А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Кәсіпкерлік қызметтегі шарттардың тҥрлері



Pdf көрінісі
бет77/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

2.Кәсіпкерлік қызметтегі шарттардың тҥрлері 
Азаматтық-қҧқықтық шарттар әртҥрлі негіздер бойынша 
жіктеледі. Шарттарды тҥрлерге ажырату белгілерінің ішінде 
дәстҥрлісі де және жаңасы да бар. Дәстҥрлі белгілерінің қатарына 
тараптардың саны, нысаны, шарттың экономикалық мазмҧны, 
шарттық қҧқықтар мен міндеттердің пайда болу кезі деген 
белгілер жатқызылады.
Ең алдмен, барлық шарттар ӛзінің заңдық бағыттылығына 
қарай, соңғы (негізгі) және алдын ала жасалатын шарттар болып 
бӛлінеді.
Соңғы (негізгі) шарт 
материалдық қҧндылықтардың 
кӛшуімен байланысты, тараптарда қҧқықтар мен міндеттерді 
тікелей туындатады, яғни: тауарды беру, жҧмыс жасау, қызмет 
кӛрсету,ақша тӛлеу және т.б.
Алдын ала жасалатын шарт – 
бҧл тараптардың соңғы 
шартты болашақта жасайтындығы туралы келісімі. Осы алдын ала 
жасалатын шарттан материалдық қҧндылықтардың кӛшуімен 
байланысты қҧқықтар мен міндеттер туындамайды. Ол тараптарда 
болашқта шарт жасасу міндетін туындатады және әрбір тарапта 
бір-бірінен негізгі шарт жасасуды талап ету қҧқығын туындатады. 
Алдын ала жасалатын шарт заңды кҥшке ие болады, онда 
кӛзделген қҧқықтар мен міндеттер мемлекет кҥшіне сҥйенеді. Ол 
келесі жағдайда кӛрініс табады. Алдын ала шарт жасасқан бір 
тараптың негізгі шартты жасасудан жалтарғаны екінші тарапқа 
шарт жасасуға мәжбҥрлеу туралы талаппен сотқа жҥгіну қҧқығын 
береді, сонымен қатар соңғы, негізгі шартты уақытылы 
жасамағаны салдарынан келтірілген барлық шығындардың орнын 
толтыру туралы талаппен жҥгінуге мҥмкіндік береді. Алдын ала 
жасалатын шарт осындай заңды салдар туындату ҥшін, алдын ала 
жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ басқа да 
елеулі жағдайларын белгілеуге мҥмкіндік беретін ережелер болуға 
тиіс. Мерзімі туралы ереже шарттың елеулі ережесі болып 
табылмайды. Егер негізгі, соңғы шартты жасасу мерзімі туралы 
ереже белгіленбесе, онда ол алдын ала жасалған шартты 


147 
жасалмаған деп тануға негіз болмайды. Мҧндай жағдайда олар 
кӛздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бір жыл ішінде 
жасалуға тиіс.
Алдын ала жасалатын шартты ниеттер туралы хаттамадан 
немесе ниеттер туралы келісімнен ажырату қажет. Ниеттер туралы 
келісімде тек тараптардың болашақта шарттық қатынастарға тҥсу 
тілектері ғана кӛзделеді, яғни олар ӛз тілектерін білдіреді және ол 
келісімде кӛрініс табады. Бірақ ниеттер туралы хаттаманың 
тараптары бір-бірінің алдында ешқандай заңды міндеттеме 
атқармайды. Олар болашақта шарт жасасу туралы ӛз тілек 
ниеттерін білдіреді, бірақ ӛздеріне ешқандай заңды міндеттеме 
алмайды, сондықтан ниеттер туралы хаттаманың бірде-бір 
қатысушысы қандай да бір шартты жасасу туралы сот арқылы
заңды талаптана алмайды.
Бір жақты және ӛзара шарттар ажыратылады. Олар шарт 
қатысушыларының арасында қҧқықтар мен міндеттердің бӛлінуіне 
қатысты ажыратылады.
Бір жақты шарт 
бойынша бір тарапта тек қҧқықтар 
туындаса, ал екінші тарапта тек міндеттер қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет