А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет5/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#43038
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Даму критерилері:


  • мотивацияның, өмірлік құндылықтардың еңбекқорлық т.б. психологиялық сипаты;

  • өзін-өзі бағалаудыңәрекеттіліг және адекваттылығы, ішкі потенциалды жүзеге асыру деңгейі;

  • азаматтық сапалар,

  • адамгершілік сапалар;

  • өмірлік мақсаттар туралы ұғымның қалыптасуы;

  • кәсіп таңдау туралы ұғымның қалыптасуы;

  • жеке тұлғаның индивидуалдықғының қалыптасуы.

Тәрбие критерилері:

  • Оқушылардың өз мінез-құлқын ересектер жағынан позитивті бағалауа бағытталуы;

  • Педагогтың оқушылардың тұлғалық-мінез-құлықтық жетілуін ынталандыру;

  • Оқушылардың мінез-құлқындағы өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі тәрбиелеудің даму деңгейі;

  • Білім беруде индивидуалдық дифференциация принциптерін есепке алу алу арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту.

Әлеуметтік тұрақтылық критерилері:

  • Ата-аналар, әріптестер, мамандар алдында білім беру мекемесінің беделі;

  • Педұжымның социумның ішінде өзара қарым-қатынасына ықпал деңгейі,

  • Мектеп бітірушілердің әлеуметтік адаптацияның көрсеткіштері;

  • Оқушылардың, педагогтардың, ата-налардың, әріптестердің іс-әрекетінде презентабельді нәтижелерінің болуы: кіраптар, қойылымдар т.б. көрмесі.

    1. Білім беру үрдісі.

Білім беру мекемесінің қызметінің көрсеткіштері және критерилері:

      • Жаңа білім беру бағдарламаларын жасау және ендіру;

      • Білім беру бағдарламасының мекеменің әрбір ұжымында, білім беру деңгейінде, халықтың әрбір әлеуметтік тобында қабылдануы;

      • Мекеменің социуммен байланысының деңгейі,

      • Педагогтың кәсіби біліктілігін көтеруді қамтамасыз етін жағдайларды жақсарту;

      • Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру нәтижелері,

      • Білім беру үрдісіне қатысушылардың эмоционалдық-тұлғалық қанағаттануының дамуы.

Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістері және әдістемелері оқушылардың ата-аналардың, педагогтардың, мекеме басшыларының мекемемен бірігіп қызмет істейтін ұйымдар өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Оларды қолдану бойынша жіктеу төмендегідей көріністе:

  • құжаттарды зерттеу және талдау (кеісімдер, оқу жоспарлары, бағдарламалары, әдістемелер, сабақ журналдары т.б.);

  • бақылау;

  • әңгімелесу;

  • моделдеу және жобалау;

  • эксперимент;

  • сауалнама және анкеталау;

  • сооциометриялық зерттеу;

  • әлеуметтік зерттеу;

бланкалық және аппаратуралық тестілер (индивидуалдық және топтық).

Әлеуметтік-психолого-педагогикалық диагностика әдістері және әдістемелерін уақытылы өткізіп тұрған дұрыс. Оларды аймақтың білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне, бағытына, баланың және педагогтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты таңдаған жөн.



Әдістер және әдістемелер шартты түрде екі кезеңге бөлінуі тиіс: бастапқы (ұйымдастырылған үрдіс басталмас бұрын) және қорытынды (үрдіс аяқталғаннан кейін).

Қолданылатын материалдар, әдістемелер және әдістер:

Тәрбиеленушілер және мектеп бітірушілер:

  • Оқушылардың өзіне мінездемесі;

  • “Мен неге бұл мектепті таңдадым?” (клуб, орталық т.б.) тақырыбына шығарма;

  • Әңгімелесу жеке және топтық әңгіме

  • Әлеуметтік-психологиялық диагностика әдістемесі;

  • Балаларды диагностикалау және бақылау нәтижелері бойынша талдау материалдары;

  • Балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің диагностикалық материалдары;

  • Тұлғаның жасөспірімдік-жеткіншектік кезеңіндегі бағыттылығын зерттейтін анкета-сауалнама;

  • “Қарым –қатынасқа қажеттілік”анкетасы;

  • Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі;
  • Сіздің болашақ мамандығыңыз”анкетасы;


  • “Оқытуға қатынасыңыз”анкетасы;

  • Социометриялық зерттеу;

  • “Мамандықты саналы таңдау қабілеті” тестасы;

  • Педагог пен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты өлшеу;

  • “Егер де мен біздің мектебімізде педагог болсам” тақырыбында шығарма;

  • ЖОО, орта арнаулы оқу орнына түскен, жұмысқа тұрған мектеп бітірушілер саны;

  • Кітапхана, музейлер, оқушылардың ғылыми қоғамдрының жұмыс бағдарламалары;

  • Конкурс, олимпиадалардың жеңімпаздарының болуы;

  • Түрлі конкурс, вестивальдардың т.б. лауреат, дипломанттарының дипломдарының көшірмелері;

  • Балаларды психологиялық түзету бағдарламалары;

  • Дарынды балалармен жұмыс бағдарламалары;

  • Оқушылардың тәуелсіз мінездемелері.

Ата-аналар:

  • Ата-аналар жиналысы;

  • Ата-аналар үшін анкеталар;

  • әңгімелесу,

  • ата-аналармен хат алысу;

  • жорықтар, экскурсия, мерекелердің және т.б. сценариилері;

  • көрме материалдары;

  • ата-аналармен біріккен жұмыс формалары;

  • ата-аналармен жұмыс бойынша бағдарламалар, жоспарлар;

  • ата-аналарды мадақтау: жиілігі, саны, формасы;

Педагогтардың психолого-педагогикалық компетенттілігі:

  • Педагогтардың коммуникативтік қабілеттілігін бағалау әдістемесі;

  • Педагог жұмысын бағалау әдістемесі;

  • Педагогикалық ықпалдардың өзін-өзі бақылау әдістемесі;

  • Оқушы тұлғасына сипаттама беруде педагогтың педагогикалық шеберлігінің деңгейін бағалау әдістемесі.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін бағалаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • әлеуметтік-педагогикалық проблемалардың мен оларды шешу нәтижелерінің сәйкестігі;

  • балалар мен ересектердің әлеуметтік құнды іс-әрекет түрлеріне қатысу динамикасы;

  • білім беру үрдісіне қатысушылардың базалық әлеуметтік құндылықтарға қатынасының өзгеруінің динамикасы;

  • микроклимат, әлеуметтік ортадағы әлеуметтік-педагогикалық жағдайдың динамикасы;

  • қоғамдық бірлестіктердегі балалар мен ересектердің әлеуметтіу инициативаларының пайда болуы, дамуы;

  • әлеуметтік педагогтың құжаттарының жағдайы;

  • әлеуметтік педагогтың кәсіби өсуі.

12 дәріс

Тақырыбы: Кәмелеттік жасқа толмағандарға әлеуметтік қамқорлық

Дәріс мазмұны:

  1. Қазіргі кездегі балалардың әлеуметтік жағдайы.

2. Балалар құқығы туралы Конвенция.

3. Балаларды әлеуметтік қорғау үшін жүргізіліп жатырған іс-шаралар



  1. Қамқорлықтың мәні.

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қамқорлық жасау технологиясы.

1.Еліміздің ертеңі мен болашағы қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің әрі өркендеп, дамуы үшін жан-жақты дамыған, білімді, іскер ұрпақтар қажет. Білімді, іскер ұрпақ қалыптастыру үшін олардың білім алуын, құқығын, әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету керек.

Дүние жүзі көптеген елдерін халықтың өсуінен гөрі өлімнің көбеюі қатты алаңдатады. Мысалы, Қазақстанда бұл проблема Франциямен салыстырғанда аса қауіп тудырмағанмен, бізде керсінше тірі жетім балалар көбеюде. Жаңа ғасыр мен мыңжылдық табалдырығында болашағымыз балалар қандай күй кешуде? деген сұрақ жиі мазалайды. Соңғы он жылда әлемнің әр түкпіріндегі қиянкесті соғыстың нәтижесінде 2.5 миллион баланың өмірі қиылып, 5миллион бала кемтар, мүгедек болыпты. 12миллиондай жеткіншектер мен балалар баспанасыз қалған. Соғыстың кесірінен 10 миллионға жуық жас балалар ақыл-есінен адасып, ой-өрісі нашар дамыған немесе жүке ауыруына ұшыраған. Ал Қазақстанда тірі жетім балалардың көбеюі алаңдатар жайт. Қазақ табиғатында бала жанды халық, әрі олар шаңырағында көп бала болғанын ұнататын ұлттар санатында. Соған қарамастан соңғы жылдары «тастанды балалар» жайында әңгімелер көп көтеріліп жүр. Дәл қазіргі уақытта қиыншылыққа төзе алмай өз балаларын тастап кетіп жатқан аналар аз емес. Соның дәлелі: еліміздің балалар үйлеріндегі жетімдердің 85-90 пайызы тірі жетімдер екен. Кез-кеген адам тіршіліктің тұтқасын шаңырақ деп біледі, ал осы шаңырақтың қызығы-бала. Ендеше өміріміздің жалғасы-балаларға қаншама қамқорлық жасасақ та артық емес.Ал тағдырдың жазуымен ата-анасыз қалған не болмаса жастайынан ауыр сырқаттың зардабын тартқандар жөні бір бөлек. Оларға мемлекет тарапынан да ерекше қамқорлық, жанашырлық қажет.

Әлемдегі 130 миллион шамасындағы мектеп жасындағы оқушылар мектепке бармайды. Оның үштен екі бөлігі –қыз балалар. Бұлардың көпшілігі білім алу құқығынан айырылғандар. Жаңа үшінші мыңжылдықтағы санақ бойынша 855 миллион адам, яғни алты құрлықтың біреуі толықтай сауатсыз дегенге сай. Бұл мәлімет қазіргі ірі мәселелердің құрамына кіреді.

Жыл сайын 12 миллион бала диарея, пневмония, малярия және корь сияқты аурулардан өледі. Кейбір елдерде әрбір төртінші бала туғаннан бес күнге жетпей өлуде. Бұлардың көпшілігі кедей отбасыларынан. Оның себебі олар дұрыс тамақтанбауы мен дұрыс медициналық-санитарлық көмек көрмеуі.

Қазіргі біздің қоғамда екі жетім бар: бірі-ата-анасын сұм ажал жалмаған тұлдыр жетімек те, екіншісі-әке-шешесі тайраңдап қара жер басып жүрген,бірақ жарық дүниеге қалаусыз, тілеусіз келіп өзекке тебілген іздеуі, сұрауы жоқ жол құйрықсыз тірі жетімдер. Олар кәдулігі мына жарық дүниеге шырылдап келген,күле білетін,жылай білетін, қуана білетін, жылай білетін, қуана білетін бейкүнә сәбилер, бірақ тастандылар,ал тастанды балалардың анасы бар баладан айырмашылығы-ешкімге керек еместігі.

Біздің елімізде жылына он мыңға жуық ауру нәрестелер дүниеге келетін көрінеді.Тек Алматының өзінде екі мыңнан астам мүгедек балалар бар екен. Оған қосымша елімізде бір миллионға жуық алкоголиктер, жазылмайтын дертке шадыққандар болса, экологияның бұзылуы, атом сынағының зардабы, бұған қоса жылына он мың адам өндірістен мүгедектік алатын көрінеді. Арақ-құмар ата-анасынан қашқан балалар, тастанды сәбилер, босқындар күннен-күнге көбейіп бара жатыр. «Қабылдап-реттеу»мекемелерінен 8873бала 1995жылы өткен болса, 1996жылы түскен балалардың саны 11546-ға жуық жеткен, ал 1997жылы «Қабылдап-реттеу» мекемелеріне түскен балалардың саны өткен жылдардағы балалардың санымен салыстырғанда республикамызда 36.4 пайызға өскен. Сөйтіп республикамызда «Қабылдап-реттеу» мекемелерінің саны 19-ға жуық жеткен.



2. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1989 жылы 20-қарашада «Балалар құқығы туралы Ковенция » қабылдады. Бұл конвенцияға алпыс бір мемлекет қол қойды.

Конвенцияда бала және оның құқығы жайлы бірнеше мәселелер қарастырылды. Олар:



  • Жасы он сегізге толмаған адам бүлдіршін, яғни бала болып табылады;

  • Барлық балалардың құқықтары тең. Мемлекет балалардың құқығын әрбір жағдайда қорғауға және оған байланысты түрлі шаралар қолдануға тиісті;

  • Бала дүниеге келгеннен кейін оның аты-жөні, азаматтығы болу керек және ол өзінің ата-анасын біліп, олардың қамқорлығын алу тиіс;

  • Әрбір бала өмір сүруге және оны мемлекет өмір сүруін, дамуын қамтамасыз ету қажет;

  • Бала және оның ата-анасы басқа аймаққа,басқа елге көшуге немесе баруға бір-бірінің келісімі арқылы шешуі тиіс;

  • Бала өзінің ойын, бетбұрысын, мәліметті басқа елден алуға немесе беруге мүмкіндігі бар;

  • Мемлекет баланың ата-анасының немесе басқа адамдармен қарым-қатынасы нашарлағанда, оның құқықтарын қорғауға міндетті;

  • Балалар білім алуға және тегін бастауыш білім, кеңейтілген орта білім алуға және әрбір баланың қабілетіне байланысты жоғары оқу орындарда білім алуға құқылы;

  • Мүгедек балалар мемлекет тарапынан көмек көруге және білім алуға және тағы басқа да қажеттіліктерін алуға міндетті;

  • Мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға және оған тегін көмек көрсетуге құқылы.

3.Қазақстан Республикасының Конститутциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Яғни мемлекет өзінің бар мүмкіндігін,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге міндетті.

Қазіргі кездегі әлеуметтік жағдайға байланысты елімізде балаларды қорғауға арналған бірнеше іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, елімізде құрылған мемлекеттік қайырымдылық қорлары, демалыс лагерьлері, сауықтыру орталықтары,балаларды қорғау ұйымы бар. Оларға: Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры, еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларында ашылған балалар қайырымдылық қорлары,Алматы облысындағы «Балбөбек» балалар қоры, Алматы қаласындағы «Алматы-Бөбек»,Қызылорда қаласындағы «Ақ ниет орталығы», Жезқазған облысындағы «Сәби» орталығы, Қарағанды облысындағы «Бота» орталығы, Орал қаласындағы «Бөбек»қоры, Семей қаласындағы «Жанашыр» қоры, Атырау қаласындағы «Балбөбек» қоры, Маңғыстау облысындағы «Бөбек»қоры, Қостанай қаласындағы «Болашақ» қоры, Көкшетау қаласындағы «Болашақ»қоры, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бөбек»қоры, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Балдырған»қоры, Жамбыл облысындағы «Өркен»қоры, Ақтөбе облысы «Ақ бөбек»қоры, Шығыс Қазақстан облысындағы «Балбөбек» қорлары жатады.



Республикадағы балалар үйі мен мектеп-интернаттарында тәрбиеленіп жатқан тұлдыр жетімдер мен қараусыз қалғандардың 85 пайызының ата-анасының біреуі не екеуі де тірі екен. Демек, 3,5мың мүгедектер мен он мыңнан асатын қамкөңіл балалардың үсті-басын бүтіндеу, тамағын беріп, басынан сипау оңай шаруа емес сияқты.Осы ретте республикадағы халықаралық «Бөбек»балалар қайырымдылық қорының тыңдырып жатқан ісін айрықша айту керек.

Алғаш 1992 жылдың 27 наурызынан бастап жұмыс істей бастаған «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева: «Қазақстандықтардың болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында жұмыс істеу аналық жүрек пен ұлтжанды сезімді, парасаттылық пен ақ ниетті қажет етеді»-деген енді бір сөзінде «Бөбектің» негізгі мақсаты- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасындағы балалардың жағдайын жақсартуға жәрдемдесу, әсіресе, ата-ананың аяулы алақанына зәру жетімдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру-сырқау және мүгедек балаларға қамқорлық жасау. Қордың құрылтайшылары- мемлекет және қоғамдық ірі ұйымдар, әлемдегі іскер адамдар, банктер мен комерциялық құрылымдар.Олардың әрқайсысы Қазақстан балалары мен олардың болашағы үшін қаржылай, заттай көмектесіп,елдің болашақ азаматтардың аяғынан тұрып кетуіне жәрдем беруде.Сара Алпысқызы Назарбаеваның басшылық етуімен «Бөбек»қоры осы бірнеше жыл ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық жұмыстарды жүзеге асырып, халықаралық деңгейге көтерілді. Бұл таңда Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қорының басшылығымен еліміздің барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында қордың бөлімшелері, Республикалық балалар реабилитациялық сауықтыру орталығы ашылып, онда балалардың денсаулығының қалыпқа келуі, алаңсыз өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған. Қар Алматыда тұғыш рет жетім балаларға отбасы тектес «SOS-Қазақстан» балалар қалашығын ашты. Бұл Австриядағы халықаралық «SOS Кирнердорф» Интернацонал қорының қайырымдылық көмегінің арқасында іске асты. Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры тастанды балаларды жеті жасқа дейін тәрбиеге алатын «Үміт үйі»атты балалар мекемесін ашты. Мұндай мекеме әзірше Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында бар.Бұл үйдің ерекшелігі сол: анасының сәбиді мүлде тастап кетуіне мүлде жол бермейді. Анасының сәбиді асырап бағуға мүмкіндігі келмесе, сәбиін осы «Үміт үйіне »уақытша қалдыра тұрады.Ал жағдайы оңалғаннан кейін баласын кез-келген уақытта өз қолына алуына мүмкіндік жасайды. Қар назарынан Қазақстандағы барлық балалар үйлерімен интернаттар тыс қалған емес. Тағы бір үлкен мәселе: Еліміздегі өнерлі балалардың талабын қолдау мақсатында «Айналайын»,«Шығыс маусымы» атаы фестивальдар өткізу осы «Бөбек»қайырымдылық қорының бастамасымен дүниеге келді. Алматыда С.А.Назарбаеваның ұйымдастыруымен құрылған «Рухани және мәдени даму»салоны жұмыс істейді. «Бөбек» қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының жаныңдағы қоғамдық ақпараттар Департаментіне мүше болып Дүние жүзілік балалар қорының қайырымдылық акцияларын халықаралық деңгейде ұйымдастыруына құқық берді. Қор, әсіресе,Семей, Арал сияқты экологиялық зардап шеккен аймақтағы жеткіншектердің жағдайын оңдауға да көңіл бөліп отыр. Арал өңірінде тұратын балалардың денсаулығын түзеу мақсатында жылжымалы диагностикалық орталықты «Бөбек»балалар қайырымдылық қоры сыйға тартқан. Американдық таңдаулы дәрігерлік қордың қаржыландыруымен 60 баланың жүрегіне өте күрделі операция жасаса, осы қор есебінен Алматыдағы хирургиялық орталыққа құны бір миллион АҚШ доллары тұратын медициналық құалдар бөлінген. Сондай-ақ «Бөбек» қорының қалыптасуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Республика Үкіметі ынтымақтастық жағдайда жұмыс істеуі үшін келісім шартқа қол қойған. Соның бір нысанасы, қор Преизенттің Париждегі ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің балалар құқын қорғау жөніндегі халықаралық форумына қатысты.

Қазақстан Республикасының дамуына көптеген шетелдік компониялар мен әлемдік әйгілі қайырымдылық қорлары өз үлестерін қосуда. Елімізде көптеген қайырымдылық қорлары, құрылып акциялары өткізілуде. 1-маусым Дүние жүзілік балаларды қорғау күні болып табылады. Осы күні әлемдегі талай бүлдіршіндер үшін үлкен қуаныш алып келетіні сөзсіз. Бұл күні әрбір бала ата-ананың ықыласына бөленіп, парктер мен атракциондарда қыдырып көңіл көтереді. Қазақстан қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақыл-есінің даму деңгейі төмен және денсаулығы нашар мүгедек балалардың боулинг бойынша республикалық турнир өткізілді. Оған Қостанай, Қарағаны, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан 70бала қатысты. Мұндай шараларға ұзақ жылдар бойы Special Olimpics International қозғалысына “Proсter and Gamble” компаниясы демеулік көрсетіп келді.

Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында «Шеврон-Тексако» компаниясы осынау «Үміт»үйінің балғындарына әдемі мейрам сыйлауға шешім қабылдады.

«Үміт»үйінде ата-анасының қарауынсыз қалған сәбилер алғашқы күннен жеті жасқа дейін тәрбиеленеді: осы шарасыз сәбилерге үміт сыйлап, жылу дарытып келе жатқанына көп кешікпей он жыл болады. Қазір бұл үйде 9 топқа 62 балдырған тәрбиеленуде.

Еліміздегі Сарыағаш курортында ашылғанына биыл 35 жыл болды. Мұнда 28 күндік әр маусымда денсаулығының ақауы бар 90 бала, 10ана мен бала облыстық денсаулық сақтау департаменті арқылы таратылатын жолдамалармен тегін емделеді. Асқазан, ішек-қарын, өт жолдарын емдетіп, бауыр, бүйрек, жүрек, аллергия, сусамыр, тері аурулары сынды, өзгеде дерттерден сауыға алады.

Спорт залы, балалар алаңы бар. Жатын бөлмелері таза да, жинақы, жарық. Тұрмыстық жағдайлардың барлығы жасалған. Сонаторийге Арыс қаласынды жетім балалар үйінде тәрбиеленушілер мен аудан көлеміндегі тиісті орындардан қажетті құжаттары, қараушысы жоқ жетім балалар да қабылданады.

Халықаралық SOS Киндердорф интернацияналдық қоры Қазақстан Үкіметімен осы қор арасында 1994 жылы қол қойылған бірлескен қайрымдылық қызметі шеңберінде Алматыда балалар қалашағы бой көтерді. Бұл қордың тарихы 1949 жылдан басталады. Оның негізін қалаған Герман Гмайнер. Біздің еліміз әлем халықтарының ішінде 125-ші мемлекет болып, тұнғыш рет жетім балаларға арнап қор ашқан «SOS Қазақстан» балалар қалашығында олар үшін барлық жағдай жасалған, бөлек үйде кәдімгідей ата-анасы бар балалардай тәрбиеленеді. Біздің еліміздегі шетелдік компаниялармен халықаралық қорлар қай елде болсын адамдардың ұлты, нәсілі, дініне қарамастан көмектесуді өздерінің принциптері етіп алған. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің алғашқы сегіз жылы аяғынан тік тұрудың күрделі жылдарын өткізуде. Дәл осы уақытқа дейін болып көрмеген жалпы азаматтық қажеттілік, имандылық пен қайырымдылық, жанашарлық пен мейірімділік қасиеттерді қалыптастыру жолында жұмыстар атқарылып жатыр.

13 дәріс



Тақырыбы: Әлеуметтік кеңес беру.

Дәріс мазмұны:

  1. Әлеуметтік кеңес беру туралы түсінік.

2. Терапиялықклимат. Терапиялық климаттың физикалық компоненті.

1. Әлеуметтік кеңес беру – барысында әлеуметтік жұмыс бойынша маман клиентке оның өмірлік қиын жағдаятын түсіндіретін және одан шығу жолдарын көрсететін кәсіби іс-әрекеттің бағыттарының бірі. Кеңес беру – қажетті ақпаратты бере отырып, азаматтарға олардың заңды құқыларын және қызығушылықтарын жүзеге асыруда көмек формаларын нұсқайды.

Кеңес беру барысында төмендегідей міндеттер шешіледі:


  • клиеттің проблемасы бойынша кәсіби көмек көрсету;

  • клиентке оның пайдаланылмаған мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беру;

  • проблеманы өз бетімен шешуді қамтамасыз ететін клиенттің жасырын ресурстарын мобилизациялау;

  • жеке тұлға дамуының негізгі бағыттарын анықтау.

Кеңес беру маман мен клиент арасындағы өзара қатынасында минимум екі деңгейді білдіреді:

  • мазмұндық;

  • псиохологиялық.

1975ж К.Роджерс «Тұлғаны позитивті өзгертуге әсер ететін ,нақты анықтап және жеткілікті жағдай бар »деп айтуға бола ма деп сұрақ қояды.Бұл сұраққа 6 шартты атай отырып өзі жауап береді.

1.Екі тұлға психологиялық контактіде болады.

2.Бірінші персонаж оны клиент деп атаймыз ,ол психикалық жағдайға енеді.

3.Екінші персонаж,оны «консультант» деп атаймыз.Қарым-қатынасқа белсенді түседі.

4.Консультант клиентке сыйластықпен қарайды.

5.Консультант эмпатиялық сезімде болып ,клиент көзқарасын қабылдап және оны бұны түсінуге мүмкіндік береді.

6.Консультанттың эмпатиялық түсіністік және сыйластық сезімі клиентке минимальды болса да көрініп тұруы тиіс.

Басқа шарттар қажет емес .Егер белгілі уақытта 6 шарттармен қамтамасыз етілсе, бұл жеткілікті .Яғни позитивті тұлғалық өзгерістер іске асады .

Сонымен ,клиент консультантпен қатынаста бола отырып ,клиент келетін көмекке сезімтал болуы тиіс.Әсіресе 3,4,5шарттар консультативті қатынастар үшін маңызы зор.Консультанттың клиентке деген шынайылық,эмпатиялық,жылылық негізінде құрылған сенімді қатынас мамандардың ойынша психолгиялық консультациялаудың және психотерапияның қажетті құрамды бөлігі болып табылады.Консультативті қатынас өмірлікке созылмаса да тұлғаралық байланысқа қарағанда терең,интенсивті болып келеді.Клиент өзіне мүлдем таныс емес адамға жеке өмірін айтып береді .Кейде консультация процесі барысында клиентің өзін таңқалдыратын тұлғалық жаңа жақтары да ашылып қалып отырады.Бұның бәрі консультативті қатынас ерекше интимді ,достық немесе махаббат қатынасына ұқсамайтын екі адам арасындағы интимді қатынасты көрсетеді.Терапиялық қатынастың ерекше табиғаты терапевтің интимді-тұлғалық және интимді-терапиялық қатынасты айыра білуіне байланысты.Тұлғалық қатынасқа терапиялық қатынас ассиметриялық болып келеді .Яғни пацинет өзінің интимді мәліметтерін өзі ашып айтады.Психотерапевт клиенттің айтқан мәліметтеріне жауап беруіне неиесе мүлдем жауап бермеуіне ерікті.Қатынастың ассиметриялы болуының тағы бір себебі –тек терапевт қана айтылған мәліметті және терапиялық мәселенің жетістігін өзі ғана бағлайды.Нәтижесінде ,терапиялық қатынас терапевт көрсетуі бойынша жүреді .

Консультативті контакт –бұл динамикалық процесс,қатысушылардың бір-біріне деген сезімі және оны шығару тәсілі.Шамамен барлық анықтамалар консультативті қатынастың бірнеше ерекше қырларын көрсетеді .Джордж және Кристиани 6 негізгі параметрлерді бөліп көрсетті

-Эмоционалдылық (консультативті қатынас тану қассиетіне қарағанда эмоционалдылық қасиеті басым)

-Интенсивті (қатынас шынайы қатынас бола отырып ,ол интенсивті болады)

-Динамикалығы (клиент өзгеру арқылы қатынас ерекшелігі өзгереді)

-Конфеденциалдылық

- Қолдау көрсету (күнделікті қатынас клиенті өзін жанама көрсетуге тәуекел жасауға мүмкіндік беретін стабилділікпен қамтамасыз етеді )

-Ар-ұяттылық

Консультативті қатынастың сипаты консультанттың теореалық бағыттылығына тәуелді.

Қазіргі кездегі консультациялық қатынастар ойлары туралы бағыттар.



Бағыттар

Консультативті қатынас

1.Психоаналитикалық бағыт

Жеке анонимділігін сақтап қалады.Нәтижесінде клиент өз сезімін оған еркін көрсетеді.Консультант клиенттің айтқан материалдарын интерп ретациялайды және клиентке қазіргі мінез-құлқын бұрынғы уақыттағы жағдайлармен байланыстыруға үйретеді.

2.Адлериандық бағыт

Консультант пен клиент арасында жауапкершілікті бөлуге жалпы мақсат қоюды қарастырады.

3.Мінез-құлық терапиясы

Консультант белсенді және директивті жақ болып саналады.Ол клиентті эффективті мінез-құлыққа үйретіп ,мұғалім тренер ролінде болады .Консультантжәне клиент арасында жеке қатынастың орнына оқыту процедурасын іске асыратын қатынас орнайды.

4.Рационалды эмоциалық терапия.

Консультант мұғалім ролін ойнайды ,ал клиент оқушы ролінде болады.Клиент және консультант арасындағы қатынастарға берілмейді.Клиентті өз проблемасын түсінуге үйретуі, рационалды алғышарттарға сүйене отырып,өз мінезін өзгертеді.

5.Клиентке бағытталған терапия.

Консультативті қатынас консультациялау процесінің құралы болып табылады.Әсіресе консультант жағынан шынайылық,жылылық, эмпатия және бұны клиентке «беру» бағаланады.

6.Экзистенциалды терапия

Қатынастың негізгі мақсаты клиенттің экзистенциясына ену және онымен аутентті байланыс орнатады.Клиент және консультант арасында қарым-қатынас «адам-адам»контакт арқылы түсіндіріледі.

2.Терапиялық климат.Терапиялық климаттың физикалық компоненті.

Консультативті қатынастың сапасы 2қажетті факторға тәуелді:терапиялық климат,қарым-қатынасты ұстаудағы консультант дағдысы.

Терапиялық климат өз кезегінде бірнеше эмоционалды мәнді компоненттерден тұрады.Физикалық құралдарға :құрал-жабдық ,консультанат және клиентің кеңістікте орналасуы.

Эмоционалды компоненттерге :өзара сенімділік атмосферасы,қатынастың шынайылығы,эмпатияға деген қабілеттілік жатады.

Консультациялау барысындағы ортаның орналасу жағдайы.

Психологиялық консультациялау барысында клиент өзінің проблемаларын ашады және зерттейді,егер консультациялау жақсы жабдықталған жерде өтетін болса.Ең алдымен консультация жайлы,дыбыс өткізбейтін жерде өтуі тиіс.Жалпы консультациялау процесінің алғашқы кезеңінде клиент басқа біреу естуі туралы қауіптенеді.Сондықтан клиент өзін ешкім естімейтіні туралы сенімді болу керек.Егер клиент сыртқы жақта болып жатқан заттарды естісе,консультанттың конфеденциалдылығына күмандануы мүмкін.Сәйкесінше бұл эффективті терапиялық қатынастың пайда болуына кедергісін тигізеді.

Бөлме өте үлкен болмауы тиіс.Жар жайлы түспен боялғаны жөн.Жарық клиентке түсіп тұрмау қажет.Бөлмеге үстел және ыңғайлы отырғытар қажет.Егер релаксация өткізілетін болса ,кушетка қойған дұрыс.Жарға бірнеше суреттер іліп ,сөрелерге кітаптар орналастырған жөн.Жұмыс орнында жеке заттарды ұстау қажет емес.Консультанттың наным-сенімін білдіретін заттар тұрмауы қажет(жардағы крест)Әр кез клиентті бір ғана жерде қабылдаған жөн.Өйткені жаңа жер клиенттің назарын аударып,бейімделуіне уақыт кетеді.Клиент және консультант арасындағы адам(регистратор)көмекші функцияны орындайды.Алайда бұл адамның ролі абсолютті жанама деп қарастырмаған жөн.Регистратор клиентті консультантқа бағыттайды.Сондықтан ассистент қонақжай бола отырып ,жылы қарым-қатынас жасай білуі тиіс,алайда консультантты ауыстырып және клиенттің өміріне араласу қажет емес.

Консультативті кеңістікті структуралау .

Клиент бөлмеге кіреді және консультанттың «шекарасына»тап болады.Консультант және клиенттің өзара әрекетінің негізгі аспектісі кеңістікті структуралау болып табылады.Кездесудің бірінші күнінде-ақ болып жатқан құбылыс клиенттің психологиялық сезіміне ықпалын тигізеді.Кездесу таныстықпен басталады.Бұның барысында белгілі этикеттерді ұстануы тиіс:тұру және клиентті орта жолда қарсылап алу,өзін таныстыру,клиенттің аты -жөнін сұрау,өзі отырмастан бұрын клиентке өзіне ыңғайлы жергеотыруды ұсыну.Клиент өзін сенімді ұстау үшін консультант бірінші кездесуде сыпайылық,артық қысымсызтабиғи күйде ұстау тиіс.Тағыда бір консултативті кеңістікті структуралаудың мәселесі-консультант және клиенттің орналасуы.Мэй «Махаббат геометриясы»түсіні-

гін енгізді.Егер консультант және клиент үстел басында қарама-қарсы отырса ,араларында әлуметтік дистанция сақталады және атмосфера официалды болады. Мазасыз клиенттер үшін осындай позиция үйлеседі.

Консультация үшін клиенттің және консультанттың үстелдің бір жағына отыруы консультант үшін клиенттен вербальсыз ақпараттарға қол жеткізеді.Сонымен бірге консультациялау жағдайына тәуелді ара -қашықтықты өзгерте алады.Қарама-қарсы отыру әріптестік қарым -қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Консультант және клиент арасындағы дистанция әлуметтік-психологиялық феноме «тұлғалық кеңістікті»бейнелейді. «Тұлғалық кеңістік»консультацияға қатысатын әңгімешіге ,талқыланатын тақырыпқа,мәдени айырмашылыққа байланысты өзгеріп отырады.Дистанция мәселесі клиентке жақындау мәселесімен (прикосновение)тығыз байланыс-

ты.Жақындау өте жақын ,интимді қатынасты білдіреді.Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей физикалық эротикалық емес қатынас консультациялау процесінің құнды бөлігі болып табылады.Ол бәрінен бұрын үйлесімді:

-Әлуметтік және эмоционалды жағынан жетілмеген клиентті консульта циялау барысында

-Психологиялық трамвадан кейінгі кризистегі адамдарды консультациялау барысында.

Алайда физикалық эротикалық емес қатынас қай жерде эротикалық сипатқа ие болатынын анықтау қиынға соғады. Кез-келген жағдайда да спецификалық техникаға айналмауы тиіс.Жақындау клиент үшін қауіпсіз терапиялық климат тудыру үшін шынайы және спонтанды болуы тиіс.

Консультациялау уақытын структуралау

Бірінші кездесу уақыты қалған уақыт сияқты ұзақтығы тең болуы тиіс.Кей-

де бірінші кездесу клиентпен танысу үшін созылып кетуі және көбіне консультативті әңгіме ересек адаммен 50 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

Мұндай жалғасушылық бостан-бос емес .Әңгіме уақытының аздығы консультантпен бірге клиентті де мазасыздандырады.Өйткені олар жеткілікті түрде сұрақты терең қарастыра алмаймыз деген ойда болады.Егер керісінше әңгімеге уақыт көп берілсе,екі жақты да шаршатып жіберуі мүмкін.Сонымен қатар психотерапия және консультация зейіннің шоғырлануын талап етеді .Сәйкесінше зейін шоғырлануын 40-50 минуттан артық ұстай алмаймыз.Дәстүрлі 50 минут бірнеше сұрақты өнімді талқылауға кейін 10 минут қажетті аспектілерді жазып алуға мүмкіндік береді .Бұл әсіресе бірнеше клиентті қатарымен қабылдағанда қажетті.Әңгімелесу процесінің жалғасу уақыты клиенттің жас ерекшелігіне байланысты.Джордж және Кристиани 5-7 жастағы баламен әңгіме 20 минуттан аспауы тиіс,8-12 жастағы балаларға 30 минут, ал 12 жастан жоғары балаларға консультативті сұхбаттасу 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін .Әңгіменің жалғасу ұзақтығын

клиент кездесудің басында анықтайды.Клиент әңгімеге қанша уақыт кететінін тұруы тиіс ,консультант әңгіменің созылу уақытын анықтамаған жағдайда , клиент консультация барысында мазасызданып әңгімелесу кез-келген уақытта аяқталып қалатынын ойлап отырады. Жалпы уақыт шегін түрлі тәсілдермен қоюға болады :

- «Біздің қолымызда 50 минут бар және сізді тыңдауға әзірмін»

-«Бүгінгі біздің уақытымызды қалай қолданғыңыз келеді.Бізде 50 минут бар»

Консультативті кездесу 40 минут өткенде аяқталады.Клиентке уақыт бойынша бағытталуына көмектесу үшін консультант уақыттың аяқталып қалғанын еске түсіру қажет: «Бүгін бізде 10 минут-ақ қалды , бұл уақытта тағы да не талқылағыңыз келеді»Беймаза клиент уақыт бойынша нашар бағытталады.Сондықтан уақытты еске түсіріп тұру қажетті әрекет.Консультациялау барысында жалпы консультациялаудың ұзақтығын

Анықтаған жөн .Әрине ,ең басында қанша кететінінанықтау қиынға соғады.Сондықтан алдымен клиентпен 3-4 кездесуге контракт жасап, кейін

консультативті қатынастың өнімділігін ,қанша уақытқа созылатынын анықтап алу қажет .Консультациялау басына кездесудің жиілігін де анықтаған жөн.Көбіне өнімді қатынас орнату үшін жұмасына 1-2 рет кездесу жеткілікті деген ой бар .Егер сирек кездесетін болса , клиентті жақынырақ тануға ,өткен кездесуде не болғанын еске түсіру қиынға соғады және консультациялау процесінің үздіксіздікпен қамтамасыз ете алмайды.

14 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет