128
айтарлықтай маңызды айырмашылықтар бар. Меншіктік қҧқықтық
қатынастар
(заттық
қҧқықтық
қатынастар)
материалдық
қҧндылықтарға ие болу ҥрдісін дәріптейді және соның арқасында
шексіз сипатқа ие болады. Ал міндеттеме материалдық
қҧндылықтардың бір тҧлғадан екінші тҧлғаға ӛту ҥрдісін
дәріптейді және сондықтан
әр қашанда қатаң анықталған
тҧлғалардың арасында орнайды, яғни салыстырмалы сипатқа ие
болады. Міндеттеме онда тарап ретінде қатыспайтын тҧлғалар
(ҥшінші тҧлғалар) ҥшін міндеттер туғызбайды (АК 270-б. 3-т.).
Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесі нақты сатып алушы мен
сатушының арасында туындайды. Тек заңмен, ӛзге де қҧқықтық
актілермен және тараптардың келісімімен кӛзделген жағдайда ғана
міндеттеменің бір немесе екі тарабына қатысты ҥшінші тҧлғада
міндеттеме туындауы мҥмкін.
Кез келген қҧқықтық
қатынастағыдай, міндеттемедеде екі
тарап қатысады: қҧқылы және міндетті тарап. Материалдық
қҧндылықтардың
жҥруі
белесенді
әрекеттерсіз
мҥмкін
болмағандықтан, міндеттмелік қҧқықтық қатынастағы қҧқылы
тарап міндетті тараптан қанда да бір әрекетті жасауды талап ету
қҧқығына иеленген. Ӛз кезегінде, міндеттемелік қҧқықтық
қатынаста міндетті тарапқа осы әрекеттерді жҥзеге
асыру міндеті
жҥктелген. Мысалы, жалға алу міндеттемесінде жалға беруші
жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін жалға берілген мҥлікті
қайтаруды талап етуге қҧқылы, ал жалға алушы осы мерзімде
жалға алған мҥлікті қайтаруға міндетті. Міндеттемеде қҧқылы
тҧлғаға тиесілі субъективті қҧқықты талап ету қҧқығы деп атау
қабылданған, ал қҧқылы тҧлға несие беруші деп аталады.
Міндеттемеде міндетті тарап борышкер деп аталады, ал оған
жҥктелген міндет- борыш деп аталады. Егер міндеттемеде әрбір
тарап екінші тарапқа қатысты міндет атқарса, оның пайдасына
атқару міндетіне қарай борышкер болады және бір мезетте одан
талап ету қҧқығына орай несие берушіде болады. Мысалы, сатып
алу-сату міндеттемесінде сатушы
сатып алушының алдында
борышкер болып табылады, себебі оған сатылған мҥлікті беруге
міндетті және сол уақытта ол сатып алушының несие берушісі
ретінде тҥседі, себебі ол сатып алушыдан сатылған мҥліктің сатып
129
алу қҧнын тӛлеуді талап етуге қҧқылы.
Несие берушінің талап ету қҧқығы және борышкердің
берешегі міндеттемелік қҧқықтық қатынастың заңдық мазмҧнын
қалыптастырады. Міндеттеменің объектісі
ретінде борышкердің
әрекеті тҥседі. Мысалы, мердігерлік жҧмыстарды атқару және
оларды тапсырыс берушіге ӛткізу барысындағы мердігердің
әрекеттері мердігерлік міндеттеменің объектісін қалыптастырады.
Пайда болу негіздеріне қарай барлық міндеттемелер: шарттық
және шарттан тыс міндеттемелер болып екі тҥрге бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: