А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет78/103
Дата05.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#11747
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103
Ақсу – ЖабағылыТалас Алатауының солтүстік – батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу – Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14 маусымындаұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь – Шань таауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтарын, табиғи комплекстерінің даму заңдылығын жан – жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы 30 мың гектар шамасында болса, қазіргі оның алып жатқан жер көлемі – 74416 гектар.
Ақсу – Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төмендегі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі өсетін көрінеді. Соның ішінде, сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас тірегі, тал мен қайың, шеген мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрты сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орман алқаптарын құрайды. Ал, тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 пайызы тиеді.
Жасыл желекке оранған бұл өлке хайуанаттар дүниесіне де өте бай. Мұнда, қанаттылардың 238 түрі, сүт қоректілердің 42 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, қос мекенділердің 2 түріжәне балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Ал, омыртқасыз жануарлар өзінің түр жағынан бай екендігін бірден тенытады. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді. Олардың басқа да жемтігін аңдыған жыртқыштар: барыс немесе ібліс, аю, түлкі, борсықтар да жайлы қоныс тапқан.Әсіресе, аса сиреп кеткен көксуыр, бүркіт, ұлар сияқты аң - құстар өсіп - өнуі үшін қорық өңірі өте қолайлы.
Алматы қорығы – Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы қаламыздан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6 мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдас – тырған жердің көлемі 15 мың ғана гектар алқапты қамтыса, кейінен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты 40 – шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға жетті.
Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың талу бөлігінің алып жатқан жер көлемі 71681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгіаралықты қамтиды. Бұл негізгі бөліктіңбатыс шекарасы сол жағы Талғар өзенінің арнасымен өтсе, солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арнасымен және Есік көлі қазан шұңқырымен шектеледі. Ал шығысында Есік өзенімен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі.
Қорық аймағында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190 – ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 – ға жуық түрі қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды.
Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 300 қабан, мыңға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді.
Алматы қорығында халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және республикалық «Қызыл кітапқа» тіркелгендер – ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, сақалта, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер дүниесінің – Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Остовский қызғалдағы сияқты өкілдері өте сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет