көрсеткіштері бұл –

  18. Биотаның геосистема қызметінде алатын орнын сипсттау үшін негізінен қандай көрсеткіштер алынады.

  19. Биотаның өнімділігі қандай факторлармен анықталады.

  20. Ландшафттағы абиотикалық заттар ағыны қандай күшке бағынышты болады.

  21. Ландшафт қызметіне жатпайтын жауапты атаңдар.

  22. Органикалық массаның бұзылу жылдамдығы қандай жағдайда жүреді.

  23. Өлі органикалық затпен өсімдік органындағы биомасса қоры басты қоректік зат болып табылады, ол биотаның қандай жағдайын қамтамасыз етеді.

  24. Абиотикалық заттардың табиғатта айналымы бола ма?

  25. Гравитациялық ағындар қандай бағытта жүреді.

  26. Табиғи жағдайдағы өсімдік жамылғысының жоғалуы жазықтық жерлерде қандай процесстің дамуына жағдай жасайды.

  27. Ландшафттағы қатты материалдардың жоғалуы, бұл қандай процесстің дамуына жағдай жасайды.

  28. Эолды ағындар көбіне қандай территорияларда кеңінен таралады.

  29. Ландшафттың басты шығындарының бірі ретінде қандай ағындар алынады.

  30. Н.Ф Глазовскийдің есебі бойынша Қазақстан мен Орта Азияның құрғақ аймақтарынан булану мен транспирация жолымен атмосфераға жылына қанша тұз шығарылады

  31. Заттардың ғаламдық балансына метеориттер мен космостық шаңда әсер етеді ол жылын қандай көлемде болады.

  32. Жер бетіне атмосфералық жауын-шашынмен түсетін тұздардың көлемі қандай жағдайға байланысты болады.

  33. Құрлық бетіндегі радиациялық ағындардың қосындысы орташа алғанда жылына қанша болады.

  34. Құлық бетіндегі радиациялық баланс шамамен жылына қанша болады.

  35. Ландшафтың биотикалық қуатына жатпайтын жауапты атаңдар.

  36. Ландшафттың минералдық-ресурстық қуатын атаңдар.

  37. Геосистема жағдайының тәуліктік және жылдық циклдағы ауысуын қалай атайды.

  38. Тәуліктік және маусымдық ритм қандай себептерге байланысты жүреді.

  39. Ішкі ғасырлық және ғасырлық ритм қандай себептерге байланысты жүреді.

  40. Табиғи процесстердің циклдік қызметіне жатпайтын жауапты көрсетіңдер.



Жердің ландшафт сферасы.

191.Ландшафттық классификацияның қандай практикалық мәні бар.

192. Ландшафты классификациялаудың басты құралы ретінде нені пайдаланады?

193.Ландшафтың класымен класс тармағын бөлуде қандай фактор негізге алынады?

194. Ландшафтық классификацида жоғарғы таксономиялық баспалдақ ретінде не алынады.

195. Ландшафтарды классификациялауда негізінен, олардың өзіне тән емес қасиеттерін көрсет.

196. Қоңыржай салқын климатымен және артық ылғалдануымен сипатталады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-700 мм. Бұл қандай ландшафт типтері.

197. Полярлы және поляр маңы ландшафтары қандай зональдық топтарға бөлінеді:

198. Ылғалдану коэффициенті 0,6 – 0,3, жауын-шашын мөлшері 250 – 500 мм, континентальды шығыс европалық шұғыл және шығыс азиялық муссонды қиыр континентальды болып келетін жер бетіндегі қандай ландшафттар типтері.

199. Әрбір ландшафттың басты сипаты бұл –

200. Зоналдық белгілері бойынша барлық ландшафт типтерін қандай бірліктерге біріктіруге болады.

201. Ландшафттардың зональдық ауысуын көрсету үшін қандай бірлікті қолданады.



202. Ландшафт типтерінің номенклатурасы қандай элементтерден құралады.

  1. Ойпатты және төбелі ландшафттар қандай классификациялық бірлікке жатады.

  2. Ландшафттық классификацияның төменгі баспалдағын анықтауда қандай критериялар алынады.

  3. Ландшафттық классификацияның ең төменгі баспалдағы ретінде қандай бірлік алынады.

  4. Таулы ландшафттар класы қандай класс тармақтарына бөлінеді.

  5. Жазықты ландшафттар класы қандай класс тармақтарына бөлінеді.

  6. Ландшафттарды түрлерге біріктіру негізінен қандай түрғыда болады.

  7. Жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, ылғалдану коэффициенті 0,2 – 0,3 ке тең, өсімдік жамылғысы сирек жусанды-астық тұқымдастарынан және ксерофитті бұталы бірлестіктерден тұратын, ал жануарлардан кеміргіштер кездеседі, топырағы ашық-каштанды болып келетін қандай ландшафт типі.

  8. Жауын-шашын мөлшері 200 мм –ден төмен, ылғалдану коэффициенті 0,10 – 0,15 ке тең, жазы ыстық t = 24°-26°, қысы салқындау t= - 10°- 15°, топырағы негізінен дефляция мен эолды аккумуляцияға ұшыраған, өсімдік жамылғысы күшті тапталған негізінен жусан өседі, жануарлары жаз мезгілінде уақытша ұйқыға кетеді. Бұл қандай ландшафт типі.

  9. Ландшафттарды баптап күтуге жатпайтын жауапты атаңдар.

  10. Ландшафттанудағы классификациялық бірліктердің дұрыс кезекпен орналасуын анықтаңдар.

  11. Жер бедерінің сипатына байланысты ландшафттар қандай бірлікке біріктірледі.

  12. Бір текті ендік жағдайында қалыптасқан ландшафттарды қандай бірлікке біріктіреді

  13. Екінші кезектегі зональдық айырмашылықтары бойынша ландшафттарды қандай бірліктерге біріктіреді.

  14. Ландшафттады көптеген басқада белгілері бойынша қандай бірліктерге біріктіреді.

  15. Жер бедерінің екінші кезектегі белгілері бойынша қандай бірлікке біріктіреді.

  16. “Тип – тип тармағы – класс – класс тармағы - .....” бұл нені көрсетеді.

  17. Ландшафт типтеріне жатпайтын жауапты көрсет.

  18. Ландшафттың тип тармағына жатпайтын жауапты атаңдар.

  19. Ландшафтық зонаның негізгі критериялары қандай.

.

  1. Территорияның ландшафттық құрлымына жататын жауапты көрсет.

  2. Ландшафттың классификациялық бірліктеріне жатпайтын жауапты көрсетіңдер.

  3. Ландшафттық картаға жатпайтын жауапты көрсетіңдер.

  4. Ландшафттың жасы бұл –

  5. Ланшафттағы табиғи процесстер режиміне жатпайтын жауапты атаңдар.

  6. Ландшафттық сфера – бұ

  7. Медициналық географиялық карта нені бейнелейді.

  8. Ландшафттың өнімділігін көрсететін жауапты ата.

  9. Материктің континетальды секторында орналасады, ылғалдану коэффициенті 0,6 – 1,0 ге тең, жауын-шашын мөлшері 600 мм – ге жақын, қалың шөптесін өсімдіктерімен және шоқ – шоқ ормандарымен ерекшеленетін ландшафт типі қандай.

Физикалық-географиялық аудандастыру.

231.Физикалық географиялық немесе ландшафттық аудандардың зерттеу объектілеріне не жатады.

232. Бір ландшафттық облыстағы зонаның немесе сектордың бір бөлігі болатын байланыстырушы бірлікті қалай атаймыз.

233. Ландшафт типтерінің ажыратудағы негізгі белгі не?

234. Физикалық-географиялық аймақ азональдық белгілері бойынша қандай таксономиялық бірлікке бөлінеді?

235. География ғылымында кеңінен пайдаланатын территориялық системаларды бір тәртіпке, жүйеге біріктіретін универсальды әдістердің бірін қалай атаймыз.

236. Материктің ірі бөлігі, ауа массаларының континентальды-мұхиттық айналымында өзіндік орны бар және континентальдық, ылғалдану көрсеткіштеріне байланысты ерекшеленетін табиғи процестердің маусымдық ырғақтылығын және ендік сипаттағы зоналарды қалай аталады?

237. Табиғи аудандастыруда объектілердің қандай ерекшеліктері алынады.

238. Азональдық қатардағы аудандастыруды бірнеше таксономиялық баспалдақтарға бөлуге болады. Бірінші қатарда қандай бірлік алуды ұсынады.

239. Аудандастырудың теориялық негізіне жататын жауапты көрсет.

240. Геосистемаларды біртектілік принципі бойынша біріктіру қандай бағытта жүреді

241. Әрбір физикалық-географиялық аймақ тарихи дамудың өнімі, даму кезеңінде әр түрлі аудан құрайтын факторлардың бір-біріне әсері және олардың қатынасы бірнеше рет өзгереді, осыдан барып қандай принциптің қажеттілігі туады.

242. Аудандастыру түрлеріне жатпайтын жауапты атаңдар.

243. Таулы аудандардағы физикалық-географиялық аудандастырудың таксономиялық системалық бірлігіне жатпайтын жауапты атаңдар.

244. Физикалық-географиялық ел белгілеріне қатысы жоқ жауапты ата.

245. Физикалық-географиялық аудандастырудың көп баспалдақтылығы бұл –

246. Аудандастыру әдістемесі дегеніміз, бұл –

247. Аудандастыру теориясына жатпайтын жауапты ата.

248. Ландшафттардың провинциальдығы дегенді қалай түсінесің

249. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен салалық аудандастыруға жатпайтын вариантын көрсетіңдер.

250. Аудандастырудағы генетикалық принципт дегніміз не?

251.Зональдық аудандастырудың бірлігі қандай.

252. Азональдық аудандастырудың бірлігі қандай.

253. Физикалық-географиялық ауданның белгісіне қатысы жоқ жауапты ата.

254. Физикалық-географиялық округтің белгілері.

255. Аудандастырудағы “басты фактор” әдісі.

256. Физикалық-географиялық аудандастыру карталарының мазмұны қандай

257. Аудандастырудың объективтік принципі нені қарастырады.

258. Аймақтық ландшафт кешендеріне жатпайтын жауапты атаңдар.

259. Аймақтық ландшафт кешендері қандай.

260. Аудандастырудағы кешендік принципі:

261. Физикалық-географиялық аудандастыру қандай жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. (Дұрыс емес жауапты көрсет).

262. Алғашқы табиғи аудандастыру схемасы қандай сала бойынша жасалды.

263. Төмендегі бірліктердің орналасу реті қандай құрлымға сәйкес келеді: физикалық-географиялық ел – зон – область – провинция – аудан.

264. Ендік бағытта бір немесе бірнеше материктер территориясын кесіп өтіп белгілі-бір жылу мен ылғалдың қосылысымен сипатталатын табиғат кешендері қалай аталады.

265. Бір физикалық-географиялық елдің ішіндегі зонаның бөлігі қалай аталады.

266. Таулы аудандарда зонаның орнына қандай атауды қолданады.

267. Физикалық-географияның зерттеу объектісі мен негізні бірлігіне не жатады.

268. Физикалық-географиялық елдің белгісіне қатысы жоқ жауапты атаңдар

269. Табиғат зонасының сипатына тән емес жауапты атаңдар.

270. Таулы областар төмендегідей негізгі қасиеттерімен ерекшеленеді. (дұрыс емес жауапты ата).

271. Физикалық-географиялық аудандастырудың бірлігі провинция төмендегідей белгілерге ие болады. (дұрыс емес жауапты ата

272. Ұсақ масштабты аудандастырудағы ең ұсақ табиғи кешен.

273. Орта және ірі масштабты аудандастырудағы ең ұсақ табиғи кешен.

274. Ұсақ масштабты ландшафттық карталарда қандай көрністер бейнеленеді

275. Орта масштабты ландшафтық карталарда қандай көрністер бейнеленеді.

276. Ірі маштабты ландшафттық карталарда қандай көрністер бейнеленеді.

277. Дәлірек ірі масштабтағы ландшафттық карталарда қандай көрністер бейнеленеді.


  1. Морфоструктуралық факторға байланысты қандай бірлікті анықтайды.

  2. Құрлық пен мұхиттың бір-біріне әсері арқасында қандай бірлікті анықтайды.

  3. Европа, Солтүстік Азия (Сибирь), Шығыс Азия, Ішкі Азия, Оңтүстік-Батыс Азия қандай бірлікке жатады.

  4. Макрорельеф пішіндерінің жалпы ұқсастығы (ойпаттар, жазықтар, қыраттар, ірі таулы аймақтар) физикалық-географиялық аудандастырудағы қандай бірліктің негізгі критериясы.

  5. Физикалық-географиялық ел қандай белгідері бойынша физикалық-географиялық облыстарға бөлінеді.

  6. Таулы елдердің бөліктерін қандай ерекшеліктеріне байланысты жақсы байқалады.

  7. Солтүстік Шығыс Сибирь, Шығыс Саян, Тува қазан шұңқыры, Путорана тауы таулы аймақтарда қандай физикалық-географиялық аудандастыру бірлігіне сәйкес келеді.

  8. Кіші-гірім арал түрінде кездесетін жазықтықтар ортасындағы таулы биіктіктер (Хибин таулары,Үлкен және Кіші Балқан таулары) аудандастырудағы қандай бірлікке сәйкес келеді.

  9. Таулы аймақтарды аудандастыруда әдейі қандай таксономиялық категория енгізген.

  10. Таулы ланшафттық облыстағы зонаның немесе сектордың бір бөлігі болатын байланыстырушы бірлік ретінде қандай бірлікті алады.

288. Барлық таулы белдеулер системасын қамтитын бірлікке бөледі, ол

қандай бірлік.



  1. Ландшафттық болжау бұл –

  2. Ландшафттық байланыстарға жатпайтын жауапты ата.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет