Судың ластану мәселесі. Ластануға судың барлық барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге К, Na, Cl, Ca жатады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өкілдері минаралды тыңайтқыштар, улы химикаттар және биогенді элементтер жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтарымен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен су транспортымен ластану үлесі жоғары.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылық судың негізгі ластанушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштарымен, улы химикаттарымен мал шаруашылық кешендерімен шайылған сулармен ластайды.
Қазіргі кең таралып отырған қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын заттардан 50 млн тоннаға дейін мұнай төгіледі.