4
Келесі «Практикалық грамматика негіздері» атты бөлім қысқаша
теориялық мәліметтерді, бақылау сұрақтарын, оқу мәтіндері мен оларға
берілген
жаттығуларды
қамтиды.
Авторлар
ағылшын
тілі
грамматикасының қысқа әрі біртұтас
көрінісін беруді жөн көрген, ол
одан әрі бөлімдерде қажетті бөліктермен толықтырылады. Сондықтан
бұл жерде грамматика айтарлықтай қысқа етіп баяндалады. Түсінуге
жеңіл грамматикалық тақырыптар бір сабаққа біріктіріліп қаралады, ал
біраз күрделі тақырыптар жеке-жеке қаралады.
Аталмыш бөлімнің атауы грамматиканы үйрену осы жерде тоқтап
қалады дегенді білдірмейді, өйткені келесі бөлімдерде өткен
грамматикалық тақырыптарды қайталауға арналған жаттығулар
қамтылған.
Жаттығулар мен лексикалық материал «жайдан күрделіге»
қағидаты бойынша орналасқан. Әуелі «Жетпей тұрған сөзді қойыңыз,
«Сөйлемдегі
сөздерді
дұрыс
ретімен
қойыңыз»,
«Сөйлемді
ұсынылатын үлгі
бойынша өзгертіңіз, «Ағылшын тіліне аударыңыз»
және т.б. типтегі тапсырмалар беріледі. Студенттердің негізгі сөйлеу
тақырыптары мен грамматика негіздерін үйренуіне қарай «Сұрақтарға
жауап беріңіз», «Мәтінді мазмұндап беріңіз», «Сұрақтар қойыңыз»
және т.б. тапсырмалар қосылады.
«Елтану. Мәдениет» үшінші бөлімінде негізгі міндет сөздік қорды
кеңейту және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру болып
табылады. Сондықтан бұл жерге «… тақырыбына баяндама
дайындаңыз», «Тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз» сияқты және т.б.
тапсырмалар, сондай-ақ студенттен өз білімін нақты бір жағдайда
қолдану қабілетін талап ететін тапсырмалар енгізіледі, мысалы:
«Көрініс қойыңыздар», «Жағдайдан шығатын жол табыңыз» және т.б.
Әрбір тақырыпта алдыңғы бөлімде
зерделенген грамматикалық
құбылыстар қайталанады.
Үш бөлімнің әрқайсысының соңында қорытынды білімді тексеруге
арналған тесттер беріледі.
«Маманның кәсіптік қызметі» атты төртінші бөлімде орта оқу
орнын бітірушілердің болашақ жұмысымен тікелей байланысатын
тақырыптар зерделенеді. Аталмыш бөлімнің мақсаты – кәсіптік
тақырыптарға әңгіме жүргізу машығын қалыптастыру, арнайы
әдебиетті оқу. Бөлім лексикасы мамандыққа қатысты негізгі терминдер
мен ұғымдарды қамтиды. Жоғарыда аталғандардан басқа мұнда
студенттердің қосымша жалпы
ғылыми білімін қажет ететін,
проблемалық сипаттағы тапсырмалар да беріледі. Осы бөлімнің
соңында «Білім. Тәрбие» тақырыбы бойынша көркем әдебиеттегі
мәтіндер де берілген.
«Іскерлік ағылшын тілі» атты бесінші бөлімде студенттердің
алдына «Құжатты аударыңыз», «Шетелдік фирмаға хат жазыңыз»,
«Түйіндеме құрастырыңыз» типіндегі ауқымы тар тапсырмалар
беріледі. Бұл бөлімнің кейбір тапсырмалары мен тақырыптары біраз
факультативтік сипатқа ие және ілгері топтарға арналған.
Кітап жаңа лексика енгізілген әр сабақтық сөздікпен қамтылған.
Сонымен қатар, оқулықтың соңында жалпылама қысқаша ағылшынша-
қазақша сөздік бар. «Іскерлік ағылшын тілі» бөлімі сөздікпен өз
бетінше жұмыс жасау дағдыларын
дамытуды да көздейді, сондықтан
онда әр сабақтық сөздік берілмейді, әйтсе де негізгі терминдер мен
ұғымдар түсіндіріліп, аудармасы беріледі.
Жалпы алғанда, осы курс бағдарламасында фонетиканы үйренуге
12 сағат, грамматика негіздерін үйренуге 60 сағат, «Елтану. Мәдениет»
бөліміне 54 сағат бөлінген, мамандық бойынша тақырыптар шеңберіне
46 сағат, іскерлік ағылшын тіліне 28 сағат арналған, 4 сағат қосымша
қорда қалады.
Барлық бөлімдердің материалы ыңғайлы болу үшін сабақтар
бойынша бөлінген. «Сабақ» ұғымы бұл жерде тақырыптық ұғым болып
табылады, себебі ол «бір сағат» немесе «бір сабақ» дегенді білдірмейді,
ол белгілі бір сұрақтар шеңберін біріктіреді.
Әрбір сабаққа бөлінетін
сағаттардың нақты санын оқытушы білім алушылардың дайындық
дәрежесін ескере отырып белгілей алады.
Курс аяқталғаннан кейін бітіруші кәсіптік бағыттағы мәтіндерді
оқып, аудару үшін қажетті лексикалық (1200 – 1400 лексикалық бірлік)
және грамматикалық минимумды біліп, шет тілінде қарым-қатынас
құрудың қарапайым машықтарын меңгеріп, кәсіптік терминдерді біліп,
негізгі фразеологиялық оралымдарды түсінуі тиіс деп күтіледі.
Авторлар