Скиннердің оперантты үйретуіндегі нығаю мәселесі
Оперантты үйретудің мәні – нығайған мінез – құлықтың қайталанатындығында, нығаймаған мінез құлықтың қайталанбауғатырысатындығында. Яғни нығаю концепциясы Скиннер теориясында маңызды роль ойнайды.
Сонымен қатар оперантты үйретуге үзілмелі нығайтулар әсерін тигізеді. Көптеген нығайту тәртіптерін екі негізгі параметрге сәйкес түрге бөлеміз:
1.Нығайту алдыңғы нығайтудан кейін белгілі бір немесе кездейсоқ уақыттың интервал өткесін ғана маңызды болып көрінеді. Мұны уақыттық нығайту деп атайды.
2.Нығайту маңызды орынды тек нығайту сәтінен бері көптеген айқын немесе кездейсоқ реакция көлемдері алынса, маңызды орын алады. Бұл пропорционалды тәртіп деп аталады.
Үйретумен айналысатын теоретиктер нығайтудың екі типін мойындайды: бірінші және екінші.
Бірінші нығайту – бұл нығайтатын қасиеттер бар қандай да болмасын объект немесе оқиға. Адамдар үшін бірінші нығайту стимулы – азық, су, физикалық қоқайлылық. Олардың құндылықтық мәні үйретуге тәуелді емес.
Екінші немесе шартты нығайту – бұл өткен тәжірибемен шартталып, бірінші нығайтумен тығыз ассоциациялану арқылы қасиеттерге ие болған қандай да болмасын объект немесе оқиға. Оған мысал ретінде адамдарда көңілдің, бауыр басушылықтың, жаңа бағалардың пайда болуы.
№ 28 дәріс
Тақырып Шетелдік психологияның жаңа бағыттары
Неофрейдизм бағыты дамуы (К.Хорни, Г.Салливан).
Гуманистік психология сипаты (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс).
Абрахам Харальд Маслоу Нью –Йорктің Бруклин деген жерінде 1908 жылы дүниеге келген. Адамға деген экзистенциалистік көзқарас нақты уақыт пен кеңістікте өмір сүретін және адам болмысының бірегейлігін нақты және спецификалық түсінуден бастау алады.
Экзистенциалисттер біздің әрқайсымыз тіршілік әлемінде өзіміздің тірлігімізді және ақырғы өлімімізді саналы және ауыр қабылдап өмір сүреміз. Біз әлемнен тыс тіршілік етпейміз және әлемнің біздерсіз мәні жоқ.
Экзистенциалисттер адамның тұқымқуалаушылық факторының немесе қоршаған орта әсерінің жемісі деген түсінікті жоққа шығара отырып, біздің әрқайсымыз соңында өзіміздің кім екенімізге және кім болып қалыптасатынымызға жауаптымыз. Сартр айтқандай: «Адам өзін - өзі қалыптастырушы. Бұл экзистенциялизмніңбірінші принципі». Олардың ойынша, біздің әрқайсымызға шақыру міндеті тұр. Бірегей адам – заттық еркіндік және жауапкершілік ауыр, әр үрей тудыратын міндет болуы мүмкін. Экзистенциалистердің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің тағдырлары үшін жауапты екеніне сезінеді, сондықтанда олар түңілу, жалғыздық және мазасызжық сезімдерін бастан кешіреді.
Белгілі бір уақытта берілген орында ағымына тасталған адамдардың өздері істейтін әрекетті таңдауға жауапты. Бұл егер адамдарға таңдау еркіндігі берілсе, онда олар міндетті түрде өздерінің қызығушылықтары арқылы іс - әрекет жасайды деген сөз емес.
Таңдау еркіндігі – бұл таңдау мүлтіксіз және саналы болуына кепілдік бермейді.
Егерде бұл солай болса, адамдар түңілу мен мазасыздықтан, кінәдан және т.б. көптеген жағымсыз әсерлерден жапа шекпес еді. Экзистенциалистік философия әр адам өз іс - әрекеті үшін жауапты деп түсіндіреді. Бұл гуманистік психологияның көзқарасымен сәйкес келеді. Гуманист теоретиктер сондай – ақ әр адамөз іс -әрекетінің және өмірлік тәжірибесінің басты құрылысшысы деген көзқарасты ұсынады. Адамдар – ойлаушы тіршілік иесі, өзіс - әрекетінің шешуші және еркін таңдаушы.
Гуманисттік психолог үшін бұл көзқарас нағыз трагедия және ол өоның өмірлік мүмкіншіліктерін шектейтіндіктен адамның кім болатынын белгісіздікке ұрындырады. Егер кімде кім нақты өмір сүруден бас тартса сатқын болады. Кімде кім адами мәнін сатса да, тіршілігінің негізгі сұрақтарын шешуге қабілетсіз болып келеді.
Сонымен, экзистенциалисттер біреуге оның жалғыз шындық субъективті немесе жеке, бірақ объективті емес. Экзистенциалисттер де, гуманисттік психологтар да субъективті тәжірибенің маңызы. Адамдарды зерттеу мен түсінудің негізгі феномені деп қарастырады.
Маслоу айиқандай: «Тәжітибені еш нәрсе де ауыстыра алмайды.» өзінің әр түрлі теориялық еңбектерінде гуманисттік жеке тұлға теориясын өзіндік қорытындыларды жасады. Оның персональдық бағыты соңғы 50 жылда басым болып келген. Әсіресе психоанализден, бихеоваризмнен ерекшеленуі.
Біртұтас ретіндегі индивид. Маслоудың гуманисттік көзқарасының негізгі тезисі әр адамды біртұтас ұйымдасқан бірлік ретінде зерттеу қажет. Маслоу психологтар көп уақыт басты зерттеуде бөлек құбылыстарды талдауға мән бергенін білді. Осы метафораны қолдана отырып, психологтар орманды емес, ағаштарды зерттеген. Маслоудың теориясы алғашқыда адамның индивидуалдығын бұрмалайтын бөлек іс - әрекет құбылыстарымен айналысатын осындай теорияға қарсы дамиды. Маслоу үшін адамның қалың генетикалыұқ психологиясының нақты баяндауынша: «біртұтастық – оның бөлшектерінің суммасынан ерекшеленеді және одан көп». Маслоудың теориясында мотивация оның организмнің бөліктеріне ғана емес адамға тұтастай әсер етеді. Маслоу жеке тұлғаның орталық сипаты бірлік және жалпы да деді.
Жануарларға эксперемент жүргізудің орынсыздығы. Адамның және жануардың іс - әрекетінің арасында үлкен айырмашылықты мойындайды. Олар үшін адам – жай жануарларға қарағанда, жоғарырақ, тіршілік иесінің ерекше түрі. Адамның жануар әлеміне жататынын мойындайтын бихевористерден ерекшеленген. Маслоу адамды басқа жануарлардан өзгеше деп қарастырады. Адамды түсінуде жануарды қолдану орынсыз. Өйткені тек адамға ғана тән мысалы, идеал, құндылық, ерлік, сүйіспеншілік, қызғаныш, кінә сияқты сипаттарды бұрмалайды.
Адамның ішкі табиғаты. Фрейдтің теорясы бойынша адамдар санасыз және иррационалды күштердің ықпалында болады. Егер инстинкті импульстарды бақыламаса, онда оның нәтижесі адамның өздерімен өзгелерді құртуы болып табылады. Маслоу бойынша адамдардың бойындағы бұзушы күштер қандай да бір туа біткен кемістік емес, фрустрацияның немесе қанағаттандырылмаған қажеттіліктердің нәтижесі болып табылады.оның ойынша әр адамның бойында табиғатынан жағымды өсуіне жіне өзін - өзі қалыптасуына деген потенциялды мүмкіндіктер береді.
Адамның шығармашылық потенциялы. Маслоу алғаш болып шығармашылықты адамның әмбебап сипаты деп көрсетті. Оны адам табиғатының бөлінбес құрамы ретінде сипаттай отырып, Маслоу шығармашылықты адамның барлығында туа пайда болатын бір қыры деді. Кейбір адамдар бұл қасиетті жоғалтқан адамдар арасында болса да, заттарға жаңа тікелей қараудың әдебін сақтап қалады және оны уақыт өте келе қалыптастыруға қабілетті. Мслоудың пікірінше шығармашылыққа қабілеттілік біздің әрқайсымыздан болғандықтан ол арнайы талап пен қабілеттілікті талап етеді. Шығармашылық атағы болуы үшін кітап жазудың, музыка ойлап шығарудың немесе бейнелеу өнерінің қажеті жоқ. Мұны салыстырмалы түрде кейбір адамдар жасайды. Шығармашылық - өзін-өзі көрсетудің барлық формасына әкелетін адамның әмбебап қызметі. Мысалы, шығармашылық диск – жекей, програмисттер, бизнесмендер, сатушылар, колледждің профессорлары да болуы мүмкін.
Психикалық денсаулыққа қойылатын акцент. Маслоу Фрейдтің ауруларды паталогия және жаман бейімделудің зерттеуін сынады. Ол психоаналитикалық теория бір жақты, оған жан – жақтылық жетіспеді деп есептеді. Бұл кемшілікті түзеу үшін Маслоу психикалық дені сау адамға көңіл бөлді және ол адамды түсінуге психикалық аурумен салыстыруменбасқа көзқараспен қарады. Ол біз психикалық ауру адамды, психикалық дені сау адамды әмбебап психологияның ғылымының негізі ретінде қажет деді. Гуманисттік психология өзін - өзі жетілдіру, адам өмірінің негізгі тақырыбы – психикалық ауытқуы бар адамды зерттеу мен шщектеліп қоймайтын тақырып деп есептеді.
Маслоудың еңбектері 1960-1970 ж.ж/ғы психологтар арасында қолдау тапты. Оның қуанышты, махаббатты, шығармашылықты, таңдау мен өзін - өзі жүзеге асыруды зерттейтін бағытты адамның іс - әрекетін механикалық және дегуманизациялық моделдеп қарастырушылар үшін оптимистік альтернатив болды. Сонымен гумманистік психология дені сау адамды үйлесімді жеке тұлғаның дамуының шегіне жеткен адамды зерттейді. Сонымен қатар Маслоу мотивацияны зерттеу арқылы «қажеттілік иерарсиясын» жасады. Ол мына деңгейден тұрады:
1.Физиологиялық қажеттіліктер – бұл төменгі дене организмдерін басқаратын қажеттіліктер. Тыныс алу, тамақ қорғаныш қажеттіліктері, және сексуалды қажеттіліктер.
2. әлеуметтік қажеттіліктер – бір адамды бір ғанаадамдармен қарым – қатынас қанағаттандырады. Кейбіреуінде қарым – қатынас қажеттілігі өте күшті көрінеді.
3. сенімділік қажеттіліктер – материалдық жағдайға ұмтылу, денсаулық, қартайғандағы қамтамасыздық және т.б.
4. сыйлау қажеттіліктер - өз беделін түсіну, мұнда сыйласу, бедел, әлеуметтік табыс маңызды.
5. жеке адам дамуы қажеттіліктері - өзін - өзі дамыту белсендіру, әлемдегі өз орнын түсіну.
Маслоу мынадай мотивация принциптерін анықтады:
мотивтер иерархиялықжүйеден тұрады.
Мотив деңгейі жоғары болса, өмірге – керек қажеттіліктер өседі.
төменгі қажеттіліктер өтелмей тұрып жоғары қажеттіліктер қаралмайды.
Қажеттіліктер көтерілсе, белсенділікте дамиды.
Жақсы жағдайдың болмауынан адамның (тамақ, демалу) физиологиялық қажеттіліктер маңызды қажеттілікке айналады. Егер базалық қажеттіліктер қанағаттандырылса адамда жоғары қажеттіліктер (даму, өзін - өзі түсіну, өмір маңыздылығын іздеу) көрінеді. Көптеген адамдарға «өмір невразы» тән. Сонда адам өзіне не үшін өз өмірімнің мағынасын түсініп, өзінің қабілетінбарынша дамытса ол біртіндеп жеке тұлға дамуның жоғары деңгейіне жетеді.
К.Роджерс бойынша адам психикасында 2 туа пайда болатын тенденция бар.
1. Өзін - өзі өзекткндіретін тенденция
2. біздің ағзалық үрдіс – жеке тұлғаның дамуының бақылауы мен механизмі. Бұл тенденцияның негізінде адамның даму үрдіснде «мен» деп аталатын ерекше тұлғлық құрылым пайда болады. Оған «идеалды мен» және «реалды мен» кіреді. Бұл екі құрылым толықтай үйлесімділіктен толықтай үйлесімсіздікке дейін өзара курделі қарым–қатынаста болады.
К. Роджерс бойынша өмірдің мақсаты туа берілетін потенциялдытолық жүзеге асыратын тоықтай қызмет атқаратын адам болу, яғни өзінің барлық қыбілеттерін, талантын қолданып, жүзеге асыратын өз потенциалын толық пайдаланатын және толықтай өзін тануға ұмтылатын өзінің ішкі әлемін шыни табиғатын білуге ұмтылатын адам болу.
№ 29 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |