12 - бап 1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді.
2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады.
З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс.
13 - бап І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
14 - бап І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
17-бап 1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды.
18-бап 1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі.
19 - бап І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
27 - бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті.