А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік қҧқық: тҥсінігі



Pdf көрінісі
бет58/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

4. Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік қҧқық: тҥсінігі, 
пайда болу негіздері және орындалу қағидалары 
Экономикалық айналымдағы қатынастарды қҧқықтық реттеу 
нәтижесінде олар қҧқықтық нысанға иеленеді және міндеттемелік 
қҧқықтық 
қатынастарға 
айналады. 
Азаматтық 
қҧқықта 
міндеттемелік қҧқықтық қатынастарды міндеттмелер деп атау 
қалыптасқан.
Міндеттеме – 
бҧл салыстырмалы қҧқықтық қатынас, оған 
сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) 
пайдасына мҥлік беру, жҧмыс орындау, ақша тӛлеу және т.б. 
сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет 
жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден ӛз 
міндеттерін орындауын талап етуге қҧқылы.
Міндеттеме меншіктік қҧқықтық қатынастармен (заттық 
қҧқықтық қатынастармен) тығыз байланыста және шынайы ӛмірде 
олардың ӛзара қатынасы әр қашанда байқалады. Меншік иесінің 
билік ету қҧқығын жҥзеге асыруы міндеттмелік қҧқықтық 
қатынастың пайда болуына әкеледі, ал міндеттемелерді орындау 
ӛмірде кӛбінесе, меншіктік қҧқықтық қатынастарды туындатады. 
Мысалы, меншік иесі билік ету қҧқығын жҥзеге асыра отырып, 
сатып алу-сату шартын жасасады, одан меншік иесі (сатушы) мен 
сатып алушының арасында міндеттеме пайда болады. Сатып 
алушы міндеттеме бойынша сатушыдан затты ала отырып, оның 
меншік иесі болады және меншіктік қҧқықтық қатынас 
қатысушысы және т.б. болады. Сонымен қоса меншіктік қҧқықтық 
қатынас (заттық қҧқықтық қатынас) пен міндеттеменің арасында 


128 
айтарлықтай маңызды айырмашылықтар бар. Меншіктік қҧқықтық 
қатынастар 
(заттық 
қҧқықтық 
қатынастар) 
материалдық 
қҧндылықтарға ие болу ҥрдісін дәріптейді және соның арқасында 
шексіз сипатқа ие болады. Ал міндеттеме материалдық 
қҧндылықтардың бір тҧлғадан екінші тҧлғаға ӛту ҥрдісін 
дәріптейді және сондықтан әр қашанда қатаң анықталған 
тҧлғалардың арасында орнайды, яғни салыстырмалы сипатқа ие 
болады. Міндеттеме онда тарап ретінде қатыспайтын тҧлғалар 
(ҥшінші тҧлғалар) ҥшін міндеттер туғызбайды (АК 270-б. 3-т.). 
Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесі нақты сатып алушы мен 
сатушының арасында туындайды. Тек заңмен, ӛзге де қҧқықтық 
актілермен және тараптардың келісімімен кӛзделген жағдайда ғана 
міндеттеменің бір немесе екі тарабына қатысты ҥшінші тҧлғада 
міндеттеме туындауы мҥмкін.
Кез келген қҧқықтық қатынастағыдай, міндеттемедеде екі 
тарап қатысады: қҧқылы және міндетті тарап. Материалдық 
қҧндылықтардың 
жҥруі 
белесенді 
әрекеттерсіз 
мҥмкін 
болмағандықтан, міндеттмелік қҧқықтық қатынастағы қҧқылы 
тарап міндетті тараптан қанда да бір әрекетті жасауды талап ету 
қҧқығына иеленген. Ӛз кезегінде, міндеттемелік қҧқықтық 
қатынаста міндетті тарапқа осы әрекеттерді жҥзеге асыру міндеті 
жҥктелген. Мысалы, жалға алу міндеттемесінде жалға беруші 
жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін жалға берілген мҥлікті 
қайтаруды талап етуге қҧқылы, ал жалға алушы осы мерзімде 
жалға алған мҥлікті қайтаруға міндетті. Міндеттемеде қҧқылы 
тҧлғаға тиесілі субъективті қҧқықты талап ету қҧқығы деп атау 
қабылданған, ал қҧқылы тҧлға несие беруші деп аталады. 
Міндеттемеде міндетті тарап борышкер деп аталады, ал оған 
жҥктелген міндет- борыш деп аталады. Егер міндеттемеде әрбір 
тарап екінші тарапқа қатысты міндет атқарса, оның пайдасына 
атқару міндетіне қарай борышкер болады және бір мезетте одан 
талап ету қҧқығына орай несие берушіде болады. Мысалы, сатып 
алу-сату міндеттемесінде сатушы сатып алушының алдында 
борышкер болып табылады, себебі оған сатылған мҥлікті беруге 
міндетті және сол уақытта ол сатып алушының несие берушісі 
ретінде тҥседі, себебі ол сатып алушыдан сатылған мҥліктің сатып 


129 
алу қҧнын тӛлеуді талап етуге қҧқылы.
Несие берушінің талап ету қҧқығы және борышкердің 
берешегі міндеттемелік қҧқықтық қатынастың заңдық мазмҧнын 
қалыптастырады. Міндеттеменің объектісі ретінде борышкердің 
әрекеті тҥседі. Мысалы, мердігерлік жҧмыстарды атқару және 
оларды тапсырыс берушіге ӛткізу барысындағы мердігердің 
әрекеттері мердігерлік міндеттеменің объектісін қалыптастырады.
Пайда болу негіздеріне қарай барлық міндеттемелер: шарттық 
және шарттан тыс міндеттемелер болып екі тҥрге бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет