А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Мәжит Мұқанов (1920-1985)



бет91/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145
Мәжит Мұқанов (1920-1985) қазақтың ғылыми психологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ырғыз ауылында туған. 1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясын, халқымыздың батырлық дәстүріне талдау жасайды. 1980 жылы докторлық диссертация қорғап профессор атанады. Ол жалпы психология жас педагогикалық, этноспсихологиясынан жазылған көптеген еңбектердің авторы.
Ғалым көп жылдар бойы интеллект мәселесіне бұлардың адамның жан-дүниесіндегі алатын орнын анықтауға жалпы ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағытталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүруы ортасына тіршілік жағдайы мен әлеуметтік жағдайына байланысты екенін анықтады.
М. Мұқанов жүргізген енді бір экспериментінде оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығын анықтады. Мысалы, көшпелі ата-бабамыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы түрлі ақпарат-хабар мөлшерінің аздығы, зақатың суырып-салма шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған. өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін түйіндей келіп, М. Мұқанов адамның ойлау әрекеті өзгермейтін және өзгермелі болатындығын, мұның өзі қоғамдық әлеуметтік кезеңнің біреуінен өткенде келесіде ойлау механизмі өзгеріске түсіп отыратындығы адам интеллектісінің өзгермейтін жағы психологиялық дамудың алғы–шарты және басты тірегі ретінде қоғам дамуының кісінің ой өрісі шарттас болатындығын мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алатындығын дәлелдеп берді.
М. Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б.) диссертация қорғап, осы салада бірер еңбек жазылды. М. Мұқанов ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі.
30 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет