А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары?



бет62/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1. Бизнес дегеніміз не?

2. Үкімет деген ұйым қандай мақсатта әрекет етеді?

3. Ішкі сипаттағы бәсекелестік деп нені айтамыз?

4. Аралық сипаттағы бәсекелестік деп нені айтамыз?

5. Марктинг деген ұғымға анықтама бер?


13 дәріс

Тақырып: Кадрлық менеджмент

Мазмұны:


1. Кадрлық менеджмент қызметі.

2. Кадрларды іріктеу қызметі.

3. Жұмысқа алу.

Мақсаты: Кадрлық менеджмен туралы түсінік беру және жұмысқа алу кезінде жүргізілетін зерттеу жұмыстарымен таныстыра отырып, кез-келген жағдайға әзір болуға дағдыландыру.

1. Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесінде іскерлікпен қатысатын, әрі басқару ақпаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басқару кадрларын алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады:басқару деңгейі бойынша- жоғары, орта және төмен буындар; кәсіптік құрылымы бойынша- инженерлер; қызмет түрі бойынша ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары, басқару еңбегі; мамандардың түрі бойынша- әкімшілік, экономикалық; білімі бойынша - жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер; орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігіне де байланысты болады. Басшыларды қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы қызметшілер (қызмет көрстушілер, техникалық қызметкерлер) болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықтан қайтадан өтуіне қарай сипатталады.

Басшылар- бұлар тиісті ұжымға басшылық етушілер, басқару ақпаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағалауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Шаруашылық жүйесіндегі басшыларына алуан түрлі, бірін-бірі толықтыратын қызметтерді(әкімшілік ұйымдастырушылық мамандық, қоғамдық қызмет, тәжірибесі)орындауына тура келеді.

Басшының тәрбиешілік қызметінің де зор мәні бар. Жақсы жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта-жігерін арттыра түседі, экономикалық және әлеуметтік погрес жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару, бірі әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшылық қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар. Ұжымдағы жетекшілік ету сипатына қарай басшыларды сызықтық және қызметтік деп бөлінеді.

Басшылық қызметті жүзеге асыруда оқшау шаруашылық бөлімшесіне жетекшілік ететін сызықтық басшылықтың айрықша ролі бар. Олардың әрқайсысы өзіне бекітілген басшылық ақпараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, тиісті әлеуметтік, экономикалық, ұжымдық, техникалық және адамгершілік алғышарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап, өзі басқаратын барлық бөліміндегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қызметтік басшылық - бұл қызметтік басқарма, қызмет, бөлімдер мен басқарудың барлық деңгейіндегі басқа да бөлімшелерге (бас инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы) басшылық ету. Оның міндетіне басқарылатын объектілердегі параметрлерді өзгерту үшін сызықтық басшылыққа ұсыныс әзірлеу жатады. Қызметтік басшы өзі басқаратын бөлімшелерге сызықтық басшы болып та саналады.

Мамандар-бұлар, әдетте, өндірістік немесе басқару сипатындағы жекелеген, нақтылы қызмет мәселелеріне қатысты арнайы шешім варианттарын әзірлейтін қызметкерлер. Басқарма мамандарбасқару қызметіне және олардың кәсіптік әзірлігіне қарай жіктеледі. Мамандар тобына агрономдар, зоотехниктер, инженерлер, экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер, технологтар т.б. жатады.

Техникалық қызметшілер-басшылар мен мамандарға қызмет көрсететін жұмыскерлер. Олар әдетте, басқарудың жекелеген операциялары бойынша жіктеледі.Бұған жататындар-хатшылар, машинисткалар, лаборанттар, архиварнустар т.б. жатады.

Техникалық қызметкерлер нақты бір мамандықтың иелері олар басқарма басшылары мен мамандығына тиімді техникалық көмек беруді, соның ішінде шешім жасауды және жүзеге асыруды(мәліметтерді алғашқы өңдеу, сақтау және беру, есептеу, бақылау т.б.) қамтамасыз етеді.

Батыста басқару қызметтік жіктеу бізден біршама өзгеше келеді. Мәселен:Раймон Арон басқару қызметшілерін мынадай категорияға бөледі:

1) қаржыландыру-кәсіпорын қаржысын бақылауды жүзеге асыратын, бірақ оларға басшылық етпейтін адам;

2) техникалық басшы немесе инженер, бұлар қажетті ғылымды және арнайы білімді меңгергендер, соны практикада қолдана білетіндер;

3) менеджерлер-басқарушы, ұйымдастырушы, олар жеке кәсіпорында да, мемлекеттік кәсіпорында да жетекшілік тұлға болып саналады. АҚШ-та ой еңбегі қызметкерлерін «ақ жағалылар»деп атайды. Бұған жататындар-инженерлер, техник қызметшілері, кәсіби қызметшілер, менеджерлер, әкімдер, сауда қызметкерлері т.б. Ал жұмысшыларды, машинист операторларды т.б. «көк жағалылар» деп атайды. Біздің түсінігімізше менеджер мен басшы арасында айырмашылық бар.Ал шындығына келгенде, басшы мен менеджер-бұл бір ұғым. Алайда, бұл ұғымды түсіндіруде және қолдануда айырмашылық бар. Менеджмент туралы әңгіме болғанда оны тек басқару ісімен шұғылданатын инженер және экономист ретінде ғана емес, іскер басшы ерекше кәсіптің өкілі ретінде танимыз.Сонымен қоса менеджерлер арнайы даярлықтан өткен адам.

Кадр саясаты-бұл халық шаруашылығын, ондағы салаларды іскерлік қабілеті бар қызметшілермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидалар, принциптер және осылардан туындайтын факторлар, әдістер жиынтығы өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жүзеге асыра алады.

Кадр жұмысы - кадр саясатының мақсаты мен прициптерін жүзеге асыруда қамтамасыз етудің нышандары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары, кадрлармен жұмыс істеу жүйесіне кадрларды даярлау, орналастыру, пайдалану, мамандығын жетілдіру, орын ауыстыруын жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, іскерлікпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету т.б. жатады. Оны ұйымдастырудың нышандары мен тәсілдері басқару кадрлары категориясының ерекшеліктеріне қарай құрылады. Өндірісті басқару кадрларымен жұмыс жүйесі бірнеше негізгі элементтерден құрылады. Әрбір органға, буынға жіктелетін, басқару қызметінің көлемі мен сипатына қарай жалпы қызметшілер саны, олардың кәсіптік және лауазымдық құрамы айқындалады. Басқару кадрларымен жұмыс істеудің екінші элементі басқарма қызметшілерінің жекелеген категорияларының жауап беруге, тиісті талаптарын, яғни нені білу, нені істей алуын және сол лауазымдағы қызметшілер қандай істі меңгере алатындығын айқындау болып саналады. Ол үшін басшы мамандардың біліктілік моделін құру қажет,осыдан кейін өндірістің басқару жүйесіндегі кадрларды іріктеу, орналастыру және орын ауыстыруын ұйымдастыру шаралары басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет