ТақырыпПсихологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.
Мақсаты: Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны АҚШ та ашылған ғылыми лабораториялардың ерекшелігі.
Ресейде дамыған ғылыми зерттеу орталықталықтарының жұмыс бағыттары мен өкілдері.
АҚШ – бұл елдегі эксперименталды психологияның пайда болуы мен құрылуы Европа елдеріндегі ғалымдардың тәжірибесі, идеяларымен өзара байланыс жасауына орай туындады. Бастапқыда американдық эксперименталды психология екі бағыт шеңберінде дамып отырды. Олардың бірі Э.Титченер арқылы Америкаға жетіп отырған құрылымдық психология болса, екіншісі негізін салушылар В.Джемс, Д.Дьюи, Д.Энжелл және т.б. болған функционалдық психология болды. Э.Титченердің мектебі вундттық интроспективтік психологияның белгілерін насихаттауды мақсат қылса, ал, функционалдық психология Г.Спенсердің, Ч.Дарвиннің, Г.Лейбництің, Х.Вольфтің идеяларын таратуды көздеген болатын. Сондықтанда, американдық эксперименталды психологияның жетекші теориялық принциптері европалық және философиялық психологияның идеяларын өз ішінде қамтыған болатын.
Психологияны эксперименталды ғылымға айналдыру тәжірибесіне- лабораториялар мен ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру және де Америка мен Германиядағы кейбір ғылыми мәселелерді қосуда көзделді. Германиядағы лейпциг лабораториясының тәжірибелік жұмыстарын байқап көру үшін Американдық эксперименталды психологияның негізін салушылар: Ст.Холл, Д.Кэттел, Д.Энжелл, Е.Скрипчер ұзақ уақытта арнайы жолсапарлар жасап отырды.
Америкаға келген бірінші психологтардың бірі ретінде Э.Титченерді, Г.Мюнстенбергті атауға болады. Кейіннен олардың қатарына К.Левин, Мак-Дауголл және т.б. қосылды.
АҚШ-тағы эксперименталды психологияның құрылуына елеулі үлес қосқандардың бірі Ст.Холл болды. Ол бірінші болып америкада эксперименталды психологияны ашты. Ол 1883ж. Балтимордағы Д.Гоппкинс ат. университетте ашылады. 1888ж. Ворчестерге келіп Ст.Холл онда, Кларкс университетінде Э.Санфорд бақарған екінші эксперименталды психологияны ашады. Ст.Холл есімімен байланысты көптеген ғылыми журналдар «Американский журнал психологии»(1877), «Педагогический семинар»(1891), «Журнал прикладной психологии»(1915) жарық көрді. Ст.Холл 1892ж. құрылған Американдық психологиялық ассоциацияның инициаторы, ұйымдастырушысы және бірінші президенті болды.
Ашылған бірінші психологиялық лабораториядан соң елдегі басқа университеттерде де осы тәрізді лабораториялар қатары құрыла бастайды. 1887ж. Пенсилвань және Йованск университеттерінде де Д.Кеттел мен Д.Пэтрик лабораториялар ұйымдастырады. 1888ж. Д.Ястров Висконсинск университетінде де ашылады. Сонымен қатар, Д.Болдуин негізін қалаған екі психологиялық лаборатория Торонто(1891) және Принстонда (1893) ашылады. 1891ж. Колумбийск университетінде психологиялық лаборатория құрылады. Ондағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушы Д.Кеттел болды. В.Джемстің оқу кабинетінің базасы негізінде 1892ж. Гарвардта (Г.Мюнстенберг) лаборатория ашылады. Сол жылдары Йеле де (Е.Скрипчер) және Корнеле де (Э.Титченер) психологиялық лабораториялар ашылған болатын. Ірі университеттер қатары мен бірге психологиялық лабораториялар жеті колледжде ашылды. ХІХғ. аяғына қарай Америкада жалпы есеппен 27 психологиялық лабораториялар мен кабинеттер бар екені анықталды.
1894ж. Д.Кеттел және Д.Болдуин төмендегідей белгілі журналдарды шығара бастайды: «Психологическое обозрение», «Психологические монографии», «Психологический индекс», «Психологический бюллетень»(1904).