Мақсаты: Биосфераның жердегі маңызына тоқалу.
Тірек сөздер: күн системасы, фотосинтез.
1.Биосфераның негізгі ерекшеліктері. Биосфера- жердің тіршілік қабаты дамыған, таралған –жер қабығы. Тіршілк қабаты жердың басқа да жүйелерінде : атмосфер, литосфера, гидросфера қабаттарында да дамыған. Бұл жүйелердің көмегінсіз тіршілік әлемінің дамуы мүмкін емес. Жердегі тіршілік әлемі, Күн системасындағы басқа планеталардан ерекшелендіріп тұрады. Яғни биота, тірі организмдердің жиынтығы экосфераны қалыптастырады. Атмосферада оттегінің болуы, судың ғаламдық айналымы, көмір қышқыл газының өзіндік ролі, осы процестердің барлығы биотаның қарқынды әрекетіне байланысты, яғни бұл жерге ғана тән құбылыс. Оргаикалық заттарды ң пайда болуына негізгі әсер етуші фактор – фотосинтез процесі болып саналады.