А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет59/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Шарттық міндеттемелер
шарт жасасу негізінде пайда болады, ал 
шарттан тыс міндеттемелер
ӛзінің
 
пайда болу негіздеріне басқа 
заңды деректерді салады. Барлық міндеттемелерді екі тҥрге 
бӛлудің маңызы мынада, яғни шарттық міндеттемелердің мазмҧны 
тек қана заңмен емес, сонымен қатар міндеттемеге қатысушы 
тҧлғалардың келісімімен де анықталады. Шарттан тыс 
міндеттемелердің мазмҧны тек қана заңға немесе заң және 
міндеттеме тараптарының бірінің ғана еркіне ғана байланысты 
болады. Шарттық міндеттемелердің заңдық ортақтылығы барлық 
кӛптеген және кӛп қырлы шарттарға тең дәрежеде, ортақ 
қҧқықтық нормалардың маңызды бӛлігін белгілеуге мҥмкіндік 
береді. Осы қҧқықтық нормалардың жиынтығы шарттық қҧқық 
институтының жалпы бӛлімін қалыптастырады.
Жекелген топтарға кіретін міндеттемелер оларды біріктіретін 
ортақ 
белгілермен 
қатар 
әртҥрлі 
айырмашылықтармен 
сипатталады. Экономикалық мазмҧнына байланысты бір топтың 
ішінде міндеттеменің жекелеген тҥрлері ажыратылады. Мысалы, 
жҧмыстарды орындау бойынша міндеттемелер тобына мердігерлік 
міндеттемесі, тҧрмыстық мердігерлік, қҧрылыс мердігерлігі, 
жобалау және іздестіру жҧмыстарына мердігерлік және т.б. кіреді.
Міндеттемелердің жекелеген тҥрлері ӛз кезегінде әртҥрлі 
нысандарда тҥсуі немес әртҥрлі тҥр тармақтарға бӛлінуі мҥмкін. 
Міндеттемелерді 
жекелеген 
нысандар 
бойынша 
жіктеу 
міндеттемелік қҧқықтық қатынастың бір тҥрінің шегінде, олардың 
кӛрініс табуы ерекше арнайы нысанға ие болғанда орын алады. 
Мысалы, бӛлшектеп сатып алу-сату: несиеге сатып алу-сату, 
ҥлгілер бойынша, алдын ала тапсырыс бойынша, ӛз-ӛзіне қызмет 


130 
кӛрсету тәртібі негізінде сатып алу-сату, сәлемдеме арқылы сатып 
алу-сату және т.б нысандарда болуы мҥмкін. Міндеттеменің нақты 
тҥрі, сондай-ақ, әртҥрлі тҥр тармақтар ретінде кӛрсетілуі мҥмкін, 
егер осы тҥр аясында арнайы ерекшеліктер міндеттемелік 
қҧқықтық қатынастың мазмҧнына айналса. Міндеттеменің сол бір 
тҥрінің ішінде, мысалы, -кӛлік қҧралдарын жалдау міндеттемесі – 
оның екі тҥр: кӛлік қҧралын экипажымен жалдау және кӛлік 
қҧралын экипажынсыз жалдау тармағын ажыратады. 
Кез келген азаматтық қҧқықтық қатынастар сияқты, 
міндеттемелерде міндеттемелердің пайда болу негіздері деп 
аталатын белгілі бір заңды деректердің негізінде пайда болады. 
Міндеттемелік қҧқықтық қатынастардың негізінде ең әртҥрлі 
заңды деректер жатуы мҥмкін. Сонымен бірге міндеттемелердің 
мҥмкін болатын пайда болу негіздері ішінде заңнама шартты 
айрықша ерекшелейді. Бҧл кездейсоқ емес. Міндеттеме қатаң 
анықталған тҧлғалардың арасында орнайды. Сондықтан да 
кӛбінесе міндеттемелік қҧқықтық қатынастар шартта кӛрініс 
тапқан, 
оған 
қатысушы 
тҧлғалардың 
еркі 
бойынша 
орнатылатындығы толығымен орынды жайт. Міндеттемелердің 
осылай қалыптасу әдісі экономикалық айналымның даму 
қажеттіліктеріне әбден сәйкес келеді. Осының арқасында біздің 
қоғамда әрекет ететін кӛптеген міндеттемелер шарттық типке 
жатқызылады.
Міндеттеменің пайда болуына негіз ретінде әртҥрлі шарттар 
қарастырылуы мҥмкін. Мысалы, ҚР АК сатып алу-сату, айырбас, 
рента, мҥлік жалдау, тҧрғын ҥйді жалдау, мердігерлік, тасымалдау, 
сақтандыру, тапсырма, комиссия, сақтау және т.б. шарттардың 
жасалу мҥмкіндігін қарастырады. Шарттың кӛптеген тҥрлері, 
сондай-ақ заңға бағынышты нормативтік актілермен де 
қарастырылған.
Шарттармен қатар міндеттемелердің пайда болу негізі ретінде 
бір жақты мәмілелер қарастырылуы мҥмкін. Мҧндай жағдайларда 
азаматтық қҧқық субъектісі бір жақты ерік білдіру жолымен ӛзінің 
субъективті қҧқығына билік жҥргізеді немесе ӛзіне субъективті 
міндет 
жҥктейді, 
осы 
орайда 
міндеттемелік 
қҧқықтық 
қатынастарға басқа тарапқа сәйкес субъективті қҧқық береді. 


131 
Осындай бір жақты мәмілелердің қатарына заңмен қарастырылған, 
сонымен қатар заңмен қарастырылмаған, бірақ оған қайшы 
келмейтін мәмілелер жатқызылады.
Міндеттемелердің пайда болу негіздерінің қатарына 
шарттармен қатар бір жақты мәмілелерді кірістіру азаматтық 
заңнаманың негізгі бастамаларына қайшы келмейді. Шарттармен 
қатар олар тауар-ақша қатынастарының қатысушыларына қажетті 
тәуелсіздік пен дербестікті заңдық қамтамасыз етуге мҥмкіндік 
береді.
Міндеттемелердің пайда болуына сонымен қатар, әкімшілік 
актілерде негіз болуы мҥмкін. Осы орайда әкімшілік актіден 
туындаған міндеттеменің мазмҧны осы актімен анықталады. 
Әкімшілік актілерді азаматтық қҧқықтың ҥлкен қоймасына енгізу 
кӛп жағдайда біздің экономикамызға ҧзақ уақыт кезеңі 
аралығында енгізілген басқарудың әкімшілік әдістерімен 
негізделеді. Дегенмен, тіпті, командалық-әкімшілік жҥйенің билігі 
жҥрген кезеңде де міндеттемелердің тікелей әкімшілік актілерден 
туындау жағдайлары ӛте сирек кездескен болатын. Осы кезеңге 
тектес кӛп кездескен әкімшілік актіден туындаған міндеттемеге 
мысал, тауар жеткізушілердің экспорттық бірлестігімен берілетін, 
тапсырыс – наряд негізінде пайда болатын, экспортқа тауар 
жеткізілім міндеттемесі болып табылады.
Әрекет 
етуші 
азаматтық 
заңнама 
міндеттемелердің 
орындалуының екі: тиісінше, орындалу қағидасы және нақты 
орындалу қағидасын қарастырады.
ҚР 
АК 
272-бапта 
кӛзделген, 
азаматтық-қҧқықтық 
міндеттемені тиісінше орындау – бҧл сәйкес міндеттеменің 
мазмҧнын анықтайтын заң мен шарт ережелерінің талаптарын 
толық сақтай отырып, борышкердің іс әрекет жасауы. 
Міндеттемені тиісінше, орындау қағидасы міндеттеме тиісті 
субъектілермен, тиісті жерде, тиісті белгіленген мерзімде, тиісті 
пәнде және тиісті тҥрде орындалу керек дегенді білдіреді.
Нақты орындау қағидасы АК 396-бапта бекітілген және 
жалпы тәртіп ретінде міндеттемені табиғи тҥрінде орындау міндеті 
жҥктеледі, 
яғни 
борышкер 
міндеттеменің 
мазмҧнын 
қалыптастыратын іс әрекетті зиянның орнын толтыру және айып 


132 
тӛлеу тҥріндегі ақшалай эквивалентке ауыстырмай нақты сол іс-
әркетті жҥзеге асыруы.
Міндеттемені орындау бойынша борышкердің іс-әрекет жасау 
тәртібі оны орындау тәсілі деп аталады. Егер міндеттеме 
шарттарында, заңдарда ӛзгеше белгіленбесе немесе іскерлік 
қызмет ӛрісіндегі әдеттегі қҧқықтардан немесе міндеттеме мәнінен 
ӛзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бӛлшектеп 
орындауды қабылдамауға қҧқылы.
Борышкердің 
міндеттемені 
орындау 
міндеті 
жҥзеге 
асырылатын географиялық мекен, міндеттеме орындалатын жер 
деп аталады.
Жалпы тәртіп бойынша міндеттеменің орындалу жері заңмен 
немесе тараптардың келісімімен анықталады, бҧл міндеттеменің 
орындалуы жҥзеге асырылуы мҥмкін жер, ол қолданылуға тиісті 
жеткізілім бойынша шығындарды бӛлуге және т.б. әсер етеді.
Міндеттемені орындау мерзімі заңмен, міндеттеменің пайда 
болу негізімен немесе оның мәнімен анықталады. Міндеттемелер 
орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер және орындалу 
мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемелер болып 
бӛлінеді.
Егер міндеттемеде ол орындалатын кҥн немесе ол орындалуға 
тиісті уақыт кезеңі кӛзделсе немесе анықтауға мҥмкіндік берсе, 
онда мҧндай міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған 
міндеттемелерге жатады.
Мҧндай міндеттеме міндеттемеде кӛзделген сол кҥні немесе 
тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс.
Міндеттемеде ол орындалатын мерзім кӛзделмесе және бҧл 
мерзімді анықтауға мҥмкіндік беретін шарттар болмаса, ол 
міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде 
орындалуға тиіс.
Орындалу 
мерзімі 
туралы 
шарттар 
кӛзделмеген 
міндеттемелер, несие беруші оның орындалуын талап еткен 
кҥннен бастап жеті кҥн мерзімде орындауға міндетті.
Белгіленген мерзімде міндеттемені орындамаған жағдайда 
міндеттеменің бҧзылуы пайда болады, оны мерзімнің ӛткізілуі деп 
атайды. Мерзімді ӛткізіп алуды борышкер де, несие беруші де


133 
жасауы мҥмкін. Борышкердің мерзімді ӛткізіп алуы, яғни 
міндеттемені белгіленген мерзімде орындамауы, ол борышкерге 
мерзімді ӛткізіп алуына байланысты несие берушіге келтірілген 
шығынды ӛтеу міндеттілігін жҥктейді.
Міндеттемені орындау айып тӛлету, кепіл, аманат, кепілдік, 
кепілпҧлмен, 
сондай-ақ, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасымен кӛзделген ӛзге де әдістермен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет