Тақырып Соғыс жылдары (1941‑45ж.ж.) мен 80 ж. ортасына дейінгі кеңестік психология.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны ХІХ ғ. Ресейдегі әлеуметтік мәдени жағдайлар.
Ресей қоғамының рухани өмірі батыс мәдениетінің жалпы даму бағытымен өте тығыз байланысты болды. Сонымен қатар, бұл байланыс – Ресейдің әлеуметтік және тарихи дамуында өз бейнесін көрсетіп, кеңес ғылым қалыптасуына әсерін тигізді.
ХІХғ. 60 жылдары‑ресей тарихы мен ғылымының дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Цензуралық биліктің әлсіреуі, либералды баспалардың ашылуы, университеттерде философия және психология бойынша курстардың қайта қалпына келуі қоғамның прогрессивті үмітін арттырды және Ресейде ағарту саласы бойынша жаңа реформалардың бастау алатынына сендірді. ХІХғ. 60‑70ж.ж. ресей жері үшін жарқын, адамзат тұлғасының рухани өмірінің ашылуы, теңдіктің орнауы сияқты жағымды эмоционалды жылдар ретінде есте қалды. Жаңа реформаны қабылдау‑Ресей үшін маңызды роль атқарып, алдағы уақытта қандай бағытта іс‑әрекеттер атқару керектігін шешу еді. 60ж. Ресейдегі әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бүкіл қоғамның, ғылымның тарихына үлкен әсерін тигізді.
Ағарту мәселесі, яғни білім көздерінің таратылуы Ресейде ең бастысы журналдар көмегімен жүзеге асты. Бұл кеңестік ғылым мен мәдениеттің дамуында үлкен роль атқарды. Либералды интеллигенцияның орталығы болып‑ «Европа Хабаршысы» деген журнал табылды. Бұл журналдың шығуына серіктес болған сол замандағы жетекші ғалымдар мен жазушылар: И.С.Тургенев, Л.Н.Толстой, И.А.Гончаров, И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин, А.Н.Пыпин, Н.И.Костомаров т.б. болды. Кейіннен бұл журнал мәдени өмірдің негізі және әдеби‑саяси жинақтардың біріне айналады.
Осы өзгерістердің барлығы психология үшін ресей менталитетін тану, ресей халықтарының психологиялық ерекшеліктерін сипаттау немесе сол кезеңдегі «ұлттық ерекшелік», «халық руханияты» сияқты терминология бойынша, қоғамының барлық мүшелері үшін жалпы халық құндылығы, мақсаты, ұмтылысы, наным‑сенімі төңірегіндегі мәселелерді зерттеп білумен байланысты болды. Ал «халық руханияты» деген түсінікте көбінесе: тілі, аңызы, мифтары, салт‑дәстүрлері т.б. айтылды.
Бұл мәселелер бойынша алғашқы зерттеулер белгілі философ Н.И.Надеждинға қатысты еді.
ХІХғ. ортасында ресей психологиясы жеке тұлғаға деген өзіндік көзқарастардың қалыптасуымен және оның қоғамдағы ролімен байланыста болды, ал ең бастысы‑ кеңестік психология ғылымының өз болмысының психикалық және ғылыми тұрғыдан басқа ғылымдардан, әсіресе европалық психологиядан ерекшеленуі, методолгиясының, зерттеу пәнінің құрылуы еді. Бұл Ресейдегі жаратылыстану ғылымдарының және ғылыми жетістіктердің көркейе бастаған жылдары болатын. Ол психология ғылымының дамуынада өз үлесін қосты. Сол уақытта жаратылыстану ғылымдары сияқты, гуманитарлық ғылымдарда адам мен қоғамның дамуының негізгі заңдылықтарын ашуға бағытталған универсалды теорияларды жасау тенденциясына ұмтылған еді. Бұл бағыт А.В.Веселовский, А.А.Потебни, И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин сияқты ғалымдардың концепцияларында орын алды. Дегенмен, осы дәуірдің ғалымдары тек көптеген маңызды сұрақтар бойынша айналысып қоймай, олардың ішінде ескі немесе дәлелденген фактлерге де жаңа бағыт пен зерттеуді ұсына білген ғалымдарда болды. Олар: XIXғ. 60-80ж.ж. И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин, Веселовский, А.А.Потебня болды.
Ресей психологиясында тұлға мәселесін зерттеу бойынша екі ғылыми бағыт қалыптасады:
Н. Чернышевский – «антропологиялық принцип» бойынша, мінез‑құлық туралы ғылым ‑ И.М.Сеченов, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский еңбектерінде көрініс береді.
П.Юркевич, В.Соловьев – «теологиялық принцип» бойынша өрбейді. Н.А.Бердяев, Е.Н.Трубецкий, С.Л.Франк еңбектерінде көрініс береді.