А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып ХІХ‑ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар. Мақсаты



бет62/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   145
Тақырып ХІХ‑ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны

  1. Э.Б.Титченердің құрылымдық психологиясы.

  2. К.Штумпф, В.Джеймстің функционализмдік психологиясы.

Құрылымдық психология бағыты ‑ Вундт психологиясы бағытының басты «мұрагері» немесе тікелей оның мектебімен байланысты мектептің бірі болды. Құрылымдық психология бағытының өкілдері өздерін бұл мектептің негізгі лидерлеріміз деп санады және олардың ойынша психологияның басты міндеті сана құрылымын эксперименталды зерттеу деп білді. Құрылымдық ұғымы – олардың элементтері мен байланыстары деп түсіндірілді, сондықтан да мектептің бар күші психиканың бастапқы бөліктерін (санамен байланысты) анықтап, оларды құрылымдық негіздеу тәсілін жасау бағытында болды. Осындай идеяның, бағыттың негізін салған Вундт еді. Алайда, кейіннен Вундттың мектебі мен бағдарламасы құрдымға кетіп, оның мектебінде білім мен тәжірибе алған шәкірттері, ғалымдар бас тартады. Бірақ, бір ғана ағылшын шәкірті Эдвард Титченер бұл болған жайтқа қарамастан Вундттың идеясы мен ғылыми жетістіктеріне сеніп, тек Вундт ғана психологияны нағыз ғылымға айналдыра алады деді.
Оксфордта философияны оқып бітірген Э.Титченер (1867-1922) төрт жыл бойына физиология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 90ж. Англияда ол эксперименталды психологиямен айнылыса алмаған соң Лейцигке кетеді. Вундттың қасында екі жыл болып, ол өз еліндегі психология ғылымының «пионері» болуға ұмтылғанмен, бұл ойы жүзеге аспады. Сол себепті Титченер АҚШ‑қа кетеді. Онда 1893ж. Корнельск университетінде жұмыс атқарады. Осында 35жыл жұмыс жасап, Лейпциг лабораториясынан бар игерген, жинақтаған тәжірибесі мен білімін өзінің шәкірттерімен бөлісіп, бағдарламаны құрудың негізін салуға тырысты. Титченер «Экспериментальная психология» (1901-1905) еңбегін жариялайды, бұл оны атақты психологтар дәуірінің қатарына жетікізген болатын.
Титченер бойынша психологияның алдында «не?», «қалай?», «не үшін?» деп аталатын үш сұрақ бар.
Бірінші сұрақтың жауабы – бұл аналитикалық қатардағы міндеттерді шешу: зерттелетін пән қандай элементтерден құралғандығын анықтауды талап етеді. Осы элементтер қалай комбинацияланатындығын қарастыра отырып, ғылым ситездік міндетті шешеді. Психология қатысты бұл мәселе ‑ сананың қарапайым элементтері анықтап, олардың байланысындағы реттілікті ашу (мыс., тон немесе түстер контрастының өзара байланыс заңы).
Титченердің айтуынша «не үшін?» деген сұраққа психолог психикалық процестермен параллельді термин нерв жүйесі процестерімен түсіндіре отырып жауап береді деді.
Титченер сана өз құбылыстарынан тыс жасырынған, өзіндік құрылым мен материалдан тұрады. Бұл материяда элементтердің үш категориясы ажыратылды: түйсік (сапасы, қарқындылығы, нақтылығымен сипатталатын қарапайым процесс ретінде), бейне, сезім. Бұл үш элементке қатысты, байланысты қарсы пікірлердің бірінде қабалдамады. Вюрцбург мектебі сананың сезімдік бірліктеріне қатысты тағы да бір сезімнен тыс, бейнелерден еркін, тәуелсіз бірлік – «таза ой» қосылу керек дегенде Титченер ол көзқарасты қабылдамай, өзінің «мағынаның контекстік теориясын» қарсы қояды.
Қандай да бір обьекті туралы пікірлер, ойлар Титченер бойынша сезімтал элменттердің жиынтығынан құрылады. Кейін олардың белгілі бір бөлігі санадан шығып, тек негізгілері қалуыда мүмкін. Егер сыналушылар қандй да бір интеллектуалды тапсырмаларды шешуде сүйеніш болатын, мағынаның сезімталдық‑бейнелік құрамын саналы ұғынбайтын болса, онда ол жеткілікті түрде интроспекция әдісіне жаттықпағандығынан болады.
Осылайша Титченер интроспекцияның эсперимент, математикамен байланысы болатынан және ақырында психологияны жаратылыстану ғылымдарының стандартына жақындатынынан үмітін үзген жоқ. Дегенменде, Титченердің өмір бойғы зерттеулерінің нәтижелері мен мектебі біртіндеп құлдырай бастады. Тарихшы Р.Уотсонның пайымдауынша «соңғы 15жыл ішінде титченер лабораториясының жұмысы мен оның зерттеулері көлемі мен ғылымилығы жағынан еш нәтижелер бермеді». Титченер мектебінің құлдырауының себебін психологияның дамуындағы обьективті жағдайдардан іздеу қажет. 30‑жылд. оның тәрбиелеген көп шәкірттері белсенді түрде жұмыстанып жатқанымен, ешкім құрылымдық психология бағдарламасы бойынша зерттеулер жасаған жоқ.
Титченер өз кезегінде психологияның зерттеушілік аппаратына қатысты келесі идеяларын ұсынған:

  • Құрылымдық психологияның пәні болып – табиғаты қарапайым, талдау жүйесіне жатпайтын сана құрылымдары тыбылады.

  • Құрылымдық психологияның мақсаты болып – сана құрылымдарының эелементтерін зерттеу және олардың құрылымдық, комбинациялық ерекшеліктерін құру.

  • Психологияның ғылым ретінде келесі міндеттері болады: жан‑рухани күйді қарапайым бөліктерге бөлу; осы бөліктерді біріктіретін заңдылықты табу; осы заңдылықтарды физиологиямен өзара байланыстыру.

  • Зерттеу әдісі болып – интроспекция болуы керек.

Батыс европалық вариантта Функционализм бағытының негізін салған неміс психологы Карл Штумпф (1848-1936) болды. Ол Прага, Галль және Мюнхендегі университеттерде философия кафедасының профессоры болып қызмет атқарды. 1894ж. ол Берлин университетінде жұмыс жасап, психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Оның пайымдауынша: «психологияның зерттеу пәні психологиялық функиялар немесе актлер (қабылдаушылық, түсінушілік, қажет етушілік)» деп санаған. Ал, психологияның жеке зерттеу пәні Штумпф бойынша функциялар (немесе актлер). Яғни, субьекті өз актлері (немесе әрекеті) арқылы қоршаған дүниені танып, ондағы құбылыстарды ажырата алады. Функциялар арасынан Штумпф екі категорияны бөледі: интеллектуалды және эмотивті (немесе аффективті). Эмотивті функциялар қарама‑қайшы жұптардан тұрады: қуаныш және өкініш, ниет және бас тарту, ұмтылыс және қашу.
Бала кезінен музыкамен айналысқан Штумпф өзінің көптеген эксперименталды зерттеулерінде музыкалық тондарды қабылдауды зерттеуге назар салған. Осы мәселеге қатысты ауқымды жұмысының нәтижелері екі томдық «Психология тонов» атты еңбегінде жарияланған.
Штумпф музыканы мәдениет феномені ретінде қарастырды. Ол фонограммалар архивін жасап, онда әртүрлі халықтардың өзіне тән қарапайым музыкаларының 10мыңнан астам фонографикалық жазбаларын салды.
Ол балалар психологиясы бойынша зерттеулерге қатысып, неміс «Балалар психологиясының қоғамын» ұйымдастырды. Сонымен қатар, өзінің шәкірті В.Келердің Африкаға жасаған саяхатына бірге қосылып барып, онда адам тектес маймылдарды зерттеу жұмыстарына араласқан болатын. Оның атақты психолог болған басқада көптеген шәкірттері бар.
Штумпф және Бретаноның функционализмдік бағыты АҚШ‑та үлкен даңққа ие болып, жетекші психологиялық оқулардың бірі болған. Оның бағдарламасы құрылымдық психологияға қарсы болып, жеке адам психикалық функцияларының бірізділігі негізінде өзгермелі ортаға қалай бейімделеді деген міндетті қойды.
АҚШ‑та функционализмнің дамуы Вильям Джемс (1842-1910) есімімен тығыз байланысты. Ол Гарвард университетін бітіріп, медициналық және көркем‑өнер саласы бойынша білім алып шыққан. Оның психологиялық жұмыстарында тек тұтас көзқарастардың жүйесі ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заман психологиясындағы түрлі бағыттардың негізі – бихевиоризмнен бастап, гуманисттік психологияға дейінгі мәселелер кірістірілген. Джемс психологияны Америкадағы ең бір атақты ғылымдардың бірі жасады. Ол Гарвард университетінде психология ғылымының бірінші профессоры, бірінші психологиялық лабораторияның негізін салушы (1875) және Американдық психология ассоциациясының президенті (1894-1895) болды.
Джемс көптеген проблемалармен айналысты – бас миын, танымдық процестер және эмоцияны зерттеуден бастап, тұлға мәселесін зерттеуге дейін. Негізгі зерттеу сұрақтарының бірі болып ‑ сана табылды. Джемс «сана ағымы», яғни сыртқы қолайсыздық пен кей жағдайдағы бейсана психикалық процестердің ықпалына қарамастан адам санасы үзіліссіз жұмыс жасайды деген идеясының негізін салушы. Сананың күнделікті бөлінушілігіне қарамастан адам ойының үзіліссіздігі «өзіндік индентификация» мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан да, адам ұйқыдан оянғанда «ол өзінің өзі екендігін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ екендігін» лезде саналы ұғынады. Осы мысалы арқылы Джемс адам ойының тек үзіліссіз жүріп жататындығын ғана айтып қоймай, сананың динамизмі мен өзгермелілігін де ескертті. Джемс Гераклиттің «алғашқы құбылыстар қатысты адам санасы мен ойы әруақытта өзгереді» деген пікірін жалғастыра отырып, бір мәселеге қатысты адам ойының өзі екі жақты болуы мүмкін. Сана функциясы тек үзіліссіз және өзгермелі ғана емес, ол селективтілік, таңдамалылық, қабылдау және терістеу (қабылдамау), бір заттарды таңдау немесе оның белгілі бір параметрлерін жоққа шығару сияқты қызметті атқарады. Джемстің көзқарасы бойынша сананың жұмыс жасау заңдылығы психологияның басты міндетін құрады. Дәл осы сұрақ немесе мәселе төңірегінде Джемстің функционализм мектебі мен Титченердің құрылымдық мектебі арасында қайшылықтар болған еді. Титченерге қарағанда, жемс үшін басты мәселе болып сана элементтері емес, оның динамикалық тұтастығын көрсететін ағымы табылды. Сол себептен ол «ананың құрылымы емес, оның өзін, қызметін зерттеу керек» деп есептеді.
Сана қызметін зерттеу негізінде ол екі негізгі детерминантын ашады – зейін және әдеттер. Адамдардың белсенділіктері туралы айта келіп, ғалым психика – тек адамның практикалық іс-әрекетіне көмектесіп ғана қоймай, әлеуметтік бейімделуін жақсартып, кез-келген іс-әрекеттегі табыстылығына, сәтті болуына деген мүмкіндіктерін арттырады дейді. Джемстің көптеген көзқарастары функционализмнің философиялық теориясымен байланысты болған соң, ол қолданбалы психология саласына көп көңіл бөліп, оның теориялық психологиядан маңызыдылығы кем еместігін айтады. Әсіресе, психологияның педагогикамен байланысына ерекше назар аударды. Ол тіпті педагогтар үшін арнайы «Беседы с учителями о психологии» атты еңбегін жазып, онда тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктерінің жоғары болуы, балаларда дұрыс әдеттердің қалыптасуына әсер етеді дегенді дәлелдейді. Сонымен қатар Джемс тұлға проблемасына қатысты да көптеген мәселелерді талдап, зерттеген. Тұлға құрылымында ол - өзін-өзі бағалау (өзіне көңілі толу және толмау) мәселесіне талдау жасаған. Ол өзін-өзі сыйлаудың формуласын ұсынды: Өзін-өзі сыйлау (самоуважение) = табыс (успех)/ (притязания)
Джемс ең танымал «эмоция теориясын» өңдеп шығарды (дат психологы К.Лангемен бірге). Бұл теория эмоция мен физиологиялық өзгерістердің арасындағы байланысты көрсетеді. Джемстің айтуынша «біз жылаймыз, өйткені қайғырамыз, біреуді ұрамыз, өйткені ашулымыз, алаңдаймыз, өйткені қорқамыз», яғни біздің ағзамыздағы физиологиялық өзгерістер біріншіден эмоциямызға қатысты екендігін дәлелдеді. Джемс-Лангенің бұл теориялары кейіннен үлкен атаққа ие болады.
Джемс өз өмірінде психологияның медицина мен философиядан бөлек жеке ғылым саласы болып дамуына үлкен үлес қосты. Алайда ол қандай да бір психологиялық мектептің немесе жүйенің негізін қалаушы емес, бірақ Джемс тек психологиялық ғылымының дамуына ғана емес, философия мен педагогиканың дамуына да зор еңбек сіңірген ірі тұлғалы ғалымдардың бірі болып қала береді.
17 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет