А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет3/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



К і р і с п е
Қазақстанда 
экономикалық 
жаңғыртулардың, 
жекешелендірулердің, монополизациядан шығу ҥрдістерінің 
жҥзеге асырылуы экономика және оны басқару аумағындағы 
қатынастарды реттеуші заңнамалардың жаңартылуына ғана әкеліп 
қойған жоқ, сонымен қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік 
қызмет, тауарлар нарғы және т.б. тҥсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға кӛшу, экономиканы мемлекеттік 
реттеудің тҥбегейлі ӛзгеруі, қҧқықтық реттеуде заңның рӛлін 
кҥшейтуді, 
кәсіпкерліктің 
әртҥрлі 
ҧйымдық 
қҧқықтық 
нысандарының теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік қызметтің жаңа 
қҧқықтық негізін қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мҥліктік қатынастарды реттеуде негізгі 
маңызға азаматтық қҧқық ие болды. Нарықтық экономика 
саласының мәндері бойынша бір тектес емес, алайда, бір - бірімен 
тығыз байланыстағы қатынастардың: тауар-ақша (мҥліктік) және 
басқару жӛніндегі маңызды екі тҥрі ажыратылады. 
Кәсіпкерлік 
қҧрылымдар 
арасындағы 
тауар-ақша 
қатынастарының негізінде тараптардың заңды теңдігі жатқаны 
мәлім. Олардың қҧқықтары мен міндеттері негізінен азаматтық-
қҧқықтық шарттардан туындайды.
Кәсіпкерлер ҥшін маңызға, сондай-ақ басқару жӛніндегі 
қатынастар ие, олар кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша басқару 
органдарымен қатынастарды білдіреді. Олар ҥшін кәсіпкерлерге 
бағытталған басқару актілерінің міндеттілігі сипаттаушы белгі 
болып табылады. Бҧл қатынастар азаматтық қҧқық нормаларының 
реттеу аясынан шығып кетеді. Мәні бойынша әкімшілік – 
қҧқықтық болғанымен, олар кәсіпкерлік қатынастарды айрықша 
тҥрде мҥліктік, азаматтық-қҧқықтық байланысының реттеу 
аумағында қолданылады.
Қҧқық нормаларымен реттелген, жоғарыда кӛрсетілген 
қоғамдық қатынастар кәсіпкерлік қҧқықтық қатынастар деп 
аталады.



Кәсіпкерліктегі 
кӛпшілік 
және 
жеке 
мҥдделердің 
сәйкестенуі экономика саласындағы барлық қатынастарды 
біртҧтас реттеуді қажет етеді. Осы орайда, ол тікелей кәсіпкерлік 
қызметті жҥзеге асыруға жатама немесе осы қызметті мемлекеттік 
реттеуге жатама, ол маңызды емес.
Экономика саласындағы қҧқықтық қатынастарды зерттеуді 
кәсіпкерлік құқық
атты ғылым саласы жҥзеге асырады.
Кәсіпкерлік қҧқық мемлекет пен қоғамның мҥддесін 
қамтамасыз ету сияқты бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған 
шаралар мен әдістердің кешенінен тҧрады. Тәртіп бойынша 
қоғамдық мҥдде әлеуметтік аумақ ретінде: тҧрғындардың тҧрмыс 
жағдайының 
жақсартылуы, 
адамдардың 
кҥнделікті 
қажеттіліктерінің мейлінше, кӛбірек қанағаттандырылуы болып 
табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің жан-жақты 
қҧқықтық реттелуі және кәсіпкерлік қҧқықты кеңінен зерттеу 
мемлекеттегі жҥргізіліп жатқан реформалардың жетістікке 
жетуінің маңызды тҥрткісі саналады. 
Кәсіпкерлік 
қҧқық 
кәсіпкерлік қызметтің 
де 
және 
кәсіпкерлердің қызметінің де қҧқықтық реттелуінің негізгі 
қырларын сипаттайды. Кәсіпкерлік қҧқықтағы басты аумаққа 
тікелей таза табыс табуға бағытталған қызмет ҥрдісінде 
қалыптасатын қҧқықтық қатынастар жатады. Осыған байланысты, 
кәсіпкерлік 
қҧқық 
нормалары 
субьектілердің 
шаруалық 
қызметтерінің тәртіптемелерін орнатады. Сондықтан аталған оқу 
пәнінің қҧрылымына кіретін мәселелерді біліп, меңгеру шағын 
және орта бизнес саласының мамандарымен қатар, заңнаманың 
тиімді қолданылуы мен сақталуына мемлекеттік бақылауды жҥзеге 
асыруға атсалысатын мамандарғада аса қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет