7. Орта кәмелеттік жас: өнімділік – инерттілік (селсоқ) Жетінші стадия адам өмірінің 26-64 жас аралығын қамтиды. Мұндағы негізгі мәселе өнімділік пен инеррттілік арасындағы таңдау. Өнімділік – адамның келесі ұрпаққа деген уайымы, болашақ ұрпаққа өмір сүруі. Эриксонның ойынша әрбір ересек адам өзінің жауапкершілігін қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Өнімділік бұл өзінің балаларына деген қамқорлықтан көрінеді және оларға өмірде дұрыс бағыт таңдау жолын көрсетуге көмектесуден көрінеді. Жастар қоғамын құруға өзінің уақыты мен күшін жұмсайтын адамдардың әрекеттері өнімді болып келеді. Өнімділіктің шығармашылық және өндірістік элементтері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады (мысалы, техникалық құрылғылар, идеялар, өнер туындылары).