А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет76/103
Дата05.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#11747
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Бақылау сұрақтары

  1. Теңіз суларының ластануы.

  2. Қалдықты аз шығару технологиясының негізгі үш бағыты.

  3. Ресурстар рециркуляцисы.

7 Семинар
Тақырыбы: Табиғатты тиімді пайдалану.
Мақсаты: Табиғатты тиімді пайдаланудағы ерекше қорғалатын обьектілердің маңызы.
Қорықтар бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң – құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы – географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабораториясы» деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу сияқы алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарды тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Шындығында да, кең – байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу – Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барса – келмес» (1939), «Қорғалжын» (1968) және «Марқакөл» (1976), Үстүрт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет