Ақ Орда Қазақ хандығының негізі (1-сабақ)


Қазақ хандығының құрылу себептері



бет5/6
Дата25.12.2021
өлшемі46,35 Kb.
#104846
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 сабақ. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
Емтихан билеттері Стат мод и дер талд
Қазақ хандығының құрылу себептері. XV ғасырдың ортасында қалыптасып келе жатқан қазақ этносының әртүрлі бөліктері үш мемлекетте-Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстанда болды. Қазақ тайпаларын бір мемлекетке біріктіру ісі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді. 1440-1450 жылдары көптеген қазақ ру - тайпалары Қазақстанның оңтүстік бөлігінде – Жәнібек пен Керейдің айналасына топтасты. Бұл жерде осыған дейін Жәнібектің әкесі Барақ ханның күшті билігі болған. Әбілхайыр хан билік үшін Жошы ұрпақтарымен күрес жүргізіп жатқан кезде, Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы тайпаларды мықты тәртiппен басқарды. Жәнібек пен Керейдің билігіндегі қазақ тайпаларына өз билеушілерінің Әбілхайырмен жауласуы оңай тиген жоқ. Өйткені осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның солтүстігіне көше алмады. Өз кезегінде Әбілхайырдың қол астындағы тайпалардың Сырдария бойындағы аудандарсыз қалуы қиыншылықтар тудырды. Қазақ тайпаларының табиғи көші - қон бағыттары бойындағы аумақтарды иеленуге ұмтылуы олардың мемлекет құруға ұмтылысын тудырды. Бұл Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі мен қазақ жерлерін біріктіру үшін күресінің аса маңызды себептерінің бірі болды. Міне осылайша, Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар болды. Алғашқы ханы Керей хан болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет