А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Қарастырылатын мәселелер



бет9/11
Дата22.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері.

Шығарма жаздырғанда балалардың оз төжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Методист Ш.Корібаев: "Шығарма жаздыру жүмысы оқушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Ойткені не болса, соны я кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Окушылармен тиісті оңгіме жүргізіп, байқап сүрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алтын материалды жаздырған дүрыс"15, — дейді. Сондықтан қандай жағдай болмасын, мазмүндама мен шығарма мүғалімнің басшылығымен дүрыс одіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нотиже береді, козделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мүғалім бүл жүмыстарға қойылатын методикалык. талаптарды жақсы білуге тиіс.

Бастауыш мектептерже жүргізілетін тіл дамыту жүмысы негізінен мынадай мақсаттарды коздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілетгері мен тілін, дүниетанымын дамыту, ор нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде оз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ эдеби тілі нормасына сай, оз сезімін, ойын дурыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын корын, тамаша сырлы, коркем де нэзік соз байлығын қолдана білуге жэне оны сезініп, қүрметтей білуге торбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмүндама мен шығарма жүмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып үсыну; 5) шығарма мен мазмүндама мотіндері аркылы балаларды оз Отанына берліген шын патриот, бір-біріне достық, туысқандық рухта, бауыластык сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге торбиелеу.

Бүл жұмыстарға қойылатын методикалык, талаптардың бастылары: 1) Берілген такырыпты ашып корсете білу, оқушы озінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды корсететіндей етіп іріктеуі қажет. 2) Жазылған жүмыстың мазмүнды болуы, балалардың жазған мазмүндамалары мен шығармалары орфографиялык, пунктауциялық жағынан ғана емес, мазмүны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сойлемдердің арасындағы байланыстардың дүрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала синтездеу жүмысы дүрыс үйымдастырылып, саналы түрде откізілуі қажст. Оқушы оуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сойлем калдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жон. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дэлме-дол, анық білдіретіндей етіп, создерді, материалдың ішіндегі негізгілерін, таңдап қолдануға тиіс (мысалы, III сынып оқушысы "Моншүк" мотіні бойынша мазмүндама жазғанда, "жаудың жаңбырша жаудырған оғы" деген тіркесті сол қалыпында беруге тырысып, "жаудың тамаша жаудырған оғы" деп жазған.) Мүндай қателерге жол бермеу үшін, соз іріктеу, сөйлем қүрастыру т.б. мотінді анализдеу, синтездеу жүмысына дүрыс мөн берген жон. 5) Басы артық соз қолдану, кыстырма соз қолдау, бір создің бірнеше рет қайталануы сиякты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалу^а тиіс (Мысалы, "қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға бастады", "Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды", "Қарғаның қарны ашты. Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарга келіп қонды"). 6) Оқушы жазба жүмысында сойлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сойлем откен шақта, екінші сойлем келер шақта түрмасын ("Мен тауға бардым. Күн ыстық болады"). 7) Жергілікті ауыз-екі сойлеуде қолданылатын создерді жазуда қоддануға дағдыланбау керек ("Там тобесін кар басып қалды"; "Жейдесі су болды", "Азанда бүддірген теруге кеггі"). 8) Жазба жүмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жүмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мүқият қарап, текесріп шығатын болсын. Мүнда тіпті кейбір қате қүрастырылған сойлемдерді жондеуге де жол беріледі.

Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сойлеуге үйрету жүмыстарының

27-дәріс

Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары.

2. Балалардың тіліне қойылатын талаптар.

28-дәріс



Тақырыбы: Мәтінді оқыту әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

1.Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі

2.Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы.

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмүндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін корсетуге болады: дайын оңгіме бойынша мазмүндама, сурет бойынша мазмүндама, кино, диафильм бойынша мазмүндама.



1. Дайын эңгіме бойынша мазмұндама. Мазмүндаманың бүл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмүвдама колемі шағын, мазмүны жеңіл оңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, "К,арлыгаш пен торгай" оңгімесін сыайық. "Қарлыгаш уя салды. Дайын уяга торгай орналасып алды. Торгайга қарлыгашпгың жалгыз взінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлыгаштарды шақырды. Кдрлыгаштар тугел жиналды. Олар торгайды уядан куып шықты. Сойтіп, қарлыгаш оз уясына қайтадан қоныстанды" (33 соз).

Бүл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мүғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тактаға іле қояды. Мотінді оқымас бүрын мүғалім балаларың торғайды, қарлығашты корген-кормегендерін, бүл қүстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай озшелікгері барын бүл қүстар женінде қандай ертегілер, оңгімелер білетіндерін сүрап, ауызша оңгіме айтқызады. Мүндай өңгімені 1-2 күн бұрын үйымдастыруға да яки сол мазмүндама жазатын күні үйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтілген суреті немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін балалар дайын мотінді оқып шығады. Мотіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды создері түсіндіріледі. Бүл создер синонимдері арқылы (дайын-озір, шамасы келмеу-олі жетпеу, куші жетпеу, орналасып алу - уяга кіріп алу, меншіктеп алу, уяны иемденіп алу т.б.) үғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін уя, қарлыгаш, орналасып алды, шамасы келмеді, цоныстанды, дайын, торгай сияқты создер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын создерді немесе соз тіркестерін сыныпта түбір күйінде я түйық рай формасында бермей, мөтіндегі формасыңца берген жон. Ал кейбір өр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі түлғада кездесетін создерді немесе сөз тіркесгерін түбір күйінде немесе түйық рай формасында корсетуге болады. Мәтінді балалар скі қайтара оқып шығады. Мүнда балалар мотіндегі сөйлемнің қүрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сүрақ койылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мотіннен ол сүрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мүғалім мөтінді түтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мүғалім тактадағы мәтінді жауып койып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сүрақтарды ашады.

Мазмүндаманың бұл түрінде мөтін бойынша қойылатын сүрақтар мөтіннің қүрылысын, тәртібін өзгертей, тек ондағы сүраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сүраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Үяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Бүл сүрақтарға оқушылар мвтіннен есет кдлғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Әуелі эр сүраққа жеке-жеке жауап алынады да, соңынан корытынды ретінде, барлық сүраққа бір оқушы немесе екі-үш сүрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы кайырған жауаптарын, тақтадағы сүрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.

Жазуға кірісер алдында тақтадағы сүрақтардың қүрылысы мен тортібін озгертпей, ондағы сүраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дүрыс.

Дайын оңгіме бойынша жүргізілетін мазмүндаманың II түрі.

Мүнда мөтіннің мазмүн төртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем озгертіліп жазылады. Мамзүндаманың бүл түрінде балалар қойылған сүрақтардың кейбір создерін қайталайды да, негізінен сүрақтарға оз создерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алдынды делік:

"Қыс тусті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр музга айналыпты. Олар муз айдынында коньки тепті. Балалар онда үзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты. " (29 сөз).

Бүл мотін бойынша жүргізілетін жүмыс та, алдыңғыдағыдай, яғни мүғалім: қыста ауа райының қандай болатынын, қыстыгүні балалардың ойнайтынын, ойындарының түрлерін сүрақ-жауап арқылы өңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы коретіндіктерімен танысайыкшы, — деп, мүғалім мәтінді өзі бір рет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы корсетілгендей, балалар екі рет оқиды, талдайды; мүз айдыны, домбықтыру создерінің мағыналарын түсініктеме создер а"рқылы түсіндіріледі. Коньки, мүз айдыны, домбықтырып создері тақтаға жазылып, оларды көшіруі керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сүрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жонінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не бодды?

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың III түрі: мәтін мазмүнын сақтай отырып, сыртқы түрін озгертіп жазу. Мүнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен, немесе керісінше мазмұндап береді.

Дайын өңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың IV түрі — ықшамдап мазмүндау. Бүл кейде одістемелік одебиеттерде қысқаша түрде мазмүндау деп те колданылады. Мазмүндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмүндау да оқушыларды шығармашылық жүмысқа дағдыландырады. Мүнда оқушылар мотінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, оз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін калдырады. Ал мүның озі мөтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мотін мазмүнын сүраптап, таңцап, талғап алуға үйретеді, ойды аз созге сыйғызып айтуға, созді таңдап қолдануға, сойлем қүрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.

Дайын өңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың V түрі — толықтырып мазмүндау. Бүл ықшамдап мазмүндауға керісінше, аз созден көп мағына тудыру, берілген сойлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мүнда белгілі бір оңгіменің жеке болімдерін сипаттайтын бірнеше сойлем беріледі. Сол сойлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сойлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке күрылған оңгіме айтып беруге жоне жазып беруге тиіс. Окушылардың ойлау қабілетін дамытып, тіддерін байытуға, сойлем күрау шеберліктерімен ойын жүйелеу дағдысына тоселуге үйретуде жүмыстың бүл түрінің атқартын ролі орасан зор.

Мүндай жүмысты үйымдастыру үшін алынатын мотін оқушылардың бүрын оз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жон. Мысалы, балалар оқулықтан күз жоніндегі материалды оқығаннан кейін: "Балалар орманга барды. Қорықты. К,алың жеріне жугірді. Адасып кетті. Дауыс естілді. Балапар уйлеріне оралды", сияқты мөтнді жазып қойып, балалардың орманды көрген-көрмегендерін, орманның қандай болатынын т,б, сүрайды. Сонан кейін балаларға: "Сен орманда адасып кетсең, не істер едің?т.с.с сүрақ қояды. Бүгін балаларға бірнеше жүмбак сойлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі үсынылып, тақтадағы жазулы мотін ашылады. Балалар аз-кем ойланғаннан кейін: Бүл жүмбақ-сойлемдерде не жонінде өңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бүл сойлемдерде балалардың орманға баруы, адасуы жонінде айтылады) — Балалар орманға кобіне жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші оте әдемі. Онда жеміс-жидектер де піседі.) — Олар неден қорықты деп ойлайсындар? (қасқырдан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққаннан орманның қальщ жеріне жүгірді.) - Балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасып кетті)— Дауыс естілді сөйлемін қалай шешер едіндер? (Арбаның, машинаның, олардың іздеген адамның дауысы естілді) - Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады, барлық сойлемдер осылайша толықтырылып, әңгіме күрастырылады, оған ат ойластырылады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сойтіп, жоспар бойынша балалар оңгімені ауызша мазмүндайды, қажет болса, жазады.


29-дәріс

Тақырыбы: Орфографияны оқыту әдістемесі

Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері.Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі.

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.

  2. Орфографиялық жұмыстың мазмұны.

Орфографиялық ережені түсіндіруден бүрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мөселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен

100


судан сактан мысалдарының арасында кандай айырмашылық бар? "пен" к,айсысында болек, қайсысында бірге жазулыға тиіс? сиякты). Мүндай жүмыс балалардың зейінін сабаққа жүмылдырып, бүрын оқығандарын сске түсіруге көмектеседі.

Жазуға байланысты жаттығу жүмыстары өр түрлі факторларға

негізделеді:

1. Кору, кимыл факторларына негізделетін кошіріп жазу.

2. Есту арқылы кабылдауына сүйенетін мотінді жазу (мүғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мөтінді жазу. Бүған диктант, мазмүндама жүмыстарын алуға болады).

3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: калдырып кеткен оріптерді тауып жазу немес түзетіп жазу т.б.

Жазу жүмыстарының бүл корсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, кору қимылынсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жағарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың к,ай түрінде негізгі моселенің қайсысы екендігіне мүғалімдер коңілін аудару мақсатында ғана корсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:

1) грамматикалық-орфографиялық талдау ("граммати-калық талдауды" қараңыз). Бүл—оқушыларды грамматикалық жоне орфографиялық күбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық киыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған қүбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бүл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе баска жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, кошіоіп жазуда, диктантга т.б.).

Оқушылардың белсенділігін котеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бүл үшін өр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мүғалім бір септік жалғауыныңы қалай жазылатынын сүрағанда окушы тиісті карточканы кетереді. Сонан кейін жазады. Бүл мүғалімге оқушылардың білімі жонінде біраз мәлімет береді.

2) Көшіру. Алғашқы, I сыныпта, II сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) кешіру, сез теріп көшіру, қалдырылған сездерді қойып кошіру, толық өошіру т.с.с. үйымдастырылады. Көшіру жүмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, соз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға корсету т.с.с белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (өуелі окып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, калай жазылатынын байқа, есінде сақта, жазып болған соң тексер т.б.)- Жазғандарын түпнүсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Кошіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.



Есте устау арқылы көшіру. Мүнда тактаға жазылған мотін окылады, талданады, сонан соң жазылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мэтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мүғалім мөтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді.

30-дәріс



Тақырыбы:. Тіл дамыту әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.

Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық жүйесі.

Тіл дамыту- оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты екендігі.

Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Окушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:

1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиядық дайындау.

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

3. Шығарманы оқу.

4. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

5. Шығарманың жоспарын жасау.

6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы окыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы, ондағы окиғалар т.б) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: "-Ей, тілсіз жануарлар. Мені де, сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар..." деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындык әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.

Мысалы, М.Әуезовтың атақты "Абай жолы" романынан кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қыскартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта "Бүлдірген тере барғанда" тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп көрген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, "Бүлдірген тере барғанда" шығармасының мамұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.

Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген создердің барлығын теріп алып, мәтіндердің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.

Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты — балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:



а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің "Қырман үстіндегі ту" әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.

С.Мұқановтың "Сең үстінде" әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы туралы әңгімелеуге болады.



ә)Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, "Сырым батыр", "Тарас Шевченко" мәтіндерін оқымас бұрын бұл мәтіндердегі оқиға қай кезде болғанын Сырым батырдың немесе Тарас Шевченконың кімдер екенін айтып, түсінік беру керек.

Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тындай отырып, шығарманы оқуға кұмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.



б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға кажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады.

Әңгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы деректерді немесе балаларға басқа кітаптардан, күнделікті тәжірибелерінен белгілі деректерді пайдаланған тиімді. Мысалы, Б.Майлиннің III сыныптағы "Күлпаш" әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі.



в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын — қай-қайысысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өленді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ, мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулыктағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде өзен, көл бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып, сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы "Сең үстінде" (С.Мүқанов). Әңгімесін оқығанда пайдаланылады. Немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін егістікке, қырманға т.б. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұндай экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көріністерін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.

г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың "Қыс келбеті" өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен "Қысқы ойын", "Қыс" тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы. М.Әуезовтың "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаеватың "Қашаған қуу" картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер де пайдалануға болады. З.Иманбаевтың "Мысалдарын"оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — окулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып коюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.

д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындык кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ.

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, эксковатор т.с. сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды.

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;

2) шығарманы оқу барысында;

3) оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, ІҮ сыныпта "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқығанда алағызып - алаңдап, қаршадай —кішкентай т.б. Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу — оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Сондықтан мәтінді оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруге әуес болмаған жөн.

Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тындаушыға әсері азаяды.

Сөздерді шығарманың мазмұнын балалар әлде де тереңірек ұғыну үшін немесе оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында түсіндіру қажет болады. Мұндай сөздер шығарма оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы, К.Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» әңгімесіндегі «Өмірін жалау еткен, «Амангелді батырымдағы « «обар ниет-қара ниетті т.б.).

Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмыстарының ролі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде төмендегі жағдайлар қарастырыла

1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет — осыларды анықтайды.

2. Егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма — осыларды карастырады.

Сөйтіп, мүғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырлатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.

Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап — сөз бен балалар санасындағы бейнені, елесті түрлі жолдармен үнемі ұштастыра отыру. Өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

І.Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.

2.3аттың өзін немесе суретін, түрлі картинкалар көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

З.Синоним сөздер қолдану: "Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?" сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.

4.Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.

5.Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім т.с.

б.Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, деректер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с. сөздердің мағынасы осы тәсілмен түсіндіріледі.

7.Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолданудың біраз пайдасы бар. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.

Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу- Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрак, туады.

Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тындаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіре, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін талапқа сай, әсерлі де аянышты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалды оқу арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.

Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен біршене бала оқығаны жөн.

Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет