А. С. Ажидинов «26» наурыз 2021 ж


Стратегиялық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер



бет18/20
Дата08.02.2022
өлшемі130,61 Kb.
#119555
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Стратегический план ЦАИУ

5. Стратегиялық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер

Стратегияны іске асыру нәтижесінде университет қызметі жүйелі түрде қалыптасқан инновациялық және кәсіпкерлік бағытқа ие болады, бұл білім, ғылым, инновация, өндіріс және бизнесті интеграциялау негізінде әлеуметтік-экономикалық ортаның заманауи талаптарына жауап беретін жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді даярлауды қамтамасыз етеді.


Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, бизнес-инкубаторларды, стартап компанияларды дамыту негізінде білім мен технологиялар трансферін кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.
ҒЗЖ жүргізу мен инновацияларды енгізуге ОПҚ-ның белсенділігі мен тартылуы едәуір ұлғайтылады, ғылымның инфрақұрылымы жаңғыртылады, сондай-ақ ұлттық және халықаралық деңгейлерде бизнеспен әріптестік қатынастар айтарлықтай кеңейтіледі.
Жаңа интеграцияланған кәсіпкерлік мәдениетті, ғылыми ұмтылысты, сыни ойлауды, инновацияларды, шығармашылықты, ұжымдық шешім қабылдау мен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс ортасы мен жағдайлары жасалатын болады. Бұл ғылымның экономиканы дамытуға қосқан үлесін ұлғайтуға, университеттің инновациялық және кәсіпкерлік бағыттылығын қалыптастыруға, кәсіпкерлік, инновациялық және ғылыми қызмет нәтижелері бойынша университеттің жалпы табысынан инвестициялық табыс үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ коммерцияландырылған инновациялық жобалар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Университеттің академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен іске асыру шеңберінде тиімді менеджмент пен бизнес-жоспарлау негізінде университетті корпоративтік басқару қағидаттары одан әрі дамитын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет