А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет55/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Виндикациялық талап 
(лат. 
vim dicere-
кҥш қолдану туралы 
жариялау) дегеніміз меншік иесінің ӛзгенің заңсыз иеленген ӛз 
мҥлкін табиғи тҥрінде қайтару туралы шарттан тыс талабын 
білдіреді. Әркет етуші заңнамаға сәйкес, виндикациялық талапты 
қою ҥшін сондай-ақ бір қатар шарттардың болуы қажет:
1.Меншік иесі, оның иеленуінен шығып кеткен ӛз мҥлкіне 
нақты билік жҥргізуден айырылуы қажет. Егер мҥлік меншік 
иесінде болса, бірақ оның қҧқығын біреу даулап жатса немесе осы 
мҥлікті пайдалануға немесе билік етуге қандай да бір кедергі 
келтіріп жатса, онда қорғаудың басқа әдіс-тәсілдері қолданылады, 
кӛбінесе, меншік қҧқығын тану туралы талап немесе иеленуден 
айыруға байланысы жоқ бҧзуларды жою талабы қолданылады;
2. Меншік иесі айырылған мҥлік табиғи тҥрінде сақталуы 
қажет және басқа тҧлғаның нақты иелігінде болуы керек. Егер 
мҥлік заңсыз иеленушімен жойылса, қайта ӛңделсе немесе 
тҧтынылса, онда оған деген меншік қҧқығы жалпы тоқтатылады. 
Мҧндай жағдайда меншік иесі ӛзінің тек мҥліктік қҧқықтарын 
қорғау қҧқығына ғана ие болады, оған кӛбінесе зиян келтіру 
туралы талап немесе заңсыз баюдан талап кӛмегімен қорғана 
алады; 
3. Тек дара анықталған мҥлікті ғана виндикациялауға болады, 
ол меншік иесіне оның иелігінен шығып кеткен, нақты сол мҥлікті 
ғана қайтаруға бағытталған, аталмыш талаптың мәнінен шығады. 
4. Виндикациялық талап шарттан тыс сипатқа ие және шексіз 
субъективті қҧқық ретінде меншік қҧқығын қорғайды. Егер де 
меншік иесі мен мҥлікті нақты иеленуші ӛзара шартпен немесе 
даулы 
затқа 
қатысты 
ӛзгеде 
міндеттемелік 
қҧқықтық 
қатынастармен байланыста болса, онда даулы зат тек сәйкес 


125 
шарттық талаптың кӛмегімен ғана табылуы мҥмкін.
Мҥлікті ӛзгенің заңсыз иеленуінен талап етумен қатар меншік 
иесі (иегер) ҚР АК-не сәйкес, оның қҧқықтарын бҧзудың кез 
келгенін жоюды талап ете алады, алайда, ол бҧзулар иеленуден 
айыруға байланысы жоқ болса да. Мҧндай қҧқық оған негаторлық 
талап арқылы қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет