Англия – бұл елде Америка, Германия, Ресейге қарағанда эксперименталды лаборатория ны құру соншалықты белсенді және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде болмады. Англиядағы бірінші психологиялық лаборатория 1897ж. Кембриджде ашылды. Оның басшылары алдымен Р.Риверс, ал кейін С.Майер (1912) болды. Келесі лаборатория 1897ж. Лондондағы университет жанындағы колледжде ашылады. Оның негізін салған Дж.Салли болды. 1900ж. бастап Англияда ұзақ уақытқа дейін басқа психологиялық лабораториялар болған жоқ. Тек, 1903ж. ғана астананың Корольдық колледжінде үшінші кішкене психологиялық лаборатория ашылған болатын. Оның негізін салған С.Майер. Үш жылдан соң (1906) В.Смит Эдинбургте лаборатория ашылады. Сол қалада 1912ж. эксперименталды педагогика саласы бойынша лаборатория ұйымдастырылады. 1910ж. дейін лабораториялар Манчестер мен Глазго қаласында пайда болады. 20‑30ж.ж. Англияда институттар қалыптасады: 1922ж. Лондонда Ұлттық Өндірістік психология институты (С.Майер), 1936ж. Оксфордта Эксперименталды психология институты (В.Браун).
Психологиялық лабораториялармен қатар, Англияда ғылыми психологиялық ассоциациялар пайда болады. Психология бойынша шығатын ғылыми баспалар ішінен 1875ж. А.Бэн негізін салған әлемдегі бірінші «Душа» деп аталатын журнал болды. Сонымен қатар, 1904ж. Р.Риверс, С.Майер, Д.Уорд редакторлық еткен «Британский журнал психолгии» деген баспа болды.