А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет20/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Сенім серіктестігі
- серіктестіктің міндеттемелері бойынша 
ӛзінің бҥкіл мҥлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап 
беретін бір немесе одан да кӛп қатысушыларымен қатар, 
серіктестіктің 
(салымшылардың) 
мҥлкіне 
ӛздері 
салған 
салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да кӛп 


39 
қатысушылары да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік 
қызметті жҥзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (ҚР АК 72-б.). 
Толық серіктестіктің дамуы болып табылатын сенім 
серіктестігінде оның борыштары бойынша бір-бірімен ортақ 
ӛздерінің 
жеке 
мҥліктерімен 
қосымша 
жауап 
беретін 
қатысушылары, 
яғни 
толық 
серіктестіктерінен 
басқа 
қатысушылардың (салымшылар) басқа тобы бар, олар сенім 
серіктестігінің кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыруына қатыспайды 
және қызыметімен байланысты шығындарға серіктестіктің 
жарғылық капиталына салған салымдарының шегінде ғана 
тәуекелде болады. Салымшылар толық жауапкершіліктегі 
қатысушылар 
сияқты 
жоғары 
деңгейде 
тәуекелге 
бармайтындықтан, оларды сенім серіктестікті басқарудан шеттетуі 
қҧқылы шара болып табылады. Осы орайда салымшылар 
серіктестіктің мҥлкіне міндеттемелік қҧқықты сақтайды, яғни 
оның мҥлкіне нақты анықталған ҥлеске ие, ол ӛз кезегінде 
серіктестіктің қызметінен тҥскен пайдадан ҥлес алуға және 
серіктестік таратылған немесе оның қҧрамынан шыққан жағдайда 
жарғылық капиталға салған салымына барабар серіктестіктің 
мҥлкін алуға қҧқық береді. 
Осыған байланысты сенім серіктестігі салымшыларының:

серіктестік 
пайдасының 
бір 
бӛлігін 
қҧрылтай 
қҧжаттарында кӛзделген тәртіп бойынша мҥліктегі және 
жарғылық капиталдағы ӛз ҥлесіне барабар мӛлшерде алуға; 

серіктестіктің жылдық есебімен және баланстарымен 
танысуға, сондай-ақ олардың дҧрыс жасалуын тексеру мҥмкіндігін 
қамтамасыз етуді талап етуге;

мҥліктегі ӛз ҥлесін немесе оның бір бӛлігін серіктестік 
қҧрылтай қҧжаттарында кӛзделген тәртіп бойынша басқа 
салымшыға немесе ҥшінші тҧлғаға беруге;

серіктестіктің қҧрылтай қҧжаттарында кӛзделген тәртіп 
бойынша сенім серіктестігінің салымшыларының қҧрамынан 
шығуға қҧқылы. 
Кейбір мағынада сенім серіктестігін толық серіктестіктің бір 
тҥрі ретінде қарастыруға болады, себебі онда салымшылардың 


40 
қосымша қаржылық ресурстарын тарту мҥмкіндігі бар. Бҧл толық 
серіктестіктерге толық серіктестіктердің қатысушыларының 
ережелерінің таралуын тҥсіндіреді.
Сенім серіктестігінің қатысушыларының минималды саны – 
бір «толық серіктес» және бір салымшы.
ҚР АК-нің 74-бабына сәйкес сенім серіктестігінің жарғылық 
капиталы толық серіктестер мен салымшылардың салған 
салымнан қҧралады. Шаруашылық ҥрдісінде жарғылық қор 
ӛзгертілуі мҥмкін. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, 
жарғылық капитал толық серіктестердің сенім серіктестігі 
мҥлкіндегі ҥлесін белгілейді. 
Жарғылық капиталдың мӛлшерін сенім серіктестігінің толық 
серіктестері белгілейді, дегенмен ол ең тӛменгі мӛлшерден, яғни 
елу есептік кӛрсеткіш мӛлшерінен кем болмауы керек.
Сенім серіктестіктің істерін толық серіктестікті басқару ҥшін 
АК кӛзделген ережелерге сәйкес (ҚР АК 65-б.) тек толық 
серіктестер 
басқарады. 
Салымшылар 
істерді 
басқаруға 
қатыспайды. Олар сенім серіктестігінің атынан кез келген ҥшінші 
тҧлғалар сияқты тек сенімхаттың негізінде ғана тҥсе алады. Егер 
толық серіктестердің іс-әрекеттері заңға және қҧрылтай 
шарттарына сәйкес келетін болса, онда салымшылар серіктестікті 
басқару бойынша толық серіктестіктердің іс-әрекеттеріне дау 
келтіруге қҧқығы жоқ. Толық серіктестердің асыра сілтеп 
қызметін пайдалануы салымшылармен даулануы мҥмкін.
Сенім серіктестігі ҚР АК-нің 71-бабында кӛзделген негіздер 
бойынша таратылады, сонымен қатар оның қҧрамынан барлық 
салымшылардың шығуымен немесе толық серіктестердің 
шығуымен таратылады.
Егер оның қҧрамында бір толық серіктес және бір салымшы 
қалатын болса, серіктестік сақталып қалуы мҥмкін. Сенім 
серіктестігінде қалған толық серіктес соңғы салымшы шыққаннан 
соң 6 айдың ішінде немесе серіктестікте қалған салымшы соңғы 
толық серіктес шыққаннан соң 6 айдың ішінде серіктестіктің 
қҧрамына ондағы жоқ салымшылар не толық серіктестер ретінде 
жаңа қатысушыларды қабылдауға және сол арқылы сенім 
серіктестікті 
сақтап 
қалуға, 
немесе 
сенім 
серіктестігін 


41 
серіктестіктің басқа тҥріне қайта қҧруға қҧқылы, яғни сенім 
серіктестігін жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе қосымша 
жауапкершілігі бар серіктестік нысанында қайта қҧра алады.
Қҧрамында қалған толық серіктес немесе салымшы азаматтар, 
сонымен қатар 
сенім 
серіктестігін толық 
серіктестікке 
айналдырып, қайта қҧра алады. 
Салымшылар 
сенім 
серіктестігі 
таратылған 
кезде 
серіктестіктің мҥлкінен жарғылық капиталға салған салымдарын 
немесе олардың ақшалай эквивалентін алуда толық серіктестердің 
алдында артықшылық қҧқыққа ие, себебі олар серіктестіктің 
бірден-бір несие берушісі болып есептеледі, сонымен қатар сенім 
серіктестігінің қалған мҥлкін бӛлуге де қатысады, яғни қалған 
мҥлік толық серіктестер мен салымшылар арасында, егер 
қҧрылтай қҧжаттарында ӛзгеше тәртіп белгіленбесе, олардың 
серіктестік мҥлкіне қосқан ҥлесіне қарай бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет