А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет49/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

 
Меншік қҧқығы
 
– дегеніміз де субьектінің заң қҧжаттары 
арқылы танылатын және қорғалатын ӛзіне тиесілі мҥлікті ӛз 
қалауынша және ӛз мҥддесіне оған қатысты заңға қайшы 
келмейтін кез келген әрекетті жасау арқылы иелену, пайдалану 
және оған билік ету қҧқығы, сонымен қатар ол қҧқықты жҥзеге 
асыру барысында басқа тҧлғалардың заңмен қорғалатын 
қҧқықтары мен заңды мҥдделеріне нҧқсан келтірілмеуі қажет, әрі 
оның шарушылық билік аумағына ҥшінші тҧлғалардың 
араласуына жол берілмеушілік жағдайлары да қарастырылады. 
Меншік 
қҧқығының 
мазмҧнын 
ҥштіктен 
тҧратын 
қҧзыреттермен, яғни иелену, пайдалану және билік ету 
қҧқықтарымен ашылады. Мҥлікке қатысты меншік иелерінің 
иелену, пайдалану және билік ету қҧзыреттері ҚР АК-нің 212-213-
баптарында анықталған. 
Иелену қҧқығы дегеніміз мҥлікті іс жҥзінде иеленуді заң 
жҥзінде қамтамасыз ету. Осылайша иелену қҧқығының заңды 
тҥрде анықтамасы қҧрастырылған (ҚР АК-нің 188-б. 2-т.) ҚР АК-
де сондай-ақ ТМД елдерінің заңнамаларында иелену негізінен 
меншік қҧқығының мазмҧнының элементі ретінде қарастырылады. 
Алайда, континенталдық қҧқықтың бір қатар қҧқықтық 
жҥйелерінде иелену (possessio) әрқашанда тікелей меншікпен 
байланыстырылған емес. Мысалы, Рим қҧқығының қайнар 


121 
кӛздерінде меншік иесінің қҧзырында мҥлікке тек пайдалану және 
билік ету қҧқықтары ғана аталған.
Азаматтық қҧқық бойынша сӛздік те иелену тҥсінігі келесідей 
анықталады: Иелену (ағыл. оwnership, possession) – иеленушіге 
затқа тікелей әсер ету мҥмкіндігін қалыптастыратын, яғни затты іс 
жҥзінде иелену. Затты (мҥлікті) иелену қҧқық субъектісіне (азамат 
немесе заңды тҧлға) заңмен бекітілген-меншік иесінің бірден-бір 
қҧзыры. Заңды (титулды) иеленуші болып, заттың (мҥліктің) 
меншік иесі де, сонымен қатар, мҥлікті жалдау шарты бойынша 
жалға алушы (арендатор), мҥлікті тегін пайдалану шарты бойынша 
мҥлік берілген тҧлға, кепіл ҧстаушы, сеніп тапсырған жҥкті 
тасымалдаушы, мҥлікті сақтаушы, комиссионер және басқалары 
болуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет