А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет19/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

шаруашылық серіктестік
деп 
танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім 
серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша 
жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында қҧрылуы мҥмкін. 


37 
Толық серіктестік
- толық серіктестіктің мҥлкі жеткіліксіз 
болған жағдайда қатысушылары серіктестік міндеттемелері 
бойынша барлық мҥлкімен ортақ жауапкершілікте болатын 
серіктестік (ҚР АК 63 б.). 
Толық серіктестіктің айрықшалайтын белгісіне серіктестіктің 
міндеттемелері бойынша оның қатысушыларының толық 
жауапкершілігі жатады. Толық серіктестіктің міндетемелері 
бойынша бір жағынан ӛзіндегі тиесілі мҥліктің шегінде 
серіктестіктің ӛзі жауап беретін болса, екінші жағынан оның 
қатысушылары жауап береді. Барлық қатысушылар несие 
берушілердің алдында ортақ және шексіз жауапкершілікте болады, 
дегенмен несие берушілер қатысушыларға талапты беру қҧқығына 
тек серіктестіктің борышты жабуға қажетті мҥлкінің жок екендігі 
анықталған жағдайда ғана ие бола алады, осы орайда
қатысушыларға 
борышты 
қайтару 
туралы 
талап 
беру 
серіктестіктің банкроттығын бекіту қажеттілігімен байланысты 
емес, себебі толық серіктестіктің табиғатына қарай оның 
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап береді. 
Маңыздысы серіктестікте мҥліктің жеткіліксіздігі екендігін нақты 
анықтау болып табылады. Сондай-ақ толық серіктестіктің 
қатысушысы серіктестіктің борыштары бойынша ол серіктестіккке 
кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына
қарамастан жауап береді.
Осыған байланысты толық серіктестік қатысушыларының 
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі субсидиарлы болып 
табылады. 
Несие берушілер ӛздерінің талаптарын серіктестіктің кез 
келген қатысушысына қоя алады, осы орайда қатысушылардың 
бірде-бірі шарт негізінде одан ҥшінші тҧлғалардың алдында 
босатыла алмайды. Егер де шартта жекелеген қатысушыларды 
жауапкершіліктен босату туралы ереже болса, онда ол бекітулер 
тек қатысушылардың ӛзара қатынасында ғана әрекет етеді.
Сәйкесінше, серіктестік мҥлкіндегі ӛз ҥлесінен астам бӛлігіндегі 
толық серіктестіктің борыштарын ӛтеген қатысушы ӛзінің 
алдында серіктестік мҥлкіндегі ӛз ҥлесінің мӛлшеріне тең ҥлестік 


38 
жауапкершілікті мойнына алатын ӛзгеде қатысушыларға тиісті 
бӛлігінде кері талап қоюға қҧқылы. 
Кез келген серіктестік тҥрлерінің, оның ішінде толық 
серікестіктің де жарғылық капиталының мӛлшерін оның 
қҧрылтайшыларының келісімімен анықталады және қҧрылтай 
қҧжаттарында кӛрсетіледі. Осы орайда қҧрылтайшылар заң 
қҧжаттарында белгіленген жарғылық капиталдың ең тӛменгі 
мӛлшеріне қойылған талапты орындауы тиіс. Мысалы, толық 
серіктестіктің жарғылық капиталының шекті мӛлшері жарғылық 
капиталға қатысушылардың салым салу уақытында ҚР-да 
бекітілген, 25 айлық есептік кӛрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы қатысушылардың 
жалпы жиналысы болып таблады. Сонымен қатар, онда
серіктестіктің қызметінде ағымдық басшылықты жҥзеге асыратын, 
әрі оның атынан шарттарға отыратын, мҥлкіне билік жҥргізетін 
және т.б. қызметтерді іске асыратын атқарушы органы да әрекет 
етеді. 
Серіктестіктің басқару органдарының тҥрлері, қҧрылу тәртібі 
және олардың қҧзіреті ҚР АК-нде және басқада заңдық актілерде 
бекітілген 
ережелер 
негізінде 
қҧрылтай 
қҧжаттарында 
анықталады. 
Толық серіктестіктің ісін жҥргізу ҚР АК-нің 65-бабы 1-
тармағындағы талаптарды есепке ала отырып жҥзеге асырылады.
Толық серіктестікті тарату ҚР АК-нің 49-бабында кӛзделген 
заңды тҧлғаларды таратудың жалпы негіздемелері бойынша 
жҥргізіледі. Сонымен қатар, толық серіктестік серіктестікте 
жалғыз қатысушы қалған жағдайда да таратылады, алайда 
серіктестікте жалғыз ӛзі қалған сәттен бастап, алты айдың ішінде 
толық серіктестіктің қатысушысы жаңа қатысушылар қабылдап, 
толық серіктестікті сақтап қалуға қҧқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет