ережелерді ӛзгертетін немесе толықтыратын
ережелер
кездейсоқ ережелер деп аталады. Олар шарттың
мәтініне
тараптардың қалауы бойынша енгізіледі. Олардың
болмауы қарапайым ережелердің болмауы сияқты шарттың
жарамдылығына әсер етпейді. Дегенмен қарапайым ережелерден
айырмашылығы олар тек шарттың мәтініне енгізілген жағдайда
ғана заңды кҥшке енеді.
АК-нің 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың
барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап
етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп
есептеледі. Егер шарт жасасу ҥшін заң қҧжаттарына сәйкес мҥлікті
беру қажет болса, шарт тиісті мҥлік берілген кезден бастап
жасалды деп есептеледі. АК 394-бабына сәйкес, егер тараптар
белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша
шарттардың осы тҥрі ҥшін бҧл нысан талап етілмесе де, шарт оған
уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалады деп
есептеледі.
АК-нің 397-бабында жарт жасасудың ең кӛп тараған рәсімі
аталған: бір тараптың оферта жолдауы және екінші тараптың
акцепті.