А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Кәсіпкерлік қызметтің заңдық анықтамасы және



Pdf көрінісі
бет7/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

3. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық анықтамасы және 
белгілері 
ҚР АК 10-б. 1-т. сәйкес, кәсіпкерлік – бҧл меншік тҥрлеріне 
қарамастан, азаматтар мен заңды тҧлғалардың тауарларға 
(жҧмысқа, қызметке) сҧранымды қанағттандыру арқылы таза 
табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не 
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару қҧқығына 
(мемлекеттік кәсіпкерлік) негіздеген ынталы қызметі. 
Берілген анықтама кәсіпкерлік әрекеттің келесі ӛзіндік 
белгілерін айқындауға мҥмкіндік береді: 
1.
Кәсіпкерлік әрекет – бҧл ықыласты әрекет, яғни тек қана 
кәсіпкердің ӛз еркімен оның мҥдделері мен қалауына сәйкес іске 
асырылуы мҥмкін. Әлдеқандай басшылық етуші органдардың 
немесе тҧлғалардың бҧйрығы не тікелей нҧсқауы бойынша әрекет 
етуді кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды; 
2.
Мҧндай әрекет кәсіпкердің толықтай мҥліктік дербестігіне 
негізделеді. Кәсіпкерлік әрекет субъектілерінің дербестігі мҥліктік 
және шаруашылық болып бӛлінеді. Мҥліктік дербестік – бҧл 
субъектінің әрекетінің экономикалық негізін қҧрайтын белгілі бір 
мҥлігінің болуы. Мҥлік кәсіпкерге меншік қҧқығында, ӛзге заттық 
қҧқығында (шаруашылық жҥргізу, оралымды басқару қҧқығында) 
немесе міндеттемелік қҧқықта, мысалы жалдау қҧқығында тиесілі 
болуы мҥмкін. Шаруашылық дербестік кәсіпкерлік әрекет 
ҥрдісінде тәуелсіз шешімдер қабылдау мҥмкіндігін білдіреді. Бҧл 
тәуелсіздіктің кӛлемі шаруашылық етуші субъект әрекет ететін
меншік 
нысанына 
байланысты. 
Мысалы, 
шаруашылық 
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар кӛбірек шаруашылық 
дербестікке ие, ал мемлекеттік кәсіпорындардың дербестігі 
шектеулі. Бірақ олар да бірқатар шаруашылық шешімдерді 
тәуелсіз қабылдау мҥмкіндігіне ие; 


19 
3. Кәсіпкерлік әрекет табыс (пайда) табуға бағытталған. 
Кәсіпкердің әрекетіне коммерциялық сипат беретін және 
нәтижесінде әрекеті шығынды болса да жойылмайтын пайда табу 
кәсіпкердің басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, егер 
әуелде мақсат ретінде – пайда табу қойылмаса, әрекетті 
кәсіпкерлік деп атауға болмайды, себебі оның коммерциялық
сипаты болмайды; 
4. Анықтамаға сәйкес субъект пайданы тауарларға, жҧмыстар 
мен қызметтерге сҧранысты қанағаттандыру арқылы табуы керек. 
Сонымен қатар, кәсіпкерлік әрекет кӛп қырлы әрі оны тауарлар, 
жҧмыстар мен қызметтерге сҧраныс аясына сыйдыру аса дәл емес. 
Мысалы, ӛзге тҧлғаларға патент иесі ақыл-ой шығармашылық 
әрекетінің нәтижесін пайдалану қҧқығын беру жолымен де пайда 
табуға болады. Кәсіпкерліктің бҧл тҥрі заңнамамен қарастырылған 
кәсіпкерлік әрекет бағыттарының тізімі шегінен тыс. Сондықтан, 
аталған тізім қазіргі кәсіпкерлік қажеттіліктеріне сай келмейтін 
сияқты; 
5. Кәсіпкер азаматтық айналымға ӛз атынан тҥседі; 
6. Кәсіпкерлік әрекет тәуекелмен байланысты. Мҧнымен 
кәсіпкерлік әрекет әкімшілік-жоспарлық экономика кезеңінің 
шаруашылық әрекетінен ӛте ерекшеленеді, ол кезеңде алдын ала 
шығынды 
кәсіпорындардың 
болуын 
қарастыратын, 
шаруашылықтың нәтижелері нашар болатын болса олар 
мемлекеттің кӛмегіне сҥйене алатын. Кәсіпкерлік тәуекел – бҧл 
жемісті жҧмысқа деген кҥшті ынталандыру. Кәсіпкерлік тәуекел 
сонымен қатар, кәсіпкер ҥшін әлдеқандай тауарларды, жҧмыстар 
мен қызметтер нәтижелерін әрі қарай пайдалану мҥмкін болмаса 
не пайдалы болмаса да, кәсіпкердің барлық тапсырыстары, оның 
алған барлық тауарларының, жҧмыстары мен қызметтерінің ақысы 
тиісті тҥрде тӛленуі керек дегенге саяды. Шығындардың азаюына 
қол жеткізу ҥшін, мысалы, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру 
келісімшартын жасауға болады, яғни контрагенттердің шарттың 
ережелерін бҧзуы салдарынан болатын шығындар тәуекелінің, 
кәсіпкердің еркінен тыс болатын оқыс оқиғалар, форс-мажор 
жағдайлары нәтижесіндегі, соның ішінде кҥтілген табыстың 
тҥспеуімен байланысты тәуекелдерді сақтандыру. 


20 
7. Кәсіпкерлік әрекет тҥсінігінің тағы бір қажетті элементі - 
жауапкершілік. Кәсіпкерліктегі жауапкершілікті: шаруашылық 
әрекет 
нәтижелері 
ҥшін 
жауапкершілік 
ретіндегі 
және 
міндеттемелер бойынша жауапкершілік ретіндегі екі мағынада 
тҥсінуге болады. Шаруашылық әрекет нәтижелері ҥшін 
жауапкершілік жҧмыстың нашар нәтижелері кезіндегі кәсіпкердің 
мҥліктік 
жағдайының 
тӛмендеуін 
білдіреді. 
Кәсіпкерлік 
міндеттемелерді 
бҧзғаны 
ҥшін 
жауапкершілік 
азаматтық 
заңнамамен анықталатын мҥліктік жауапкершілік деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет