Пререквизиттер: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні.
Постреквизиттер
Қазақ тілі грамматикасынан мол мағлұмат алады.
Қазақ тіліндегі грамматикалық емле, ережелердің анықтамасы, оны практикалық жұмыстарда пайдалану, түсіндіру әдістемесін меңгереді.
Емле, ережелердің қолданылу ерекшелігімен таныс болады.
Реферат, ғылыми баяндама, бақылау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дайындау дағдыларын меңгереді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап бергенде ғана алады.
1.Сабаққа қатысуы. Сабаққа міндетті түрде келу керек. Өтпеген сабақтарды толық түрде студент оқытушыларға өтеп, оқығанын дәлелдейді.
2. Аудиториядағы жағдайы: Студент сабаққа кешікпеуі керек, ұялы телефонды өшіріп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысып отыруы тиіс. Сабақ уақытында студенттің өз пікірін дәлелдеп, сабаққа белсене қатысуы, берілген тапсырманы уақытында орындауы есепке алынады.
Сабақ уақытында сабақтан сұрануға, бос әңгімеге, басқа біреуге кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.
3. Семинар сабақтарына әзірленуде сұрақтың мазмұнына мән беріп, керекті материалды ғана жинақтап, нақты мысалдармен түсіндіруге тырысыңыз.
4. Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстар орындалуы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, ол дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.
Сабақ үлгілері талапқа сай құрылып, тіл дамыту жаттығулары, тапсырмалары, ойындарға арналған арнайы папкаңыз болуы керек.
5. Үй тапсырмасы: Үй жұмысы талапқа сай орындалып, оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды.
6. Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |