А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


міндеттемелік-қҧқықтық әдіс-



Pdf көрінісі
бет57/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

міндеттемелік-қҧқықтық әдіс-
тәсілдер
қалыптастырады. Олардың қатарына, мысалы, меншік 
иесіне келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап, негізсіз 


126 
алынған немесе жойылған мҥлікті қайтару туралы талап, шарт 
бойынша пайдалануға берілген мҥлікті қайтару туралы талап және 
т.б. жатқызылады. Олардың барлығына тән сипат, олардан 
шығатын талап меншік қҧқығынан шықпайды, ал басқа қҧқықтық 
институттарға және сол институттарға сәйкес субъективті 
қҧқықтарға негізделеді. Мысалы, егер, меншік иесі ӛзіне тиесілі 
мҥлікті жалға беретін болса, одан шарт мерзімі аяқталғаннан кейін 
жалға алушы мҥлікті қайтарудан жалтаратын болса, меншік 
иесінің қҧқықтары меншік қҧқығы туралы нормалармен емес, ал 
шарттық қҧқық нормаларымен қорғалады. Басқаша айтқанда, 
міндеттемелік-қҧқықтық әдіс-тәсілдер меншік қҧқығын тікелей 
емес, тек тҥпкі есебіне қорғайды. Кӛптеген жағдайларда, мысалы, 
зат жойылып кетсе, онда оған меншік қҧқығы да тоқтатылады, 
мҧндай да аталмыш әдіс-тәсілдер меншік қҧқығын қорғауға емес, 
ал меншік иесінің мҥліктік мҥдделерін қорғауға бағытталады.
Меншік қҧқығын қорғаудың азаматтық-қҧқықтық қорғаудың 
әдіс-тәсілдерінің ҥшінші тобын заттық-қҧқықтық әдіс-тәсілдерге 
де , міндеттемелік-қҧқықтық әдіс-тәсілдерге де жатпайтын, бірақ 
азаматтық қҧқықтың әртҥрлі институттарынан туындайтын әдіс-
тәсілдер қалыптастырады.
Сонымен, ерекше, тӛртінші топқа заңда кӛзделген негіздер 
бойынша меншік қҧқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесінің 
мҥдделерін қорғауға бағытталған азаматтық-қҧқықтық әдіс-
тәсілдерді жатқызуға болады. Оларға, кӛбінесе, мемлекеттік 
органдардың меншік иесінің немесе ӛзге де иелердің қҧқықтарын 
бҧзатын, заңға сәйкес келмейтін актілер шығару барысында 
меншік қҧқығын қорғау туралы талаптарды жатқызуға болады. 
Қорғаудың азаматтық-қҧқықтық әдіс-тәсілдерінің аталмыш 
тобына сонымен қатар, кӛпшілік (қоғамдық) мҥдделерді жҥзеге 
асыру ҥшін мемлекетпен меншік иесінен қҧқықты, заңды негізде 
мәжбҥрлі тҥрде алу барысында мҥліктің меншік иесінің 
мҥдделерін қорғау туралы талап кіргізіледі. Кӛпшілік (қоғамдық) 
мҥдделерді жҥзеге асыру ҥшін мемлекетпен меншік иесінен 
қҧқықты, заңды негізде мәжбҥрлі тҥрде алу барысында мҥліктің 
меншік иесінің мҥдделерін қорғау туралы талаптың пәні заттық 
қҧқық иесіне келтірілген зиянның кӛлемі мен оның орнын 


127 
толтырудың тәртібі болып табылады. Келтірілген зиянның орнын 
толтыру 
меншік 
қҧқығын 
қорғаудың 
әдіс-тәсіліне 
жатқызылмайды, ал дара анықталған заттың жойылуына және 
сәйкес қҧқықтың тоқтатылуына әкеп соққан, меншік иесіне 
келтірілген зиян ҥшін қолданылатын азаматтық жауапкершілік 
шарасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет