А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Батыс еліндегі психологиялық зерттеулер. Мақсаты



бет85/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   145
Тақырып Батыс еліндегі психологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Батыс еліндегі психологиялық зерттеулер туралы білім беру.
Дәрістің мазмұны

  1. Кеттелдің тұлға теориясы

  2. Б.Скиннердің тұлға теориясына қатысты зерттеулері.

Рэймонд Бернард Кеттел 1905 жылы Англияда, Стаффордширда дүниеге келген. 16 жасында Лондон университетінің Королдық колледжіне түседі, онда химия және физика басты оқытылады. Оқуды аяқтап, үздік диплом алуға бірнеше айлар ғана қалғанда Кеттел өзінің физика ғылымдары бойынша алған кәсіби білімінің оны әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылықтарын қанағаттандырмайтындығын түсінеді. Кеттелдің жеке тұлға теориясының құрылымына көптеген белгілер кіреді. Олар жеткілікті және осы белгілердің тұқымқуалаушылық және қоршаған орта әсерімен байланыстылығын, сонымен қатар, генетикалық фактор мен қоршаған орта факторларының өзара байланыса отырып, мінез – құлыққа әсер етуін құрайды. Кеттел бойынша тұлғаның дамуы мен қызметі теориясы дәл өлшеулер мен зерттеу әдістері арқылы жасалуы тиіс. Оның тұлғаны зерттеу әдістері – мультивариативті статистика мен факторлы талдау.
Персонолог адамның ситуациядағы мінез- құлқын алдын – ала анықтау үшін, тұлғааралық белгілерімен қатар, сол сәттегі тұлғаның көңіл күйі, ситуациядағы маңызды әлеуметтік рөлі сияқты айнымалылықтарды да білуі керек. Сонымен қатар берілген ситуация үшін әр тұлғалық белгіні маңыздылығына қарай да орналастыра алу қажет. Мысалы тұлға эмоционалды қоздыратындай жағдайға тап болса, оның жауап реакциясын алдын – ала анықтауды үйрену белгісін жоғары қою керек. Кеттел спецификация теңдігі формуласы арқылы адамның мінез – құлық формуласын алдын – ала болжап анықтауға болады деді.
Кеттелдің тұлғалық концепциясы - өзі анықтаған тұлғалық белгілердің типтерін сипаттауболып табылады. Тұлға белгілерінің әртүрлі уақыттағы түрлі ситуацияға белгілі бір образда жауап беру тенденциялары болады. Осы тенденциялардың әрекет спекторы үлкен болады. Кеттел факторлық талдау жүргізу арқылы тұлға белгілерін жіктеуге болады деді. Кеттелдің тұлға белгілерін жіктеу принциптерін қарастырайық.
Сыртқы белгілер – негізгі белгілер. Сыртқы белгілер бақылау барысында ерекше бірлікте, байланыста болатын мінез – құлық сипаттамаларының тұтастығын көрсетеді. Мысалы ойлауға қабілетсіздік, шешімсіздік, тынышсыздану көріністері өзара бір – бірімен байланыса отырып, невротизм сыртқы белгісін көрсетеді. Олар үнемі болмайды.
Негізгі белгілер, керісінше тұлғаның негізін құрайды. Адамның мінез – құлқында әр уақытта болады. Олар тұлғаның терең деңгейінде болып, ұзақ уақыт кезеңде мінез – құлықтың түрлі формаларын анықтайды.
Кеттел факторлық талдауды қолдана отырып кең зерттеу жұмысын жүргізіп, тұлғаның негізін қалаушы құрылымы 16 негізгі белгілерден құралған, қалыптасқан деген қорытынды жасады. Соған байланысты «16 тұлғалық фактор» деп аталатын Кеттел саулнамасы қолданылады. (1 кестені қарау).
Конституционалды белгілер – қоршаған орта арқылы қалыптасқан белгілер. Негізгі белгілерді Кеттел олардың шығу көзіне байланысты 2 топқа бөлді. Конституционалды белгілер – индивидиумның биологиялық, физиологиялық ақпаратына байланысты дамиды. Мысалы адамның анашага құмарлығынан сауығуы күтпеген жерден қозу, мазасызданудың себебі болуы мүмкін. Бұл адамның физиологиясындағы өзгеріс оның тұлғалық белгілерінде байқалатындығын дәлелдейді. Қоршаған орта арқылы к – қалыптасқан белгілері - әлеуметтік, заттық қоршаған орта әсеримен байланысты болады. Бұл белгілер үйрену негізінде қалыптасқан мінез – құлық стилін бейнелейді және қоршаған орта арқылы қалыптасқан тұлғаның моделін қалыптастырады.
Жалпы белгілер – айрықша белгілер. Жалпы белгі – бір мәдениет өкілдерінде түрлі деңгейде болатын белгі. Мысалы интеллект, өзін - өзі бағалау, интроверсия. Униалды белгілер – барлық адамға тән емес белгілер, тек бір адамда ғана кездесуі мүмкін. Олар қызығушылық пен бағыт, ұстанымға байланысты болады.
Кеттел бойынша факторлық талдау процедурасын жүзеге асыру үшін мәлімет жинақталуы тиіс. Олар: шындық өмір фактілері (L –мәлімет), анкета арқылы алынған өзіндік бағалау мәліметі (Q – мәлімет) және объективті тест мәліметі (ОТ - мәліметі).
Қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі.
Кеттел тұлға белгілерінің дамуына қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың әсерін анықтауға тырысты. Осындай мақсат негізінде статистикалық процедура – «көпфакторлы абстрактылы вариантты талдау» әдісін өңдеді. Мұнда бір отбасында өскен бір жұмыртқалы егіздер арасындағы және сиблингтер (ағасы мен қарындасы) арасындағы, бірге туған аға – қарындас арасындағы ұқсастықтар жөніндегі мәліметтер жинақталады. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілерінің үштен екісі қоршаған орта әсерінен, ал үштен бірі ғана тұқым қуалаушылықтың негізінде қалыптасады. Адамның мінез – құлқына оның өз тобы маңызды әсер етеді (отбасы, құрдастарының ортасы, мектеп, ұлты).
Баррес Фредерик Скиннер Пенсильванияштатының Саскуэхан қаласында 1904 жылы дүниеге келді. Тату – тәтті жанұясында тәртіп қатал болғанымен білім құрметтеліп, қажет кезде мақтау да айтылып отырды. Балалық шағында уақытының көп мөлшерінұсақ нәрселерді, мысалы, самокат, әлпеншектерді оңдауға бөледі. Осы қызығушылығы кейінен бақылауға деген ұмтылысқа ауысты.
Скиннер 1926 жылы ағылышын әдебиетінен гуманитарлық ғылымдарының бакалавры деңгейін алып шығады. Колледж бітіріп жазушы болуға үйіне келеді. Бірақ ақын Роберт Фростың «Мен мақсатсыз оқып, мақсатсыз кемелердің құрылысын жасап, тек жаңа радиотолқындарды тыңдап, жергілікті газеттерден күлкілі мақалаларды оқыппын. Бірақ ештеме жазбай тек психиаторға баруды ойладым.» деген хатында ол мақсатын өзгертті. Соңында Скиннер жазушылықтан бас тартып, психологияны оқып, меңгеру үшін Гарвардтық Университетке түседі.
Сктннердің ғылыми қызметі көптеген мақтау қағаздарымен толтырылды. Ол көптеген кітаптардың авторы болып табылады. Оның кітаптарының ішінде «Ағзаның мінез – құлық әрекеттері», «Адам ғылымы және мінез - құлқы», «Вербальды мінез – құлық», «Нығаю тәртібі» сияқтылары ерекше бағаланады.
Скиннер қоршаған ортаның жағдайларымен мінез – құлықты жеткілікті түрде айқындап, алдын – ала айтып, оны бақылауға болады дейді. Мінез құлық іс - әрекетін түсіну – оны бақылау дегенді білдіреді.
Мінез – құлық талдауларында адам мінез – құлық реакцияларының жиынтығын игерген ағза болып қаралады. Ол – генетикалық шарттардың және айналадағы жағдайлардың біріккен істерінде қосылатын нүктесі, локусы. Ешкім ол адамдағыдай генетикалық белгілерге ие емес және ешкімде ол адамдағыдай өткен өмір жоқ.
Скиннер бойынша жеке тұлғаны зерттеу – ағзаның мінез – құлқы және оны нығайтатын арасындағы өзара қарым – қатынастың өзіндік бейнелі сипатын анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет