А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологияның маңызы



бет6/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#43038
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологияның маңызы

Дәріс мазмұны:

  1. Психотехнология ұғымы және мәні.

  2. Психотехнологияны әлеуметтік жұмыста қолдану принциптері.

1. Біздің елімізде психотерапияның дамуымен қатарпсихотерапевттік әдістерді жүйелі қолдану жөнінде қажеттіліктер де дамуджа.Олардың әрбіреуі адам психологиясына және де сол психика арқылы оның бүкіл организміне емдеу іс - әрекеттерімен ерекшеленеді.Сондықтан бірлік болмаған жерде жалпы мойындалған жекетұлғалық теорияда , қызметтегі түсіністік заңдылық және осы қызметті бұзуда және қайта қалпына келтіруде қазіргі медицинада әртүрлі психотерапиялық концепциялар болуы мүмкін.

Шетелде психологияның кең көлемде дамуы нәтижесінен үш психотерапиялық бағыт алды:

1.Психоаналитикалық (психодинамикалық, динамикалық) – психологиялық талдау.З.Фрейд және оның ортодоксальды оқушылары; А.Адлердің жекетұлғалық психологиясы;К.Юнгтің аналитикалық психологиясы; К.Хорни және Э.Фромның неофрейдизм теориясы;

2.Бихевиористік (Айзенк, Дж.Уолп және т.б)

3.Экзистенциялдық – гуманистикалық (Роджерстің дерексіз психотерапиясы, гештальт – терапия, Франктің логотерапиясы және т.б)

Бірақ осы көрсетілген барлық бағыттарға бірдей нақты мазмұнмен өзіміздің мақсатымызды қоймаймыз, тек соңғы он жылдықта басты бейне ретінде таралған кейбіреулеріне ғана.Олар қоғам және адам арасындағы нақты қарым – қатынасты әртүрлі сатыларда екі әдістемелік әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктермен сипатталады.

Әрбір психотерапиялық бағыттан жаңа әдістер, формалар, психотерапиялық әдіс – тәсілдер туындап отырады.Бұл көбінесе Скоданың (1979)байқауы бойынша түсіндіріледі.Әрбір атаққұмар психотерапевттің мақсаты психотерапия тарихына жаңа ерекше әдіс – тәсілдрді енгізу арқылы өз үлесін қосу болып табылады.

Психотерапия бойынша Александрович (1979) әлеуметтік елдердегі үшінші Халықаралық симпозиумдағы баяндамаларында психотерапия әдістерін түсіндіруде қолданатын көптеген әртүрлі мағыналарды талдауды қайтадан жасады:

1."техник" мінез – құлқы бар психотерапиялық әдістер (гипноз, релаксация, психогимнастика және т.б)

2.психотерапиялық мақсатты оңтайландыруға қол жеткізуде "жағдайды" анықтаушы (отбасылық психотерапия және т.б)

3.біз псипхотерапиялық процеске кіруде қолданатын "инструмент" мағынасындағы психотерапиялық әдіс (мұндай инструментпен психотерапевт мүмкін жекетұлғалық психотерапия жағдайында немесе топтық психотерапия)

4."интервенцияның " психотерапевттік мағынадағы (араласушылық) , "стил" параметр қарауда (деректі, дерексіз) ,"форма" параметр қарауда (ой – пікір, наным – сенім, түсіндіру және т.б).

Біздің әдебиетіміздегі психотерапия әдістері жүйесіне көңіл аударатын болсақ, әдістерді, әдістемелерді, формаларды қолдану психотерапияда көбінесе кездейсоқ мінез – құлықты алып жүреді.

Біздің елімізде басылған психөотерапия бойынша жұмыс жасау , мұндай жүйе бізде жаңадан жасалмаған болса да, әдістеме тізімінде әдетте жекетұлғалық - бағыт беру (қайта құру) психотерапиясы жетіспейді. Батыс елдерде таралған жекетұлғалық бағыт беру жүйесі әдістемелік жоспарға қарсы қойылса да ,( психоаналитикалық, экзистенциалды – гуманистикалық бағыт және т.б), бірақ практикалық жұмыста кеңінен қолданылады.(В.Н.Мясищев бойынша "патогенетикалық" психотерапия).

Жекетұлғалық бағыт беру психотерапиясы жөнінде айта отырып біз психотерапияны еліміздегі өзіндік жеке адам тұрғысынан қарап емес, психотерапия жүйесіне жекетұлғалық анықталған концепция ретінде сүйенетінімізді айтудамыз.Қарапайым ой-пікір мынадай болуы тиіс: кез – келген психотерапевттік іс - әрекет жекетұлғаны қайта құруы тиіс.Қазіргі уақытта бұл жөніндегі көптеген талаптарға негізгі қарым – қатынас психологиясындағы патогенетикалық психотерапия жүйесі жауап береді. [Мясищев В.Н 1960; Шорохова Е.В 1980; Ломов Б.Ф 1980,1981 және т.б ].

Теоретикалық - әдістемелік жоспарда соңғы он жыл ішінде алынған шетелдерде таратылған Кеңестік психотерапияда қолданылатын кейбір психотерапевттік әдістермен байланысты сұрақтарға көңіл аударылады.Ең бастысы бұл топтық психотерапияға және мінез – құлық психотерапиясына байланысты болып келеді.

Тағы да осы жөнінде орынды тоқталатын болсақ, әртүрлі аурулардағы психотерапияның тақырыбы мен мақсаты (мысалы, невроздарда) табиғатқа және психогенді кейігу механизмдері автордың шығармашылық бағдарлауына байланысты ангықталады. Олардың емделуіне бұрынғы сол бір психотерапевттік тәсілдер қолданылады.

Топтық психотерапия жөнінде айта отырып , мынаны ескерген жөн, психотерапевттік әдіс ретінде ерекшелігі көпбейнелі топтық феномендерді есепке алуда қорытындыланады. Бұнымен ол аурулар тобындағы (гипноз, аутогенді жаттығуларды анықтау және т.б) әрбір психотерапевттік әдіс – тәсілдерімен ерекшеленеді.Топтық феноменді жүргізушілер, психотерапевтті қолданушылар топтық индукция болып табылады.

Белгіленгеннің барлығы және барлық мінез – құлық әдістемелерінің топтары да И.П.Павлов пен В.М.Бехтерев ойларының негізіне қатысты.

Брплық қиындықтарды есепке ала отырып , психотерапия әдістемелерінің топтарымен және олардың шарасыз мінез – құлық жағдайларымен байланысты , үш психотерапиялық бағыт бастамаларына және оларға қолданатын әдістермен төмендегідей сипатталады:

1.Жекетұлғалық бағдар (қайта құрушылық) психотерапия әдістері;

2.Психотерапияның иландыру әдістері;

3.Психотерапияның мінез – құлықтық (шартты рефлекторлы ) әдістері;

Біздің еліміздегі нақты анықталған жекетұлғалық – бағдарлы психотерапия жүйесінде жекетұлғалық және топтық формада қолданылатын "патогенетикалық" (В.Н.Мясищев бойынша) психотерапия болып табылады.Бірінші бастамада клиникада құрылған невроздық патогенетикалық психотерапия алькоголдік және психоздық жекетұлғалық – бағдарлы (қайта құрушылық) психотерапия жүйесін анықтауға негіз болды.Бізден маңызды біраз таралу алған отбасылық психотерапия әдістері қарым – қатынас психологиясына және психотерапияның басты патогенетикалық принциптеріне сүйенеді.

15 дәріс

Тақырыбы: Әлеуметтік жобалау, болжау және модельдеу.

Дәріс мазмұны:


  1. Әлеуметтік жұмыстағы болжау негіздері.

  2. Әлеуметтік жобалау мәні.

  3. Модель және модельдеудің мәні, түрлері және функциялары.

1. Жобалау-бұл әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктрина, жүйелер, тұжырымдамалардың өзара әрекеті негізінде жүзеге асады. Оның проблеманы зерттеудің теориялық, психолого-интиуитивтік және практикалық деңгейлері бар. Болжау үрдістердің жүру барысын, қолданылған практикалық шаралардың дамуының және әлеуметтік нәтижелерінің тенденцияларын алдын-ала көруге мүмкіндік беретін танымның ғылыми жүйелеріне негізделген.

Бұл бағыттағы негізгі ұғымдарға «прогностика», «болжау», «әлеуметтік болжау принциптері», «әлеуметтік тәжірибедегі болжау» т.б. жатады.



Прогностика-болашақты зерттеудің тәсілдері, әдістері туралы, болашақ туралы ойлау жүйесін зерттейтін ғылым.

Болжау-бұл мақсаты талдау пәні ретінде таңдалған үрдістер мен құбылыстардың мүмкін болатын варианттарын алдын-ала көру болып табылатын ғылыми зерттеу әдісі. Болжаудың практикалық мәні зерттелетін облыста (әлеуметтік қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, жастар мәселесі, т.б.) нысаналардың дамуының дұрыс бағыттары негізделген ұсыныстар, жобалар, бағдарламалар, кеңестер мен бағдарламалады дайындау. Болжамдық зерттеудің толық цикліне: теорияда және тәжірибеде проблемалық жағдаяттарды зерттеу; болжамға дейінгі және болжамдық фондық фонды талдау; болжамды ұсыну; зерттеудің әдістерін және тәсілдерін таңдау; болжамды тәжірибелік-эксперименттік тексеруді жүргізу; қорытындылар мен ұсыныстарды жасау.

Әлеуметтік болжау-бұл ортасында адам болып саналатын қоғаммен байланысты, қоғамдық қарым-қатынастармен байланысты мәселелерді болжау.



2. «Әлеуметтік жобвлау» ұғымы 1970 жж. пайда болды. Әлеуметтік болжау күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жетекшілік типтерінің, әдістемелер, жоспарлар, жобалар, бағдарламалар концептуалдық нысаналарын құрудың жалпы принциптері, әдістері, тәсілдері мен ережелері туралы ғылым ретінде, ерекше жосапрлы іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік жобалау нәтижесі – жаңа әлеуметтік үрдістер мен құбылыстардың жоспарлы дамуының ғылыми негізделге варианттарын анықтау.

Әлеуметтік жобалау-шешілетін әлеуметтік мәселелердің масштабына байланысты жіктелуі мүмкін: локальды және стратегиялық жобалау. Локальды жобалау жеке мәселелерге, стратегиялық жобалау базистік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Стратегиялық жобалау ұзақ сипатқа ие болып, қоғам өміріне өзгеріс енгізуі мүмкін.

Әлеуметтік іс-әрекеттің негізгі элементтеріне, маңызды теориялық категорияларына субьект, нысана, әлеуметтік технология, әлеуметтік жобалау әдістері, жобалау шарттары, жоба фоны, жоба кіреді.

Әлеуметтік жобалау субьектісі мақсаты әлеуметтік шындықты мақсатты өзгертуді ұйымдасытру болып табылатын басқару іс-әрекетінің мүшелері, яғни, жеке тұлғалар, еңбек ұжымдары, әлеуметтік институттар.

Әлеуметтік жобалау нысаналары жобалау субьектілерінің ықпалына кіретін жобалау іс-әрекетіне, әлеуметтік байланыс ұйымдары, жобалар, жүйелер.

Жобалау шарты жобалау іс-әрекетіне ықпал ететінәлеуметтік құбылыстар мен үрдістер жүйесі. Жобалау іс-әрекеті компоненттеріне мыналар кіреді: қарым-қатынасы, үрдістер, орта, әрекеттер, заттар, іс-әрекеттер, құралдар т.б.

Жобалау фоны – бұл жобалау нысанасына қатысты, оның қызметіне және дамуына ықпал ететін сыртқы шарттар жиынтығы.


  • жобалау үрдістері бірнеше кезеңнен өтеді:

  • қоғамдық қажеттілік мәнін түсінуден;

  • қажетті ақпаратты жинақтау;

  • талқыланған тұжырымдама негізінде қабылданған шешім.

Әлеуметтік жобалар төмендегі белгілері бойынша жіктеледі:Жоба типі (жіктеу жобада қарастырылған іс-әрекет сферасы негіздері бойыншажіктеледі): техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, аралас.

Жоба кластары (жоба құрамы және құрылымы, оның пәндік облысы бойынша): моножоба, мультижоба, мегажоба.

Мультижоба – моножобалар қатарынан тұратын және моножобалық басқаруды талап ететін кешенді жоба. Мегажоба – аудандар, салалар және басқа да құрылымдарды дамытудың мақсатты бағдарламалары. Оған моно және мультижобалар кіреді.

Жоба түрі (жобаның пәндік облысының сипаты бойынша): инвестициялық, инновациялық, ғылыми-зерттеушілік, оқу-білім берушілік.

Жоба масштабы (жобаның көлемі, қатысушылардың саны және қоршаған ортаға ықпалының деңгейі бойынша): мемлекетаралық, халықаралық, ұлтаралық, регионаралық, регионалдық, салааралық, салалық, корпоративтік, ведомствалық, жеке ұйымның жобасы.

Жобаның ұзақтығы: қысқа мерзімді (3 жылға дейін), орта мерзімді (3-тен 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан ұзақ).

3. Модельдеузерттеудің көпжоспарлы әдісі, танымның бір жолы. Оның негізгі міндеті-бар нысанаға ұқсастық негізінде оның нысанасын өзгертетін нәрсені (модель) жасау. Модель-бұл түпнұсқаның аналогы. Ол оған ұқсағанмен оны дәл қайталамау керек.

Модельдеу мынадай маңызды эвристикалық функцияларды да орындайды: негативтік тенденцияларды анықтайды, альтернативтік варианттарды ұсынады. Модельдер осылайша болжамның құрамды бөлігі болып табылады. Шартты түрде модельдердің бірнеше түрлерін бөлуге болады: 1. танымдық-эвристикалық; 2. болашақтың моделі-прогностикалық; 3. ұмтылыс-тілектің моделі. Бірақ, күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеу олардың барлығын да және олардың негізгі функцияларын қамтиды: эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық. Модельдерге қойылатын талаптарды екі топқа жіктеуге болады. 1. қарапайым, ыңғайлы болуы, жаңа ақпаратты беруі керек. 2. нысананың сипаттамаларын анықтауға және жақсартуға, нысананы басқару және тануға керек бағытталуы.Модель төмендегідей талаптарға сай болуы керек:



  • толықтық, адекваттылық және эволюциялық сапалары болуы керек;

  • өзгермелілердің көп санымен операциялар жасауға мүмкіндік беретін абстрактылы;

  • міндетті шешу уақытына сәйкестік;

  • қоғам дамуының қазіргі деңгейінде жүзеге асырылатындығы;

  • қойылған зерттеу міндеттер жоспрындағы әлеуметтік нысана туралы жаңа пайдалы ақпаратты алуды қамтамасыз етуі;

  • терминологияларды қолдану арқылы құрылуы;

  • шындыққа сәйкестігін тексеру мүмкіндігін ойластыруы.


6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы

Семинарлық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман кәсіби іс-әрекет субьектісі ретінде.


  1. Әлеуметтік жұмыс және оның міндеттері

  2. Әлеуметтік жұмыс бойынша маман профессиограммасы.

  3. Маманның әлеуметтік жұмыс бойынша кәсіби профессиограммасы

1

1-14

2

Әлеуметтік жұмыс деңгейлері.


  1. Әлеуметтік жұмыс деңгейлері.

  2. Әлеуметтік жұмыстың функцияларын анықтаудағы теориялық тұрғылар.




2

1-14

3.

Әлеуметтік қызметтегі клиенттің тұлғалық проблемаларының ерекшеліктері.


  1. Әлеуметік қызметте клиенттің тұлғалық ситуациясының өзгеруі.

  2. Клиент таным нысанасы ретінде.

3

1-14

4.

Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері.

  1. Жұмыссыздық және тұрақты жерінің болмауы.

  2. Отбасындағы дау-жанжал, жалғыздық.

4



1-14

5

Жастармен әлеуметтік жұмыс.


  1. Қазіргі жастардың қоғамдағы орны.

  2. Жастармен әлеуметтік жұмыс мазмұны.

5

1-14

6.

Қарт, жалғыз қалған және мигранттармен әлеуметік жұмыс.


  1. Қарт адамдардың қоғамдағы орнына сипаттама.

  2. Кәрілік кезеңдегі азаматтармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.

  3. Қашқындарға әлеуметтік көмек.




6

1-14

7.

Әлеуметтік жұмыстың медико-әлеуметтік әдістері.


1. Медико-психологиялық әдістер.

2. Санитарлық-гигиеналық әдістер.



7

1-14

8

Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жіктелуі.


  1. Әлеуметтік-психологиялық әдістерді жіктеу негіздері.

  2. Әдіс түрлері.

8

1-14

9

Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдістерге сипаттама.


  1. Әлеуметтік жұмыста нақты педагогикалық әдісті қолдану.

  2. Әлеуметтік жұмыста педагогикалық әдісті қолдану және таңдау шарттары.

9

1-14

10

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік диагностика.


  1. Клиенттің жеке ерекшеліктерін әлеуметтік диагностикалау.

10

1-14

11

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік реабилитация.


  1. Әлеуметтік реабилитация мәні.

2. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде әлеуметтік-орталық бағыттау және әлеуметтік-тұрмыстық адаптацияны өткізу ерекшеліктері.


11

1-14

12

Кәмелеттік жасқа толмағандарға әлеуметтік қамқорлық.


1. Кәмелеттік жасқа толғандарға қамқорлық жасау технологиясы.

12

1-14

13

Әлеуметтік кеңес беруді практикалық іске асыру.


1. Кеңес беру түрлері.

2. Кеңес беру кезеңдері.

3. Әлеуметтік жұмыс бойынша маманның кәсіби маңызды сапалары мен біліктіліктері.


13

1-14

14

Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологияны қолдану.



1.Психоәлеуметтік технологияларды құрылымдау.

2.Әлеуметтік жұмыстағы пчихотехнологиялардың тиімділігін бағалау.



14

1-14

15

Әлеуметтік жұмыстағы инновация.


1.Инновация туралы жалпы ұғым.

2.Инновациялық процеске сипаттама.

3.Инновациялық процесс кезеңдері.


15

1-14


7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

Дөңгелек үстел. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру. “Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.Сонымен “дөңгелек үстел” әдісін студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді.

Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.



Аквариум әдісі- балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.

Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.

Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.

Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.

Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.



Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы студенттердің бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.

Интерактивті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл – тренинг. Осы аталған әдістің жаңадан қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқыту да пайдаланылады. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекетің нәтежиелілігі үшін жауапкершіліпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысындағы әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі – топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтежиелілігі, яғни үйлесімділігі.


  • мақсатты айқындау;

  • тренингтің сценарийлік жоспарын құру;

  • қатысушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету;

  • өзін дайындау (сұрақ қоюы, айтылған жауаптарға әсерленуі, өз ойын айтуы немесе оқушылардың пікірін талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге және не үшін оқушыларды бағалау);

  • қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет