4.Педагогикадағы әлеуметтану туралы түсінік.
Педагогика ғылымында «әлеуметтену» термині былай қарастырылады:
«Жеке тұлғаның әлеуметтік ортасындағы әлеуметтену процесінің жүруі білім икемділіктерін практикалық және теориялық іс-әрекетте меңгеру».
«Қоғамдық өмірдегі тәжірибелер және қоғамдық қатынастардың процесін меңгеру»;
«Әр адамның анықталған әлеуметтік ережелері, рольдері, функциялары, білік, шеберліктері адамдармен қатынас барысында қалыптасады»:
«Жеке тұлғаның тәжірибесі қарым-қатынас және іс-әрекеті, өмірлік ұстанымдары, өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі реттеушілік, даму процесінде біртіндеп дамып, кеңейе түседі»;
Жекелік – нақты құрылым, адамның ішкі әлемінің құндылықтары қоғамдағы тіршілік әрекетінің әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік ережелері, рольдік функциялары, әлеуметтік бейімделу интеграция және жеке тұлғаның интериозациялануы.
У.Бронфренбренердің пікірінше, әлеуметтену процесінің жиынтығы, индивидтің анықталған жүйедегі ережелері мен құндылықтарын игеруі, қоғамдағы сапалы мүшені қалыптастыру.
А.Н.Тесленко әлеуметтенуді «инвидтің әлеуметтік жүйедегі рольдерін жекелік дамудың ерекшеліктерін, табиғи факторлардың қоғамдық-тәртіптік құндылықтар мен ережелердің игерілген белсенді жолмен дамыған жүйесі» деп, қарастырған.
В.И.Соковнин жеке тұлға әлеуметтенуін күрделі процесс деп қарастырды және оның 3 деңгейін бөліп көрсетті.
Әлеуметтік педагогикадағы әлеуметтенудің анықталған түсініктері мыналар:
-«Қоғамдағы бағалы мәдениет және әлеуметтік ережелердің индивидтің өміріндегі процестерінің жүзеге асуы яғни оған арналған».
-Адамның әлеуметтенуі практикадағы күрделі жіктеулі процесс, әлеуметтік сапалары , тәжірибелері , рольдері іс-әрекеттері арқылы анықталған.
-Индивидтің мәдени тәжірибесінің даму процесі.
4 апта
7кредит сағаты
4 дәріс Тұлғаның әлеуметтенудің компоненттері.
Дәрістің мақсаты: тұлғалық әлеуметтенудің компонентін ашу, тұлғаның әлеуметтенуін механизмдерімен таныстыру.
Кілттік сөз: Әлеуметтену факторлар, әлеуметтенудің агенттері, әлеуметтенудің механизмдері, тәрбиелеушілік орта.
Негізгі сұрақтар:
Әлеуметтенудің факторлары, құралдары және агенттері.
Тұлғаның әлеуметтенуінің механизмі.
Әлеуметтенудің факторлары, құралдары және агенттері.
Әлеуметтену факторлары болып әлеуметтік әртүрлі жағдайларда пайда болған көптеген құрылымдағы өзара әрекеттестіктегі нәтижелердің туындауынан, одан белгілі бір іс-әрекетті және белсенділікті талап етуден көрінеді. Фактор түсінігі осы немесе басқа процестің қажетті бір шартымен анықталады. Педагогикалық ғылымда әлеуметтену факторы әртүрлі классификация болады. И.С.Кон әлеуметтік институт арасында тұлғаның әлеуметтену факторын келесідей бөледі: ата-ана отбасы, мектеп құрдастар қоғамы, массалы информация құралдары. Әлеуметтену факторының адамның бүкіл өмірінде сақталатын құндылығы бар-ол ұлтжандық, ментальдық этнос.
Ол туралы И.С.Кон, М.Мид және т.б. жұмыстарында айтылады. Отандық зерттеуші-ғалым М.Тажин тұлғалық қалыптастықтағы өмір сүру- оның әлеуметтенуіндегі қажетті фактор деп жазған. Әлеуметтену факторының саласында тәрбиелік іс-әрекеті де қарастырылады. Д.Локк «адам тақта сияқты жаны таза болып туылады. Осы тақтаға тәрбиеге жақсы болып табылған жазылады» деп айтқан К.А.Гельвеций «барлық адамдар туғаннан ақыл-ой және құлықтық потенциялы бірдей болуынан және психологиялық ерекшеліктері әртүрлі ортаның әсерінен және әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттен болатынын» білген. Н.К.Крупскидің айтуынша- «отбасы тәрбиелейді, барлық мектептегілер, көше тәрбиелейді, қоғамдық мекемелер тәрбиелейді, барлық қоршаған орта, болған іс-әрекеттер тәрбиелейді»
Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымда көптеген жұмыстар классификация б.т, А.В.Мудриктің ұсынысында 3 факторлар тобын бөледі:
Макрофакторлар (космос, планета, әлем, елдер, қоғам, мемлекет), әлеуметтенуге әсер ететін барлық планетаның тұрғындарын немесе белгілі бір мемлекетте тұратын өте үлкен адамдар тобын айтады;
Мезофакторлар-әлеуметтену шарттағы ұлттық белгілеріне байланысты үлкен адамдар тобы (этнос әлеуметтену факторы ретінде ); олардың орны мен типіне байланысты (аймақ, ауыл, қала); массалық коммуникация жүйесіндегі (осы немесе басқа) аудиторияға тиесілі (радио, телевидение, кино т.б);
Микрофакторлар оған нақты адамдар тобы жатады: Отбасы құрдастар тобы, микроәлеумет оқуда, қоғамда және басқада әлеуметтік тәрбие беретін мекемелер.
Сонымен қатар білім беру процесінде толық және сапалы орындауы әлеуметтнудің микрофакторлық деңгейінде болады.
Әлдеуметтену кең құралдардың таңдалуының белгілі бір қоғам үшін спецификалық, әлеуметтік қабат, адамдардың жасы көмегімен орындалады. Кейбір олардың ішіндегі маңыздысы- қоршаған орта және адамдар арасындағы қатынас жүйесі. Орта ролінің қайтабағалануы адам дамуы ортамен анықталатыны дәлелденген (Гемвеций, Дидро, Оуэн), мынадай қорытындыға әкеледі, адамдарды өзгерту үшін ортаны өзгерту керек. Бірақ орта- бұл адамдар сол себепті тұйық болады: ортасын өзгерте тура, адам өзін-өзі өзгертеді.
Бұл маңызды әлеуметтік тәрбиедегі құрамы тәрбиелеу. Ортасы және педагогикалық процестегі қатысушылар арасындағы қатынас жүйесі б.т.
Адамдардың әлеуметтену барысында адамдар маңызды роль ойнайды, оның өмірінде болатын тікелей бірлескен әрекеті әлеуметтену агенті деп аталады. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі агент құрамы специфиланған. Балаларға және жасөспірімдерге ата-аналары, ағалары және апалары, туыстары, құрдастары, көршілері, мұғалімдері қатынас жасайды. Осыдан орталық агенттің іс-әрекеті және тұлғалық қалыптасуы тұлға б.т. тәрбиелеушілермен педагогтар алдымен бала бақшада, кейін мектепте ПТУ, ЖОО-да және басқа білім беру мекемелерінде К.Д.Ушинский осыған байланысты былай деді «тұлғаға тәрбиелеушінің әсері жас жанды оқулықта, моральдық синтенцияларда, жазалау және кешіру жүйесі де орнын баса алмайтын тәрбиелеу күші құрайды». Педагогикалық процесте баланың әлеуметтену агенті педагогтар және тәрбиелеушілер, отбасы мүшелері және құрдастары б.т.
2. Тұлғаның әлеуметтену механизмдері.
Адамның әлеуметтенуі әртүрлі факторлар мен агенттердің бірлескен әрекеттері, әлеуметтену механизмдер ретінің көмегімен болады. Т.Тард еліктеудің негізгі механизмі деп санаған.
У.Бронфенбреннер-белсенді дамып жатқан адамзаттың және өзгерілетін шарттар арасындағы прогрессивті өзара аккомодация. В.С.Мухина әлеуметтену механизмінің сапасындағы идентификацияны және тұлғаның бейімделуін қарастырған, ал А.К.Петроский- тұлғаның даму процесіндегі бейімделу фазасының құқықтық ауысуы, индивидуализация және интеграция деген.
Педагогикалық көзқараста жалпы мәліметтерді иеленуді бірнеше әмбебап әлеуметтену механизмдеріне бөлуге болады, яғни әртүрлі жас кезеңдеріне байланысты адамдардың тәрбиелеу процесін қолдануға және есепке алуға болады.
Әлеуметтенудің психологиялық механизміне мыналар жатады:
Импретинг- адамдардың өміріндегі таң қалдырар жағдайларды, өмірлік маңызды обьектті оған әрекеттеуші ерекшеліктерінің рецепторлы және бейсаналы деңгейдегі адамның өзімен бекітіледі.
Идентификация-адам өзіне басқа адамдармен топпен, бейнемен теңестіру процесі.
Рефлексия- адам өзінің әртүрлі қоғам институтында меңгерген құндылықтарын қарастыратын, бағалайтын, қабылдайтын, итеретін ішкі диалог. Рефлексия процесінде ішкі диалогтың бірнеше түрі болуы мүмкін: Әртүрлі мен- адам арасында.
Әлеуметтенудегі педагогикалық механизмдерге мыналарды жатқызуға болады:
Әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі адамдардың өзіне, жанұясына және жақын қоршаған ортасына таң қалу көмегімен санасыз деңгейдегі көзқарастарын, әрекет эталондарын, адамдық нормаларды өзінің меңгеруін көрсетеді. М.Монтень жазған:
«...Біз өз қалауымызды қаншалықта қаласақта, дәстүрлер мен жалпыға тән ережелер бізді өзінің артынан тартып барады»;
Инструментальды әлеуметтену механизмі адамдардағы жинақталған білім мен әлеуметтік бекітілген құқықтық, тәжірибе, әлеуметтік норманы барысында адамдардың қоғамдық институттарымен ұйымдарынан конфликтілі және конфликтісіз қашу, яғни арнайы оның әлеуметтенуі үшін құрылған, басқа да құрылымдар сияқты сонымен қатар әлеуметтеуші функция өзінің негізгі функциясымен параллель жүзеге асырушы б.т.
Стильденген әлеуметтену механизмі белгілі бір субмәдениет аймағында әсер етеді-құқықтық-психологиялық бітістері және мінез-құлық көрінің кешені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адамдар типі немесе белгілі бір қабат, яғни белгілі бір өмір стилін және осы немесе басқа жас кезеңіндегі кәсіби немесе әлеуметтік топтық ойлауы.
Тұлғааралық әлеуметтену механизмі адамдардың өзара әрекетіндегі ол үшін субьективті мағыналы тұлғалар сыйлы ересек құрдастар.психологиялық механизмнің тұлғаға ауысуын эмпатия, идентификация көмегінен болады.
Педагогикадағы болған әлеуметтену механизмдерін анализдеп, жасөспірімдермен жұмыстық педагогикалық эффективтілігі біздің ойша инструментальды, стильденгген және тұлғааралық басқарушылық б.т.
Біздің пікірімізше, жасөспірімдермен психологтың педагогикалық эффективті әлеуметтену механизмдерімен жұмысында көрсетілген мыналар болады: бастапқы кезеңдегі еліктеу, сосын идентификация және рефлексия.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Әлеуметтену факторында не айтылады?
А.В.Мудриктің ұсынған классификациясы туралы айтыңыз?
Білім беру процесінде әлеуметтену деңгейі қаншалықты толық және сапалы орындалуы
Әлеуметтену механизмдерін қалай бөлуге болады?
Қолданылған әдебиет: Сабақтың графигімен байланысты.
5 дәріс.
Тақырыбы: Әлеуметтену түрлері.
1.Жыныстық ролдік және отбасылық әлеуметтену.
2. Еңбектік әлеуметтену, әлеуметтік білім беру.
Жыныстық ролдік және отбасылық әлеуметтену- жалпы әлеуметтену үрдісінің бөлігі болып табылады және екі өзара байланысты үрдісті қамтиды:
бұл индивидтің әлеуметтік тәжірбиені, психоәлеуметтік ұстанымды, құндылықтарды, бағытталуды меңгеруі, қандай да болмасын жыныс өкіліне тән мінез-құлық және іс-әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісі.
Өз және қарсы жыныс өкілінің ұқсастықтары мен ауыруларын тануы, қандай да бір жыныс өкілі ретінде өзін эмоционалды бағалау, қарым-қатынаспен іс-әрекетке өзінің менін бекіту.
Жыныстық ролдік әлеуметтену астарында әлеуметтік статус маңызды рол атқарады. Сонымен қатар тұрақты әлеуметтік функцияларды атқаратын-рольдің де маңызы ерекше.
И.С.Конның айтуынша жыныстық роль орындалуы ер немесе әйелдік статусты қамтамасыз ететін, белгілі жынысқа тәуелділік пен байланысты нормативтік шарттар, соңғы жылдардағы зерттеулер жыныстық роль-бұл жыныстық ролдік репертуардың толық кешенді екендігін көрсетеді. Жыныстық репертуарды шартты түрді бойынша бөлуге болады:
Ер адамдарға қандай іс-әрекет сфералары, қоғамдық еңбектік, кәсіби т.б. сай. Ал қайсыларға әйел адамдарға сай.
Отбасылық –бұл ерлі зайыптылық және ата-аналық болып бөлінеді. Олар ата-ананың, баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін анықтайды.
Жыныстық-жыныс сферада олардың арасында қарым-қатынасты анықтайтын ер және әйел адамның жыныстық мінез-құлқы.
2. Адамның барлық ерекше іс-әрекеті, белгілі міндеттерді орындауы еңбектік әлеуметтену үрдісінде қалыптасады, іс-әрекетке келер болсақ әлеуметтену үрдісінде индивид іс-әрекеттер коталогымен кездеседі.
Әрбір индивидтің еңбектік іс-әрекеті үнемі адамдармен өзара байланысты жүзеге асады.
Әлеуметтену ең бірінші іс-әрекет барыснда әлеуметтену тәжірбиесін меңгеру болса,әлеуметтену үрдісінің стадияларының класификациясы үшін олардың еңбек іс-әрекетіне қатынасынан көрінеді. Еңбек іс-әректіне қатынасына байланысты еңбек іс-әрекетінің 3 стадиясын көрсетуге болады:
еңбекке дейінгі , яғни адам еңбек іс-әрекетіне араласқанға дейінгі кезең. Ол мынадай кезеңдерге бөлінеді: туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі, бұл ерте әлеуметтену, жеткіншектік әлеуметтену, техникум, жоғары оқу орныда оқу т.б.
Еңбектік-адамның ересектік кезеңін қамтиды.
еңбектен кейінгі, яғни еңбек іс-әрекетінің тоқтауымен байланысты қарттық кезеңнің басталуы.
Жыныстық ролдік және еңбектік әлеуметтену тәрбиелік мекемелердегі әлеуметтік білім беруге байланысты.
А.Н.Тесленко әлеуметтік білім беруді мәдениеттің трансляциялау құралы ретінде санайды. Оның барысында адам үнемі өзгеріп отыратын социумның талаптарына адаптацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |