Сонымен қатар стратегиялық жоспарды іске асырудан келесі нәтижелер күтіледі:
ЖОО құрылымын реформалау және соған байланысты басқару мәдениетін жетілдіру және дамыту;
Білім беру үдерісі мен ғылыми зерттеудің жүйелі мониторингі негізінде университет менеджментін барлық деңгей мен барлық формада тұрақты түрде жақсартып отыру;
Қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере алатын жоғары білікті маман даярлау мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру, инновацияларды пайдалану;
Университеттің және басқа білім беру ұйымдарының профессор- оқытушы құрамы кадрларын даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру, олардың біліктілігін көтеру;
Іргелі және қолданбалы ғылым саласында, оның ішінде педогогикалық цикл пәндері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және оқу үдерісіне осы өзекті зерттеулер нәтижесін енгізу;
Мемлекеттік, қоғамдық және басқа оқу орындарында және өздігінен білім алу үдерісінде педагогтың сана-сезімін іс-әрекетін дамытудағы тәсілдер мен амалдар жиынтығы ретіндегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін құру.