А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет49/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92

МУЗЫКА ЖƏНЕ ПОЭЗИЯ
Сабақта:


  1. Батыс еуропа, орыс композиторларының романстары-мен танысамыз;




  1. Романс жазған композиторлар туралы білеміз;




  1. М.Төлебаевтың «Кестелі орамал» романсын үйренеміз.

Қалай ойлайсың, музыка мен əдебиет арасын-да байланыс бар ма?

– Музыка мен əдебиеттің көркемдік құралдарын салыстыр.

Музыка жəне поэзияның байланысы туралы айтқанда романс жəне əн жанрлары еске түседі.


«Романс» термині, ортағасырлық Испанияда пайда болған, алғашқыда испан тілінде (роман тілінде) əн деген сөзді білдірген. Испанша – Romance. Романс музыкасының əннен айырмашылығы – көңіл күйге көп назар аударыла-ды. Романстың мəні – сүйемелдеуде емес, өлең мен əуеннің мазмұнында болады.

Əдетте, романс камералық музыка болып саналады (бір аспаптың сүйемелдеуінде, көбінесе фортепиано, орында-лады). Романстың өлеңінің өзі əуенді, сазды, нəзік, əсерлі немесе трагедиялық болып келеді. Көптеген еуропалық композиторлар – романстардың авторлары: Ф. Шуберт, Р. Шуман, И. Брамс, Ж. Массне, Ш. Гуно жəне т.б. Орыс романсы жанр ретінде XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты, бұл əлемдік романтизмнің дамуымен (соны-мен қатар орыс əдебиетінде де) тұспа-тұс келді. А.Алябьев, А.Варламов, А.Гурилёв, М.И.Глинка сынды композиторлар орыс романсының қалыптасуында маңызды рөл атқарды.



Глинка 20-дан астам романс пен əн жазды, олардың барлығы дерлік əйгілі болды, бірақ олардың арасында ең танымалы – «Я помню чудное мгновенье» романсы. А.Даргомыжский, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, П.Булахов, С.Рахманинов сынды композиторлар – XIX ғасырдағы романс музыкаларының авторлары.




Г.В.Свиридов жəне Г.Ф.Пономаренко –


  • ғасырдағы ең танымал романстардың авторлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет