Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір екі ауыз сөз. Байқоңыр космодромын Ресейге жаға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 млн АҚШ долларын береді. Космодромды жөнеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25 – 40 млн АҚШ долларын жұмсап отырады. Космдромда өнірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгігенген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржылан – дырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5 – уі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космос мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.
Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық аппараттар мен корабльдерін космосқа ұшыру және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми – техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол.