А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Ендік зоналану (географиялық, ландшафтық) -



бет6/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,16 Mb.
#34982
1   2   3   4   5   6

Ендік зоналану (географиялық, ландшафтық) - дегеніміз фмзикалық-географиялық процесстердің, компоненттер мен кешенденрдің экватордан бастап полюстерге қарай заңды түрде өзгеруін айтады.

Жер шар тәріздес болғандықтан оған түсетін Күн радиациясының мөлшеріде әр түрлі болады. Күн сәулесінің түсу бұрышы төмендеген сайын жылулық әсері кемиді. Мысалға, экватор бойына тік бұрыш жасап түсетін болса, ал полюстерде түсу бұрышы өте төмен болады.

Сонымен қатар, Жердің тәуліктік айналысы ауа массаларын солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқытуы арқасында зональдық схемаға қосымша қиындықтар туғызады.

Ендік бағыттағы жылудың тең бағытта таралмауы себебінен ауа массаларының зональдылығы, атмосфераның айналымы және ылғал айналымы да тең бағытта жүрмейді. Жердің тең бағытта қызбауы негізінде беткі төсеніштегі булану әсерінен жергілікті жерге тән ауа массалары әр түрлі температуралық қасиетте ылғал ұстауы, қысымы өзгеше болып келеді. Ауа массаларының негізгі төрт зональдық типке бөледі: экваторлық (жылы және ылғалды), тропиктік (жылы және құрғақ), бореальдық немесе қоңыржай ендіктегі ауа массалары (салқын және ылғалды) және арктикалық, ал оңтүстік жарты шарда антарктикалық (салқын және салыстырмалы құрғақ).

Жер бетінің біркелкі тең бағытта қызбауы әсерінен ауа массаларындағы әр түрлі қысымнан тропосферада термодинамикалық тепе-теңдікті бұзады да, ауа массаларын қозғалысқа түсіреді.

Атмосфераның циркуляциялық зональдылығы ылғал айналым мен ылғалдану зоналарымен тығыз байланыста болады. Бұл жауын-шашынның таралуына үлкен септігін тигізеді. Жауын-шашынның зоналарда таралуы өзіне тән ритмикаға ие болады: үш максимум (бастысы – экваторда, ал қалған екеуі қосымша қоңыржай ендіктерде) және төрт минимум (полярлық және тропиктік ендіктерде).

Жауын-шашын мөлшері табиғи процесстерді және ландшафтың ылғалдануын, ылғалмен қамтамасыз етуін анықтай алмайды. Дала зонасында жылына 500 мм жауын-шашын түсетін болса оны жеткіліксіз дейміз, ал тундра зонасында 400 мм түссе ылғалдану артық мөлшерде болады. Ылғалға тапшылықты көрсететін көрсеткішті буланушылық деп атайды. Буланушылық теориялық шама.

Сонымен қатар, жылдық түснтін жауын-шашын мөлшерінің жылдық буланушылық шамасына қатынасын көрсететін көрсеткішті климаттық ылғалдану деп атайды. Бұл терминді алғаш рет 1905 жылы Г.И. Высоцкий енгізген болатын. Содан кейін климатолог Н.Н.Иванов осы қатынастың изосызығын тұрғызды оны ылғалдану коэффициенті деп атады. Құрлықта барлық ландшафтық зонаның шекарасы ылғалдану коэффициентінің белгілі-бір мәнімен сәйкес келетінін көрсетіп берді, бұл көрсеткіштер тайга мен тундра зонасында ол 1- ден жоғары, орманды далада 1,0 – 0,6, далада 0,6 – 0,3, шөлейтте 0,3 – 0,12, ал шөл зонасында 0,12 – ден төмен болады.

Климаттық зоналар басқа да, географиялық көрністерде де өзінің әсерін береді – ол гидрологиялық режимінде, ағын процесінде, грунт суларының түзілуінде, олардың батпақтануында, жер қыртысының және топырақтың үгілуге ұшырауында, органикалық дүниенің және химиялық элементтерінің көшуіне әсер етеді.

Органикалық дүниеде географиялық зоналар жақсы байқалады. Негізінен ландшафтық зоналар өсімдік типтеріне байланысты анықталған болатын. Сонымен қатар, зоналарды анықтауда топырақтың зоналары ерекше орын алады, міне осы топырақты зоналау арқасында В.В.Докучаев табиғат зоналарын анықтаудағы заңдылықтарды ашқан болатын.

2. Жердің тектоникалық даму кезеңінде жер беті дифференцияцияланып бөлшектенуі, ол тек зональдық бағытпен сипатталып қоймайды, сонымен қатар азональдық заңдылықтармен де көрінеді, оның негізіне Жердің ішкі қабатындағы энергиясы әсерінен болады.

Территорияның алып жатқан орны атмосфераның континентальдық – мұхиттық циркуляцияның системасына байланысты физикалық-географиялық бөлшектенудің негізгі факторы болады. Мұхиттан ұзап материктің ішіне енген сайын теңіздік ауа массаларының қайталануы азая түседі де, климаттың континентальдығы арта түседі, жауын-шашын мөлшері азаяды.

Ауа массаларының континентальдық-мұхиттық циркуляциясы ландшафтық географиялық әсері түрліше болады. Мұхиттық жағалаудан ұзап материктің ішіне енген сайын өсімдіктер құрамының, жануарлар дүниесінің, топырақ типтерінің заңды түрдегі ауысуы байқалады. Бұндай көрністі 1921 жылы В.Л.Комаров меридиандық зоналану деп атады. Қазіргі кезеңде оны секторлық деген терминмен ауыстырды. Секторлық, зональдылық сияқты жалпы географиялық заңдылық. Бұлардың арасында көптеген ұқсастықтар кездеседі. Бірақ, табиғи құбылыстардың ендік-зональдық ауысуында басты рольді жылумен қамтамасыз етілуі және ылғалдануы, ал секторлықта басты фактор ылғалдану болып табылады.

Жоғарыдағы зональдық пен секторлық арасындағы қатынастар жөнінде айтылғандарды қортындылай келе жер бетінде бір емес, бірнеше ландшафтық зоналар системасы бар екендігін айтуға болады. Зоналар системасы бұл ландшафтық зоналардың үздіксіз қатары белгілі бір құрлықтық бойлық секторына жатады. Бұлар континентальды және мұхит маңы қатарларына айырлады. Континентальдық әр белдеулердегі шөл, шөлейт және дала зоналары. Ал мұхит маңы қатарына әр ендіктердегі ормандар зонасы жатады.



Дәріс 3. Тақырыбы: Жергілікті деңгейдегі ландшафттар және геожүйелер.
Дәрістің жоспары.

1. Ландшафт туралы түсінік.

2. Ландшафт компоненттері және ландшафт түзуші факторлер.

Мақсаты: Студенттерге ландшафт туралы, олардың компоненттері және түзуші факторлары туралы түсініктер беру.

1. Географиялық қабықтың территориялық құрлымының күрделілігі жөнінде және олардың ішкі құрлымындағы әр түрлі деңгейдегі дамуы жөнінде көптеген мәліметтердің жинақталуы табиғи территориялық кешендер системасын белгілі бір жинақтап жүйеге келтіруді талап етуі, ландшафт туралы түсінікті де біркелкі жинақтап реттеді. Өткен ғасырдың 30- шы жылдарындағы енгізілген ландшафт термині екі бағыттағы түсінікке әкелді, олар аймақты (региональдық) немесе жеке (индвидуальдық) және типологиялық бағыттар. Типологиялық бағыт бойынша, ландшафт, бұл территорияның өзіне тән дәл бағыттағы телімі емес, ол «тип» немесе олардың әр территориялардағы кейбір жалпы типтегі қасиетінің жиынтығы, негізінен тармақталған түсінік.

Ландшафтың типтік түсінігінде дәл географиялық шындыққа орын берілмеуі мүмкін, сонымен қатар шын күйіндегі табиғи территорияларлардың бірліктері жөнінде де түсініктер ала алмаймыз, олар ғылыми тұжырымдау және салыстыру негізінде типті шығарады. Бұдан басқа типологиялық түсінікте геосистеманың иерархиясын есепке алмай, оларды бөлек-бөлек типтерге бөледі. Ландшафтық типологиялық бағыттағы түсінігін қолдайтындар Н.А.Гвоздецкий, А.Е.Федина және т.б.

Аймақтық (региональдық) немесе жеке бағыттағы ландшафтық түсінік терминологиялық түсінік жағынан типологиялық түсінікке қарағанда ыңғайлы болып келеді. Бұл түсінік бойынша ландшафт біріншіден, белгілі-бір дәл территориялық бірлік, екіншіден, қарапайым географиялық бірліктерден тұратын күрделі геосистема, үшіншіден, ландшафт геосистеманың иерархиялық негізін құрайды.

Бұл түсінікті алғашқысында Л.С.Берг (оның соңғы жұмыстарында) одан кейін Л.Г.Раменский негіздеп берді және Н.А.Солшцев оны әрі қарай дамытты, сонымен қатар, А.А.Григорьев, В.Б.Сочава, С.В.Колесник және басқада ғалымдар өз жұмыстарында дамыта түсті.

Ландшафттың анықтамасына тоқталатын болсақ, ол генетикалық біртұтас геосистема, біртекті зональдық және азональдық белгілері бойынша және бір-бірімен байланысы бар өзіне тән жергілікті геосистемалар жиынтығымен анықталады. Ландшафтың анықтамасы қосымша диогностикалық белгілері немесе жағдайларымен қоса жүргізіледі.

Жеке ландшафт болу үшін Н.А.Солнцев мынандай негізгі жағдайлар болу керектігін айтады:

1). Ландшафт құрылатын территорияда біртекті геологиялық фундамент болуы шарт.

2). Фундамент пайда болғаннан кейін ландшафтың даму тарихы барлық кеңістікте бірдей болуы шарт (мысалға, егерде бір телімде мұз басу процесі жүрген болса, ал екіншісінде болмаған жағдайда, егерде біреуінде теңіз трангрессиясы жүрген, екіншісінде жүрмеген жағдайда) бұндай телімдерді бір ландшафтқа біріктіруге болмайды.

3). Ландшафтың барлық кеңістігінде климат жағдайы бір текті болуы қажет. Ландшафт ішінде тек қана мекендер және фациялар микроклиматы бойынша өзгереді.

Н.А. Солнцевтің анықтамасында төмендегідей жағдайларды атап көрсеткен, ландшафт жергілікті табиғи территориялық кешендердің заңды түрде құралған системасы, бұл негізгісі болады. Екінші жағынан, кез келген ландшафт бір уақытта күрделі аймақтық бірліктері және элнменті болады, оны географиялық қабықтың және жоғарғы құрлымдық бөліктерінің дамуы және бөлшектену негізінде қарастыру қажет.

Соңғы кезеңдерде пайда болған ландшафтың үшінші түсінігі бұл жалпылама түсінік, бұл тұсінікте ландшафттың көлеміне, алып жатқан орнына қарамастан жалпылама негізде түсінік береді. Мысалға, өзеннің жайылмасы немесе кішігірім ойыс, төбешік ландшафт болып есептеледі. Бұл түсінікті қолдайтындар Ф.Н.Мильков, В.И.Прокаев т.б.

2. Ландшафт географиялық қабыққа кіретін бөлек жеке геосфераның компоненттерінен тұрады. Әрбір компонент эпигеосферадағы заттардың ерекше құрлымы. Геосистеманың кез-келген компоненті күрделі дене. Егерде сұйық күйіндегі компонентін алатын болсақ бұл күрделі қосындылар арқасында, су басқада компоненттермен байланыса отрып табиғи жағдайдағы күйде болады. Ауа компоненті, атмосфера –су булары мен қатты бөліктерден тұратын бұл күрделі субстанция. Литосфераның қатты заты – ландшафтқа кіретін алғашқы тау жыныстары болып табылады.

Ландшафтың бір текті фундаменті қатпарлы құрлымның негізімен байланысты, яғни шұңғымалары, биіктіктері және әр типтегі құрлымдары. Бірақ, бұл байланыс қосымша сипатта болады, соның ішінде ежелгі платформаларда, қатпарлы негіз терең шөгінді жыныс қабаты астында қалады. Сонымен қатар, петрографиялық құрамы жер бетіндегі тау жыныстары, олардың орналасу жағдайы, қазіргі кезеңдегі тектоникалық қозғалыстар ландшафтың қатты фундаментінің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Ландшафтың қатты фундаментін кең түрде қарастыратын болсақ, оған геологиялық құрлысымен тығыз байланыстағы жер бетінің бедері де кіреді.Жер бедерінің де өзінің территориялық әр түрлі градациялық тәртібі болады. Олар мегерельеф, макрорельеф, мезорельеф және микрорельеф. Ландшафт бөлек жеке морфоструктурада жатады және бір уақытта өзіне тән морфоскульптурамен сипатталады.

Ландшафтың заттай күйіндегі компоненті ретінде тропосфераның кейбір бөліктерін алуымызға болады, бірақ ландшафтың ауа ортасының шекарасы өте тез өзгеріске ұшырап отырады. Ландшафтың атмосферадағы көптеген процестерімен, олардың белгілі бір қасиеттерінің жиынтығы алынады, оны климат деп атайды.

С.П.Хромов климатологиялық бірліктің негізі ретінде ландшафтың климатын алады, ол оны жай климат деп атады. Табиғи мекеннің климатын жергілікті бағыттағы ландшафт климатын жергілікті климат, ал фацияның климатын микроклимат деп алды. Макроклимат деген бұл белгілі-бір географиялық облыстың немесе зонаның оданда жоғары аймақтық кешендердің жиынтығын айтады.

Ландшафтың климаты жөніндегі толық түсінік, екі құрамнан тұрады:

1). Климаттың жалпы аймақтық қасиеті, ландшафтың географиялық орнын аймақтық бөлшектенудегі негізін фонды немесе басты климат құрайды.

2). Әр түрлі фациялар мен мекендерге жататын жергілікті климаттар жиынтығы, яғни мезоклиматтар.

Ландшафта гидросфера әр түрлі пішінде және әрқашанда айналыста болады, бір жағдайдан, екінші жағдайға ауысып отырады. В.И.Вернадский табиғи суларды, өзіне тән минерал ретінде қарастыра отырып физикалық жағдайына байланысты, олардың классификациясын жасады, газ жағдайында, сұйық, қатты су, тұздылығына байланысты (тұщы, ащы, өте ащы), судың тұрған орнына байланысты (көл, өзен, батпақ т.б. сулар) және химиялық құрамындағы еріген заттарға байланысты.

Әрбір ландшафта заңды түрдегі сулардың жиынтығы болады, олар ағын сулар, көл, батпақ, грунт сулары және олардың қасиеті, режимі айналымдағы белсенділігі, минералдану дәрежесі, химиялық құрамы және т.б., - ландшафтың ішкі құрлымына, зональдық және азональдық жағдайына, компоненттердің құрамына және морфологиялық бөлімдеріне байланысты бөлінеді.

Ландшафта органикалық дүние күрделі кешенді биоценоздан тұрады. Бір ландшафта әр түрлі өсімдік типтеріне жататын бірлестіктері кездеседі. Ал бір өсімдіктер түзілісі немесе ассоциациясы әр түрлі ландшафттарда кездесуі мүмкін. Сондықтан әрбір ландшафт заңды түрдегі әр түрлі өсімдіктер бірлестіктері, өздерінің өмір сүру ортасына байланысты, яғни мекендер мен фациялар бойынша сипаттауға болады.

6. Лабораториялық сабақтың әдістемелік материалдары.

Лабораториялық жұмыс – № 1

Тақырыбы: Ландшафтық түсініктер

Сабақтың мақсаты. Суденттерді ландшафтық түсініктер мен терминдермен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Ландшафтық түсініктер сөздігін құрастыру және оны талдау. Түрлі сөздіктер мен анықтамалық көздерді пайдалана отрып құрастыру.



Әдебиеттер:

1. Охрана ландшафтов. Толковый словарь. Москва, 1982. 272 бет.

2. Құрманов Қ. Физикалық географиялық терминдері мен ұғымдарының орысша-қазақша анықтамалық сөздігі.
Лабораториялық жұмыс – № 2

Тақырыбы: Геожүйелер деңгейлері және оның иерархиялық құрлымы.

Сабақтың мақсаты. Суденттерге геожүйелердің деңгейлері және олардың иерархиялық құрлымы туралы мағұлмат беру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Әдеби көздерді пайдалана отырып геосистемалардың деңгейлерінің анықтамасын жазу және схемасын түсіру.



Әдебиеттер: 1. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Москва, 1991. 10 - 19 беттер

2. Юренков Г. И. Основные проблемы физической географии и ландшафтоведения. Москва, 1982. 88 – 93 беттер


Лабораториялық жұмыс – 3

Тақырыбы: Ландшафт және оның морфологиялық құрлымы.

Сабақтың мақсаты. Суденттерді ландшафттардың морфологиялық құрлымымен таныстыру және оларды далалық жағдайда анықтауға дағдыландыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Түрлі ландшафтық карталарды және қималарды талдай отрып ландшафтың таксономиялық бірліктерін анықтау және оларға сипаттама беру.



Әдебиеттер:

1. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Москва, 1991. 10 - 19 беттер

2. Юренков Г. И. Основные проблемы физической географии и ландшафтоведения. Москва, 1982. 88 – 93 беттер.
Лабораториялық жұмыс – 4

Тақырыбы: Ландшафт ілімінің функциональдық–динамикалық жақтары.

Сабақтың мақсаты. Суденттерді ландшафт ілімінің функциональдық-динамикалық жақтарымен таныстыра отырып оның негізгі заңдылықтарын көрсету.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Ландшафт құрлымы түсінігіне анықтама беру.

2. Ландшафтың «функциональдық», «динамикасы» түсініктеріне анықтама беру және ландшафт қызыметінің негізгі көрсеткіштеріне сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Москва, 1991. 163 – 169, 214 - 225 беттер.

2. Абишева З.М., Мазбаев О.Б. Ландшафтоведение с основами рекреационной оценки природных ресурсов.Практикум.Алматы, 2001.10-бет.
Лабораториялық жұмыс – 5

Тақырыбы: Ландшафт ілімінің функциональдық–динамикалық жақтары.

Сабақтың мақсаты. Суденттерді ландшафт ілімінің функциональдық-динамикалық жақтарын аша отырып оның негізгі көрсеткіштерін талдау.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Ландшафттар қызметінің көрсеткіштерін талдау.



Әдебиеттер:

1. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Москва, 1991. 163 – 169, 214 - 225 беттер.

2. Абишева З.М., Мазбаев О.Б. Ландшафтоведение с основами рекреационной оценки природных ресурсов.Практикум.Алматы, 2001.10-бет
Лабораториялық жұмыс – 6

Тақырыбы: Жер беті ландшафттар типтері.

Сабақтың мақсаты. Суденттерге Жер беті ландшафт типтері туралы түсінік беру және олардың таралу заңдылықтарымен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Дүние жүзінің ландшафт картасы бойынша жер беті ландшафтарының таралу ерекшеліктерін және әр материктер бойынша үлес салмағын анықтау.



Әдебиеттер:

1. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Москва, 1991. 238 - 239 беттер

2. Исаченко А.Г., Шляпников А.А. Ландшафты. Природа мира. Москва, 1989. 10 – 13 беттер.

3. Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению. Москва, 1981.



Лабораториялық жұмыс – 7

Тақырыбы: Физикалық географиялық аудандастыру.

Сабақтың мақсаты. Суденттерді физикалық-географиялық аудандастыру принциптерімен таныстыра отырып белгілі бір территорияның физикалық-географиялық аудандастыру схемасын құрастыруға дағдыландыру..

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Физикалық географиялық аудандастырудың принциптерімен танысу және оларды физикалық-географиялық аудандастырудағы басты ерекшеліктерін анықтау.



Әдебиеттер:

1. Юренков Г. И. Основные проблемы физической географии и ландшафтоведения. Москва, 1982. 73 – 80 беттер.

2. Прокаев В.И. Физико-географическое районирование. Москва,1983.

23- 28 беттер.


Лабораториялық жұмыс – 8

Тақырыбы: Физикалық географиялық аудандастыру.

Сабақтың мақсаты. Суденттерді физикалық-географиялық аудандастыру әдістерімен танысу және оны физикалық-географиялық аудандастыру схемасын құрастыруда пайдалана біліу.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Оқулықтар бойынша физикалық географиялық аудандастырудың әдістерімен танысу және оларды конспектілеу.



Әдебиеттер:

1. Юренков Г. И. Основные проблемы физической географии и ландшафтоведения. Москва, 1982. 81 – 88 беттер.

2. Прокаев В.И. Физико-географическое районирование. Москва,1983.

28- 30 беттер.

3. Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, 1994. 80 – 89 беттер.
Лабораториялық жұмыс – 9

Тақырыбы: Өзен жазықтығы ландшафттары.

Сабақтың мақсаты. Өзен жазықтығы ландшафттарымен танысу және олардың негізгі элементтеріндегі ландшафт бөліктерімен танысу.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Өзен жазықтықтарының генезисі.

2. Өзен жазықтықтарының жас және даму тарихы.

Әдебиеттер:

1. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. Москва, 1990. 202 – 205 беттер.



Лабораториялық жұмыс – 10

Тақырыбы: Жер ландшафт сферасының ғаламдық сипаты және оның негізгі варианттары.

Сабақтың мақсаты. Ландшафт сферасының су түбі вариантымен танысу және оның ерекшеліктерін анықтау.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Ландшафт сферасының су түбі вариантымен таныса отрып, оның негізгі ерекшеліктерін беру.



Әдебиеттер:

1. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. Москва, 1990. 227 – 231 беттер.


Лабораториялық жұмыс – 11.

Тақырыбы: Антропогендік ландшафттар.

Сабақтың мақсаты. Антропогендік ландшафт түрлерімен танысу және олардың негізгі ерекшеліктерін анықтау.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Антропогендік ландшафттар.

2. Ландшафты-техногендік жүйелер.

Әдебиеттер:

1. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. Москва, 1990. 147 – 154 беттер.


Лабораториялық жұмыс – 12

Тақырыбы: Қала ландшафттары.

Сабақтың мақсаты. Студенттерді антроаогендік қала ландшафттарымен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Қала ландшафттары жөнінде түсінікті және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар, классификациясы жөнінде әдеби көздерді пайдалана отырып конспект құрастыру.



Әдебиеттер:

1. Джаналеева К.М. Антропогенное ландшафтоведение. Алматы, 2001. 23-31 беттер.

2. Мильков Ф. Н. Человек и ландшафты. Москва, 1973. 75 – 84 беттер.
Лабораториялық жұмыс – 13

Тақырыбы: Рекреациялық ландшафттар.

Сабақтың мақсаты. Студенттерді антроаогендік рекреациялық ландшафттарымен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Қазақстанның облыстарының әкімшілік картосхемасының негізіне гипсометриялық және геоморфологиялық картасын пайдалана отрып жер бедеріне рекреациялық тұрғыдан баға беру.



Әдебиеттер:

1. Джаналеева К.М. Антропогенное ландшафтоведение. Алматы, 2001. 133-140 беттер.

2. Абишева З.М., Мазбаев О.Б. Ландшафтоведение с основами рекреационной оценки природных ресурсов. Практикум. Алматы, 2001.21-22 беттер.
Лабораториялық жұмыс – 14

Тақырыбы: Қазақстанның әкімшілік облыстары бойынша ландшафтық құрлымын талдау.

Сабақтың мақсаты. Қазақстанның әкімшілік облыстарының ландшафтық құрлымымен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Палетка әдісін пайдалана отырып берілген әкімшілік облыс территориясындағы түрлі ландшафттар ауданының проценттік үлесін есептеу.



Әдебиеттер:

1. Абишева З.М., Мазбаев О.Б. Ландшафтоведение с основами рекреационной оценки природных ресурсов. Практикум. Алматы, 2001. 8 бет.

2. Қазақстанның ландшафтық картасы. Қазақ ССР-інің атласы. Том 1. Москва, 1981.

3. Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, 1994. 90 – 117 беттер.


Лабораториялық жұмыс – 15

Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының ландшафттары.

Сабақтың мақсаты. Студенттерді Батыс Қазақстан облысы территориясының ландшафтық құрлымымен таныстыру.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны.

1. Батыс Қазақстан облысы ландшафттарының әр түрлілігін анықтау және ландшафтық картосхемасын құрастыру.



Әдебиеттер:

1. Петренко А.З. и др. Природно-ресурсный потенциал и проектируемые объекты заповедного фонда Западно-Казахстанской областы. Уральск, 1998. 52 - 61 беттер.



2. Абишева З.М., Мазбаев О.Б. Ландшафтоведение с основами рекреационной оценки природных ресурсов. Практикум. Алматы, 2001. 8 бет.

3. Қазақстанның ландшафтық картасы. Қазақ ССР-інің атласы. Том 1. Москва, 1981.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет