Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақылар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйенің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жие байқалуда.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Бұл өңірде Шарын тау өзенімен оның бойындағы Шарынтауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы,
1 Талдықорған, Жаркент.
1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
2. Қпашағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азауту.
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш ккөлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанда ғана емес Еуразияны да бұрын – сонды болмаған экологиялық апаттың ощағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан Әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.