Ақ Орда Қазақ хандығының негізі (1-сабақ)



бет4/6
Дата25.12.2021
өлшемі46,35 Kb.
#104846
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 сабақ. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
Емтихан билеттері Стат мод и дер талд
Әбілхайыр хандығы. Әбілхайыр хан сайланған кезде, жасы бар - жоғы он жетіде еді. Оны көптеген далалық тайпалардың басшылары қолдады. Алайда даладағы өзара соғыстар ол билік жүргізген барлық қырық жылдың ішінде де тоқтаған жоқ және Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы бытыраңқы болып қала берді. Әбілхайыр ханға билік үшін басқа шайбанилермен және Жошы ұрпақтарымен күресуге тура келді.

Оңтүстік аймақтарды бағындыру одан да көп күш - жігер жұмсауды талап етті. Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар орналасқан Ақ Орданың оңтүстік бөлігінде Әбілхайыр хан жиырма жыл бойы алға жылжи алмады.



Оқушылар! Экрандағы бейне – баянды көре отырып, мына сұрақтарға назар аударыңыздар. Әбілхайыр хандығы қандай территориялық аумақты иемденді? Әбілхайыр хандығының құлауына не себеп болды?
Моғолстан. Моғолстан XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет. Моғолстан құрамына Жетісу, Қырғызстан мен Шығыс Түркістан (Қашқария) аумағы енді. Мемлекеттің негізін дулат тайпасы иеленген Маңлай - Сүбе аумағы құрады. 1347 жылы дулаттардың өмірі Полатшы шағатайлық Тоғлұқ Темірді таққа отырғызған соң, ол жаңа әулеттің негізін қалады. Моғолстанда көшпелі тұрмыс сақталды. Бұл жерге отырықшылыққа көшкісі келмеген көптеген тайпалар көшіп келді. Осы тайпалардың елеулі бөлігі кейіннен Ұлы жүз қазақтарының, сондай - ақ қырғыздар мен ұйғырлардың құрамына кірді. Моғолстанның саяси тарихы соғыстар мен өзара қырқыстарға толы болды. Мысалы, 1370-1380 жылдары Моғолстан әмір Темірдің шабуылына ұшырады. Моғолстанның басты сыртқы жауы - ойраттар (жоңғарлар) болды. Ойраттар Әбілхайыр ханды Сығанақ түбінде жеңіліске ұшыратты. 1462 жылы Моғолстан Шығыс және Батыс Моғолстанға бөлініп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет