А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


«екі секторлы қҧқық теориясын»



Pdf көрінісі
бет5/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

«екі секторлы қҧқық теориясын» 
қҧрды. Бірақ, сол уақыттың кӛптеген цивилист-ғалымдардың 
пікірінше, социалистік шаруашылық мҥдделеріне социалистік 
1
Предпринимательское (хозяйственное) право: Учебник: В 2 т. / Отв. ред. О.М. 
Олейник. – М., 1999. – Т.1. – 118-119 б. 
2
Исаев И.А. Становление хозяйственно-правовой мысли в СССР (20-е годы). – М., 
1986. 


10 
қоғамдағы жекелеген тҧлғалардың мҥдделерін қарсы қоюға алып 
келетін болғандықтан аталған теория қате болды. 
ХХ ғасырдың 30-жылдары басында 
біртҧтас шаруашылық 
концепциясы 
(Л.Я.Гинцбург, Е.Б.Пашуканис) қалыптасты да 
азаматтық қҧқық ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де біршама 
уақытқа қысқартылды. Шаруашылық қҧқықтың пайда болуын 
кеңес экономикасының аралас сипатымен және азаматтық 
қҧқықтың индустриаландырылуымен байланыстырды. Кеңес 
шаруашылық қҧқығының (сала және ғылым ретінде) пайда 
болуының 
объективті 
алғышарттары 
елдің 
халық 
шаруашылығындағы экономиканың социалистік секторын және 
жоспарлы бастамаларды бекіту болатын. Шаруашылық қҧқық 
саласындағы мәселелерді зерттеген қҧқықтанушылар жаңа 
экономикалық жағдайларға бейімделген бҧқаралық және жеке 
қҧқықтың әлдебір келісімін жасауға тырысты
3

ХХ ғасырдың 50-жылдары шаруашылық қҧқық концепциясы 
туралы пікірталас қайта жаңғырды. Шаруашылық заңнаманы 
шаруашылық әрекеттің әрқилы жақтарын реттейтін социалистік 
қҧқықтың тҥрлі салалары нормаларының кҥрделі ӛзара 
әрекеттесуінің нысаны сыртқы кӛрінісі болатын кешенді білім 
ретінде қарастыра бастады. Ол кезде қҧқық теориясында 
шаруашылық заңнаманың дәл осындай тҥсінігі ҥстем болды, ал 
шаруашылық қҧқық шаруашылық әрекетті реттеудегі ӛзара 
функционалды әрекеттесетін кеңес социалистік қҧқығының 
әртҥрлі салаларының нормалары мен институтарының белгілі бір 
жиынтығы ретінде тҥсінілді. Кеңес заңнамасының жаңа 
кодификациясы кезінде Шаруашылық кодексті қабылдау туралы 
ҧсыныстар айтылды. 
ХХ ғасырдың 60-жылдары шаруашылық әрекетті (кӛлденең 
қатынастар) жҥзеге асыру кезінде қалыптасатын және экономика 
бойынша нҧсқау (тік қатынастар) кезінде пайда болатын 
шаруашылық қатынастарды қҧқықтық реттеудің тҧтастығынан 
шығатын 
шаруашылық 
қҧқықтың 
жаңа 
тҧжырымдамасы 
3
Курс советского хозяйственного права: В 2 т / Под ред. Л.Я. Гинцбурга и Е.Б. 
Пашуканиса. – М., 1935. – Т.1. – 21 б. 


11 
қалыптасты
4
. Бҧл тҧжырымдама мемлекеттік кәсіпорындардың 
қҧқықтары кеңейтіліп, шаруашылық келісімшарттардың рӛлі 
жоғарылаған, 1965 жылы экономикалық реформаны жҥргізу 
кезінде қолданылды. Мҧндай тәсіл сол кездегі қолданыстағы 
1961жылғы 

желтоқсандағы 
КСРО 
және 
одақтас 
республикалардың Азаматтық заңнама негіздерінің әкімшілік 
актінің келісімшарттан біршама артықшылығынан шығатын тар 
шеңберін жеңуге кӛмектесті. 
Осы тҧжырымдама негізінде әзірлеушілердің негізгі идеясы 
бойынша шаруашылық басқарудағы заңдылықты бекітуге 
бағытталған шаруашылық кодекстің жобасы даярланды. Бірақ заң 
ретінде бекітілмеген бҧл жобаны сол кездегі партиялық 
мемлекеттік аппарат азаматтық қҧқық ғылымының қолдауымен 
қабылдамады. 
ХХ ғасырдың 90-жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық 
экономикаға ӛту, яғни экономикалық жҥйенің қайта қҧрылуы 
басталды. Сәйкесінше, бҧл ӛзгеріс шаруашылық әрекетті 
қҧқықтық реттеуді тҥбегейлі ӛзгертуді, шаруашылық қҧқықтың 
қалыптасқан тҧжырымдамасын қайта қарауды талап етті. 
Шаруашылық қҧқық кәсіпкерлік әрекет қҧқығына айналды, 
аталған әрекеттің қҧқықтық реттелуін белгілеу ҥшін жаңа – 
«кәсіпкерлік қҧқық» термині орнықты. 
Нарықтық экономикаға ӛту кезіндегі шаруашылық әрекетті 
қҧқықтық реттеудің дамуы ҥшін жеке меншіктің, жеке 
кәсіпкерліктің пайда болуы, жоспарлы дамудан бас тарту аса 
маңызды болды. Бҧл деген шаруашылық әрекетті жеке қҧқықтық 
реттеу рӛлін жоғарылатады. Сонымен қатар, бҧл кӛпшілік-
қҧқықтық реттеуден толықтай бас тартуды білдірмейді, ол 
сақталады, бірақ нарықтық экономика шарттарына сәйкес жаңаша 
тҥрлерде қолданылады. Жеке қҧқықтық және кӛпшілік-қҧқықтық 
бастамалардың осындай ҥйлесімі қазіргі жағдайдағы шаруашылық 
әрекетті қҧқықтық реттеуде аса маңызды орын алады. 
4
Лаптев В.В. Предмет и система хозяйственного права. – М., 1969. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет