145
және белгіленген шарт туралы әртҥрлі мәліметтері бар қҧжаттар
жиі қҧрастырылады. Аталмыш қҧжаттардың және онда
қалыптасқан мағҧлматтардың қҧқықтық маңызын Қазақстан
заңнамасы айқындамайды. Жалпы
тәртіп бойынша хаттар мен
ниеттері кӛзделген келісімдерді болашақтағы жасалатын шартты
жасасу бойынша келіссӛздердің кезеңі деп есептеуге болады. Бҧл
қҧжаттар тараптар ҥшін қҧқықтық міндеттер туындатпайды.
Алайда, олардың мазмҧны мен оларға қол қойған тҧлғалардың
мәртебесін есепке ала отырып, мҧндай қҧжаттарға
басқаша
қҧқықтық баға берілуі мҥмкін. Ниеттері туралы қҧжаттар алдын
ала жасалатын шарттар ретінде қарастырылуы тиіс, әрине, егер ол
осындай шарттар ҥшін азаматтық заңнамада кӛзделген талаптарға
сәйкес келсе.
Егер АК, басқа да заң қҧжаттары мен шартта ӛзгеше
кӛзделмесе, шарт тараптардың келісуімен ӛзгертілуі және бҧзылуы
мҥмкін.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт: 1) екінші тарап
шартты едәуір бҧзған кезде; 2) АК, басқа да заң қҧжаттарында
немесе шартта кӛзделген ӛзге реттерде тек сот шешімімен
ӛзгертілуі немесе бҧзылуы мҥмкін.
Сондай-ақ шартты орындаудан
бір жақты бас тартуға жол
беріледі. Алайда, оған АК, басқа да заң актілерімен немесе
шартпен кӛзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
АК шартты орындаудан бір жақты бас тартуға негіз болатын
келесі жағдайларды қарастырады: 1) шартқа негізделген
міндеттемені орындау мҥмкін
болмағанда; 2) белгіленген
тәртіппен екінші тарапты банкрот деп танығанда; 3) шарт
жасалғанда негізге алынған
мемлекеттік органның актісі
ӛзгертілген немесе кҥші жойылғанда.
Шартты ӛзгерту және бҧзу тәртібі туралы келісім, егер
заңдардан, ӛзге де қҧқықтық актілерден, шарттан немесе іскерлік
қызмет ӛрісіндегі әдеттегі қҧқықтардан ӛзгеше туындамаса, шарт
жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шарт ӛзгертілген кезде
тараптардың міндеттемелері
ӛзгертілген тҥрінде қолданыла береді. Шартты бҧзу кезінде
тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.