А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет73/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

елеулі, қарапайым
және 
кездейсоқ
болып бӛлінеді.
Елеулі 
ережелер болып жиынтығында, біріншіден, қажетті, 
ал екіншіден, шарт жасасуға жеткілікті ережелер танылады. Шарт 
жасалған болып есептелуі ҥшін, шарттың барлық елеулі ережелері 
бойынша келісімге қол жеткізу қажет. Егер елеулі ереженің ең 
болмаса, біреуі бойынша келісімге қол жеткізілмесе, оған дейін 
шарт жасалмайды. Сондықтан, берілген шарт ҥшін қандай 
ережелер елеулі екенін анықтау маңызды мәселе болып табылады. 
Мҧндай ережелердің тізімі нақты шарттың ерекшелігіне тікелей 
байланысты болады. Мысалы, тауардың атауы мен саны сатып 
алу-сату шартының елеулі ережелері болып табылады. 
Сәйкесінше, осы ережелер бойынша тараптар келісімге келмеген 
жағдайда шарт жарамсыз болып табылады. Қандайда бір 
ережелерді елеулі ережелердің қатарына жатқызу мәселесін шешу 
барысында, кӛңіл бӛлінуге тиісті бірқатар заңдылықтар бар.
Тәртіп бойынша кез келген шартта пәні туралы ереже елеулі 
болып табылады. Шарттың болып табалатындығын анықтамай 
бірде бір шарт жасасу мҥмкін емес. Мысалы, автокӛлік сатып алу-


143 
сату шартын оның маркасын, тҥр тҥсін, шығарылған жылын және 
т.б. кӛрсетпей жасау мҥмкін емес.
Кейде берілген шарт ҥшін қандай ережелер елеулі болып 
табылатындығы заңның ӛзінде кӛрсетіліп тҧрады.Мысалы, ҚР АК 
567-бабында лизинг шартына қатысты шарттың елеулі ережелер 
нақты аталған.
Елеулі ережелер болып, сондай-ақ шарттың осы тҥрі ҥшін 
қажетті ережелер де танылады. Мысалы, нақты бір шарт ҥшін 
елеулі ережелер болып, оның табиғатын және шарттың сол 
берілген тҥрі ретінде оларсыз әрекет ете алмайтын ережелер 
танылады.
Сонымен қатар, бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге 
қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып 
табылады. Шарт тараптарының ниеті бойынша шартқа заңмен 
немесе ӛзге де қҧқықтық актілермен елеулі деп танылмаған және 
осы шарттың табиғатын айқындамайтын, бірақ ниет білдірген 
тарапқа маңызды болып табылатын ережелер қарастырылуы 
мҥмкін, сондықтан ол осындай нақты жағдайда елеулі ережелер 
болып танылады. Мысалы, сыйға тарту ҥшін тауар алған сатып 
алушы тауардың орамына ерекше кӛңіл бӛлуі мҥмкін. Осы нақты 
жағдайда бҧл елеулі ереже болып табылады, алайда, заңнамада 
сатып алу-сату шартында тауардың орамына қатысты ереже елеулі 
болып табылмайды. Сонымен қатар, бҧл ереже аталмыш шарттың 
табиғатын да кӛрсетпейді. Сондықтан, егер сатып алушы сатып 
алынатын тауардың орамы бойынша ережені келісуді талап етсе
онда ол сатып алу-сату шартының елеулі ережесіне айналады және 
онсыз аталмыш сатып алу-сату шарты жасалынбайды.
Елеулі 
ережелерге 
қарағанда 
қарапайым 
ережелер 
тараптардың келісімін қажет етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет