2. Экосфераны биологиялық жолмен басқару. Бірінші биологиялық өнімнің көлемі – бұл органикалық заттардың барлық саны, белгілі бір ауданда, белгілі бір уақыт аралығында фотосинтез процесі барысында түзіледі.
Бірінші биологиялық өнімділік - өсімдіктердің тыныс алуы барысында, органикалық заттардың синтезделуі барысында шығындалады. Жылына құрлықта 130 млрд тонна органикалық зат түзіледі. Әлемдік мұхит 90 млрд тонна органикалық зат құрайды. Дүние жүзі бойынша жалпы бірінші биологиялық өнім 220 млрд тонна органикалық зат құрайды.
Құрлықтың біраз бөлігі фитомассалардан тұрады, ал орманның 87 пайызы фитомассадан тұрады.Тірі организмдердің басым бөлігі құрлықтарда тіршілік етеді. Мұхиттарда құрлықпен салыстырғанда бірінші биологиялық өнімділік 2 есе кем болады. Фотосинтез процесі –жердегі өмір сүру негізі, биологиялық өнім қалпына келетін ресурс. Осы 220 млрд тонна органикалық зат- жылына қалпына келетін негізгі ресурс болып саналады.. Ауыл шаруашылығын, орман ашруашылығын, балық шаруашылығын басқа да халық шаруашылығын бөлімдерін табиғи ресурстармен қамтамасыз ететін қалпына келетін ресурстар.
Сонымен құрлықтағы адамның қарқынды әрекетінен биомассаларды қолдану және ысырап ету жылына 58 млрд тонна немесе бірінші биологиялық өнімділіктің 40 пайызын алады.